Жеткіншекті жетелейтін имани жол

Жеткіншекті жетелейтін имани жол Педагогикалық-психологиялық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуында жеткіншектік кезең ең қиын, әрі сыналатын және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын кезең болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа мәселелерді шешуі керек. Бала бұл мәселелерді өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологы және педагогтар жеткіншектерді жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет.

Олардың да назарынан тыс қалып немесе кейбір жеткіншектер олардың ақыл-кеңесіне салқын қарап,өз қалауымен мешіт-медіресені сағалайтын,пана тұтатын да жағдайлар кезігеді.Егер сол өлкедегі,ауылдағы діни қызметкерлер(имамдар мен молдалар) мектепте жүріліп жатқан имани-тәрбиелік іс-шараларға ұстаздардың қалауымен шамалы болса да қатысып,жас жеткіншектерге,олардың жүрегін толқытып,жан жылуын бағыттап,иман нұрын шаша жүретін болса,мешіт-медіресеге жас жеткіншектердің тартылуы,рухани байланыс жасауы табиғи құбылысқа айналады.Бұл жағдай ешкімді де таңғалдырмайды. Балалардағы әр жастың өзінше жақсы жақтары, қиындықтары мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да жасөспірім шақтың өзіндік ерекшелігі- бұл ең ұзақ және баланың физиологиялық өзгерістерге ұшырайтың кезең. Жасөспірім шақ-қыздар арасында 10-12 жастан 15-16 жасқа дейін, ал ұлдар арасында 12-14 жастан 17-18 жасқа дейін жалғасады. Баланың тез дамуына байланысты бүкіл ағзаның органдары және құрамдары физиологиялық және психологиялық өзгерістерге тап болады. Жасөспірімнің өз автономиясына күрес ашып, яғни, «мен үлкенмін» деп өзімен санасқанды қалайды. Өз құқықтарын айтып, ата-ананың бақылауынан шығуға қажет етуі және де осы кезеңде өзіндік-жеке қарым-қатынас негізгі қажеттілікке айналады. Қойылатын талаптардың көбі қарсылық реакциясына әкеледі, өйткені жасөспірім өзін үлкенмін деп сезінгенімен, қиындықтардан қашады, өзіне көңіл мен қолдау көрсеткенді қажет етеді.

Жеткіншектік өтпелі кезеңнің ең басты үрдісінің бірі – жеткіншектердің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншектер үшін үлкендермен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әр түрлі көрініс береді.Жасөспірімнің тағы бір ерекшеліктері эмоционалдық тұрақсыздық. Ұлдардың эмоционалдық тұрақсыздықтың шарықтау шегі 11-12 жасқа, ал қыздар 13-15 жасқа келеді. Әрине үлкен жасөспірім шақ кезінде баланың көңіл күйі, психологиялық реакциясы тұрақтайды, сонда да кей жағдайда тұрақсыздық көрінеді. Осы кезде жасөспірім өз-өзін тануға, өзін тәрбиелеуге, өмірді танып білуге, өзінің өмірлік компетенциясын жоғарлатуға дайын. Осы ерекшеліктер мен өзгешеліктерді бүгінгі кезеңде қажетті дәрежеде дін ұстап,имандылық жолында жүрген біздер:имамдар,қарилар,насихат ұстаздары,медіресе мұғалмдері толық игере алмай келеміз.Екінші жағынан,мектепте имандылық тәрбиесін беріп,ата-ана,мұғалімдер мен жалпы оқушыларға иман нұрын шашатын пән мұғалімдері;пситхолог,сынып жетекшісі,әлеуметтік ұстаздарда имани тәрбие берудің мазмұнын,амал-тәсілін игеруі де,заман талабына жете қойған жоқ.Екі тараптың осы жағдайынан болып,жас жеткіншектердің сұранысын,талабын қанағат-тандыра алмай жатқанымыз жасырын емес.Бірақ,талпыныс жоқ емес,құлшыныс бағытын қай жерде де,ауылда,қалада аңғаруға болады. Жеткіншектің бойышдағы және ойындағы өзгерістер мен мінезіндегі ауытқу өздеріне де сезіліп біліне бастайтын жағдайда болады.Ал,педагогтар мен психологтар оларға тұрақты бақылау жасап,зерттеу жүргізіп отырса болуға тиісті өзгерісті дер кезінде байқап көріп,жеткіншектерге қолұшын созып,көмегін аямайтыны белгілі.Егер өзі қандай бір өзгеріс нышанын сезе қалса,оны кімге айтып,кімнен көмек алып,кімге иек сүйейді?Бұрынғы шақта (педогог та,психолог та,сынып жетекшісі болмаған шақта)бұл мәселені қандай аумақта,кімдердің көмегіне жүгініп шешіп келді екен?Ал,бүгінгі шақта,мектептегі мамандар бар жеткіншектерге жете алып,олармен жеке-жеке жұмыстап,барлығына психологиялық-педагогикалық ақыл-кеңес беріп,осы шақтағы «дағдарыстан» жеткіншектерді жетелеп өткізе алып жүрміз бе?Тіптен,бір мектептегі осы жастағы күллі жеткіншекті зерттеп,бақылап олармен жеке жұмыстауға мектептің шама-шарқы,күш-қуаты жете ме,өзі? Мұндай нақты мәселелерге толыққанды жауапты әріптестерім берер.Ал,біздің мұндағы айтпағымыз,қандай бір жағдаймен жеткіншек шақтағы балалардың ортасынан мешіт пен медіресеге көңіл аударып,бетін бұрған жеткіншекке қалай көмектесу керек екенін өз тәжірибемізге сүйеніп пікір айтпақпыз. Бірінші.Мешіт медіресеге жас жеткіншек ешуақытта жайдан-жай келмейді.Оның көкейінде қандай бір сыр бар,арман бар...Тіпті,кейбірінде құпиялы қиял мен жұмбақты ой болады.

Сондықтан олармен ең әуелі жан-тартып,тілдесе алу керек.Әсіресе оларды аса құрметтеп,төрден орын беріп,мұқият тыңдай білу керек.Тыңдаудан жалықпау керек.(Оларды шын жүректен құрметтеп,ілтипат етпесең қайтып,ешқашан мұнда келмей кетеді!) Сөзін бөліп,сауал тастама. Түсініксіздеу баяндаса ,баяндау аяқталған соң;-Сенен,бір нәрсе сұрасам,бола ма,-деп анықтап ал7 Әрбір сөзің,қимыл-әрекетің,тыңдауың,сауалың шынайы да,орнықты болсын. Екінші.Берген ақыл-кеңесің өте қысқа,әрі жүрекке қонатындай имани болсын.Ең бастысы,саған көмектесе алатын Құдыреті күшті Аллаһ ғана.Жаратушыға жалынып,одан тілек тілеп,дұға оқып жүр!(Бір немесе екі ғана,жағдайына сай дұға жазып бер.Бұдан көп болмасын!)Өзің немесе өзге арқылы сырттай бақылау жаса.Егер жеткіншек,Аллақтан тілек тілеп,жалғыз рет болса да,жасырын жерде болса да,дұға қылса,қуана бер.Бұл жеткіншек сенің айтқаныңнан шықпайды,тәрбиелеуді дұрыс жалғастырсаң,ол ақ жолдан таймайтын адам болып шығатынына сене бер! Үшінші.Имани тәрбиенің тек діни ұғым ғана емес екенін,оның халықтық сипаты бар,ата-бабамыздан ұласқан,ана сүтімен жұғатын тәрбиенің жоғарғы сапалы түрі екенін ата-анаға,жалпақ жұртқа,барлық балаға мектепте болсын,отбасында болсын,қоғамдық ортада болсын жүрілуге тиіс екенін ұғындыру.Ортамызда имани деген соң діни білім беретін тәрбие деп шолақ түсінетін адамдар көп қой.Осыны үнемі ескерген жөн,Жеткіншекке имани бағыт сенің ата-бабаңнан бері жалғасқан,қаныңда бар,ғажайып тәрбие жолы,Сенің басыңдағы жағдай жас ерекшелігіңе,мінез бітісіңдегі уақытша ғана нәрсе ғой!Одан да айығасың.Орасан күнәға батып,ортаңнан орын таппай шектен шығып кеткен жан емессің ғой!Сенен нағыз азамат,тақуа мұсылман шығатынына менің сенімім зор.Сен үшін мен де,дұға қылып жүрмін.Аллаһ Тағала қабыл айласын!

Мұндай насихаттың барлық жерде жүретінін білемін.Алайда,жеткіншектерге арналып әдейі өткізілмейтіндігіне көңілім толмағандықтан,әрі насихаттың қажетті иесіне арналмайтындығына, көпке шашқан мол қазына иесін таппайтындығына көзім жеткендіктен арнайы белгіледім Жеткіншекті жетелейтін арнайы жол бар.Осымен жүрсек адасқандар мен ауытқағандар шықпауы тиіс.Мұнда ерікінділікті бетке ұстасақ,ауытқығаннан кейін,адасқаннан кейін тәрбиелеу мәжбүрлеусіз жүзеге аспайды.Жеткіншекті қадірлеп,төрге отырғызғанмен,төбеге шығаруға болмайды.Қазақ тәрбиелеу ілімінде: «Ата-анадан тыйым көрмеген жеткіншек,өмірден үнемі таяқ жейді»-деген қатал қағида бар екенін естен шығармайық. Бауыржан Әленұлы (Чернорецк ауыл мешітінің имамы) Өрік Қобдабайқызы (Чернорецк ауыл мектебі,бастауыш сынып мұғалімі) 30 қаңтар 2018

0 пікірлер

Пікір қалдыру