Діни сенім бостандығы туралы түсінік

 

Тақырыбы:   «Діни сенім бостандығы туралы түсінік»

 

Футбол ойыны

  1. 4 немесе 2 топқа бөлу;
  2. Топ лидерін сайлау, оқушыларды бағалау;
  3. Топ бойынша сұрақтар беру арқылы, топтар гол (дұрыс жауабы) соғады.
  4. 2 топ мүшелері жеке-жеке сұрақ береді.

 

Сұрақтары:

  1. Діни сенім бостандығы туралыы заң қашан қабылданды? /1992 ж. 15 қаңтар/
  2. Бұл заң азаматтардың қандай құқықтарына кепілдік береді? /азаматтардың діни-сенім бостандығы/
  3. Бұл заңның мақсаты немен шектеледі? /азаматтардың өмір сүруі, денсаулық қауіпсіздігі, имандылық бостандықтарын қорғайды/
  4. Құдайға құлшылық етуге, дұға оқу және діни жиналыстарға арналған объект қалай аталады? /ғибадат үйі - ғимарат/
  5. Діни сенімді діни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау, тарату қалай аталады? /миссионерлік қызмет/
  6. ҚР-ның заңнамасына сәйкес қандай жағдайларға жол берілмейді? /азаматтығы жоқ адамдарға құдайға құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге қатысуға немесе қатыспауға күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді/
  7. ҚР-ның азаматтары дінге көзқарастарына байланысты жауаптылығы қандай? /экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени өмірде заң алдында бірдей жауапты/
  8. Адамдардың діни сенімдеріне байланысты азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қақысы бар ма? /заңда көзделген жағдайларды қоспағанда ешкімнің қақысы жоқ/
  9. Мемлекет алдында заңнамаға сәйкес барлық діндер мен бірлестіктер бірдей, осыған сәйкес мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырады ма? /жоқ, ешбір дін, діни бірлестіктер ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды және мемлекеттік қызметтер атқарылмайды/
  10. Дін ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар, діни бірлестіктер арасында мемлекеттің атқаратын қызметі қандай? /өзара төзімділік пен құрметтілік қатынастарын орнықтыруға жәрдемдеседі/
  11. Заңға сәйкес қандай діни бірлестіктерге жол берілмейді? /белгіленген тәртіппен тіркелмеген діни бірлестіктер қызметіне және зорлық-зомбылықты, діни өшпенділікті насихаттайтын бірлестік құруға тыйым салынады/
  12. Республикада білім беру мен тәрбиелеу мемлекеттік жүйесінде дін қандай сипатта? /рухани сипатта/

 

 

Күні: 7.05.2012

Тақырыбы:   «Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай»

«Не? Қашан? Қалай?»

  1. Ислам, христиан, буддизм, иудаизм, дәстүрлі емес діни культтар Қазақстандағы нені құрайды? /Қазақстандағы негізгі конфессиялар/
  2. Конфессияаралық келісім, толеранттылық құндылықтар не үшін пайдаланылады? /әлемдік дәстүрлік діндердің өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін/
  3. Елімізде қандай діндер дәстүрлі болып табылады? /ислам, православиелік христиан/
  4. Құдай, адамның сенімі туралы, жалпы адамгершілік принциптерді негізге алып, біраз өзгертулер кіргізіп, пайда болған жаңа ілімдер қалай аталады? /дәстүрден тыс ағымдар/
  5. Дәстүрлі емес ағымдарда миссионерлердің қолданылатын әдісі қалай аталады? /психотехника/
  6. Жанұяда бала тәрбиесінде қандай құндылықтарды қалыптастырғаны абзал? /ұлттық дәстүр, мәдениет, ауыз әдебиет үлгілері, діни наным-сенімдер туралы әңгімелерді айту/
  7. Саны жағынан еліміздегі ең көп таралған дін? /ислам - 70%, 10 млн./
  8. Христиан діні бағыттарының Қазақстандағы үлесі қандай? /православиелік – 28%, католиктік – 1% , протестанттық – 0,5%/

 

 

«Конфессия» сөзжұмбағы

Сөзжұмбақ

 

 

 

Ш

і

р

к

е

у

 

к

а

т

о

л

и

к

 

д

і

н

т

а

н

у

 

 

 

 

 

 

К

о

н

ф

у

ц

и

й

 

 

 

 

 

т

о

л

е

р

а

н

т

т

ы

л

ы

қ

и

с

л

а

м

 

 

с

е

к

т

а

м

и

с

с

и

о

н

е

р

л

і

к

 

Я

с

с

а

у

и

 

 

  1. Христиан дінінің ұстанған адамдарының ғибадат үйі .
  2. Христиан дінінің қай бағытын Рим папасы ұстанады?
  3. Дін туралы мағлұмат беретін, жалпы білім беретін мектептегі пән?
  4. Кішіпейілділікке, қанағатшылыққа үйрететін ілімінің ежелгі Қытай елінің авторы кім?
  5. Төзімдік, шыдамдылық сөзінің баламасы
  6. Мұхаммед пайғамбар негізін қалаған дін
  7. Діни өшпенділікті өршітетін уағыздаушы ұйым
  8. Діни ағартушы шетел азаматтарын таратушы кім деп атайды?
  9. Исламның сопылық бағыттың насихаттаушы ғалым

 

Күні: 14.05.2012

Тақырыбы:    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен конфессияаралық

келісім орнату саласындағы саясаты

 

ФОРУМ

2003 жыл

Алғашқы форум. Лаңкестік әрекеттен кейін әлемге аты шулы «Өркениеттер қақтығысы» дейтін алғашқы форум шақырылды.

2006 жыл

Бейбітшілік және келісім мәдениетін нығайту жөнінде шаралар қабылдануына ІІ съезд өткізілді.

2009 жыл

Діндер мен мәдениеттерді жақындастыруға халықтар өркениеті арасында үнқатысуды дамыту. 35 мемлекеттен 77 делегат қатысты.

 

«Діндер үнқатысуы және азамат тағдыры» - пікір алмасу

 

  • 2009 ж. ІІІ съезд не себептен шақырылды? /Сенің көзқарасың .../
  • Елімізде қанша әлемдік діндер бар? Олардың пайыздық үлесін көрсет.
  • Басқа ұлттардың дініне деген сенің көзқарасың ...

 

Ой толғау – «Дінге сенген халықтың діңгегі мықты»

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

- Дін тұтастығы – елдің тұтастығы, діни алауыздық, ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады. Көп ұлтты еліміздің дінін, тілін, ділін, мәдениетін сыйлауға тиістіміз.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив