Ертегілер не деген ғаламат!

Мақсаты: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегі елінің кейіпкерлері арқылы балаларды адамгершілікке, эстетеикалық тәрбиеге үйрету, «Мәдени мұра» бағдарламасын қолдау, жүзеге асыру және насихаттау. Түрі: сахналық көрініс. ПУШКИННІҢ МҮСІНІ. Рольдегілер: Қыз бала – Балауса
Ұл бала – Дәуір
Кітап ханшайымы – Шынар
Пушкин – Мадияр
Саққұлақ – Нұрасыл
Тышқан – Әлішер
Мақта қыз – Айзат
Мысық – Дархан
Шал – Ербатыр

Мыстан кемпір – Нұрбибі
Дымбілмес- Жансерік және мен

Компьютердің алдында отырған ұл баланың қасынан кітап ұстаған қыз бала өтіп бара жатып, тоқтайды
Қыз бала(Балауса): Сен әлі компьютердің алдында отырсың ба?
Ұл бала(Дәуір): Саған қандай қатысы бар? Сен кітапханаға жиналдың ба?
Қыз бала: Дәл солай! Сен білсең ғой ол жақта қандай қызықтар барын. Мына компьютерде отыруды мен де жақсы көрем, бірақ кітап оқығанда өзгеше әсер аласың.
Ұл бала: Сенде айтасың – ау.
Қыз бала. Сенбесең менімен бірге жүр. Айтпақшы, бүгін кітап патшалығында қызықты кездесулерге толы саяхат болады. Сонда бәрін өз көзіңмен көресің.
Ұл бала (ойланып): сонда не көруге болады? Қызықты саяхаттау маған ұнайды.
Қыз бала: Онда тездетейік, әйтпесе бәрінен құр қаламыз.
Екеуі қоштасып шығып кетеді.Сахнаға кітап ханшайымы шығады.
Кітап ханшайымы (Шынар):
Армысыз, қайырымды аспан Ата!
Армысыз мейірімді Жер – Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
Бүгін мейрам,қуан, шаттан, алақай,
Қане, қане, біргеміз біз балақай!
Қайырлы таң, бәріңізге жарқын күн!
Шет атты елінен
Ақжал кенті жерінен
Әсем жырмен тербеткен,
Елдігімді әндеткен,
Біліктілікке шақырған,
Балалар кітап патшалығынан

Жалынды салем баршаға!
Тербетейік ән сала!
Біздің кездесуіміз сиқырлы болған соң көптеген қызықтар күтіп тұр. Ортамызда орыс халқының ақыны Александр Сергеевич Пушкин қонаққа келіп отыр. Қарсы алайық.
«Кітап ханшайымы» сиқырлы таяқшасымен ортада тұрған Пушкин мүсінін толық сипап өтеді.
Пушкин:
Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес.
Ел ізі оған салған сүю білмес,
Асқақтап Александр мұнарасынан
Жоғарғы ескерткішім шықты дербес
Жоқ өлмен-жаным тірі өлеңімде
Жаңғырад құрамайды денем мүлде
Жалғанның жарығында мен ардақты
Жаса жалғыз ақын керігі не! (Аударған Қ. Жармағамбетов)
Кітап ханшайымы: Сәлеметсіз бе?
Пушкин. Сәләмәтпыз! Мен бір тамаша кітаптар әлемін көріп тұрмын. Бірақ бұл қай мемлекеттің байлығы?
Кітап ханшайымы: Балалар, қонағымызға ол қай елге тап болғанын айтайық. (Қазақстан)
Пушкин: Керемет, балақайлар. Бұл ұлы Абай елі екен ғой. Ал, сіздер менің ертегілерімді білесіңдер ме?
Кітап ханшайымы: Әрине! Ал кәнеки балалар, Пушкиннің қандай ертегілерін білеміз?(Пушкин ертегілерін айтылады.) Балықшы мен балық
Алтын әтеш т.б
Пушкин:Жарайсыңдар! Менде ертегілерді өте қатты жақсы көремін.
Кітап ханшайымы: Ал, қазір қазақ елінің ертегілер әлеміне саяхатқа шығуға қалай қарайсыз? Біз осы сиқырлы елге аттанғалы жатырмыз.
Пушкин: Маған да бола ма?

Кітап ханшайымы: Әрине! Балалар қонағымызды өзімізбен бірге аламыз ғой? (ия)
Кітап ханшайымы , Пушкин. Ендеше сапарымыз сәтті болсын! Ғажайыптар әлемінде тек қана алға!
«Ертегілер елінде» әні орындалады.
Кітап ханшайымы, Пушкин қол ұстасып сахнаны айналып өтеді.
Әуен жай басталады, сахнаның бір шетінен оң және сол құлақтарын алма кезек жерге тосып жатқан Саққұлақ кездеседі.
Пушкин: Міне, ғажап! Сен кімсің?
Саққұлақ: Мана, оң құлағымды тосып жатып керемет бір жаңалықты естіп қалдым. Кітап ханшайымы, балғын бөбектер еліміздің қонағы орыс халқының ұлы ертекшісі Пушкинмен бірге ертегілер еліне саяхатқа шығыпты. Мен де олармен бірге саяхат жасағым келеді.Менен пайда болмаса, зияндық көрмейсіздер.
Кітап ханшайымы: Күткенің алдыңда тұр.
Саққұлақ: Міне керемет. Ал менің кім екенімді балалардан сұрайық. Балалар менің кім екенімді айтыңдаршы? («Ертөстік» ертегісінен Саққұлақ). Дұрыс, балалар жарайсыңдар» Жер астының атақты тыңшысымын, қандай жасырын әңгіме болса да тыңдап, біліп аламын, менде жасырын сыр болмайды. Алыстағаны, жақындағыны түгел естимін. Саққұлақ деген ер мен боламын.Ең жоғарғы жолдас мен болғым келеді (Кітап ханшайымына, Пушкинге қарайды.) Мен балаларға ертегі туралы сұрақтар алып келдім?
Кітап ханшайымы: Балалар, Саққұлақтың сұрақтарына дұрыс жауап берсеңдер бізбен бірге саяхатқа апарамыз. Ал сұрақтарын бізге ДЫМБІЛМЕС оқып берсін.
1. Ертегі дегеніміз не? (Ертегі дегеніміз – ауыз әдебиетінің бір түрі. Адамның қиялынан, ойынан шыққан туынды).
2. Ертегілердің неше түрі бар? (3түрі бар).
3. Соларды атаңдар? (Қиял-ғажайып ертегілер, Әдеби ертегі, Хайуанаттар туралы ертегілер).
(Сұрақтарға дұрыс жауап бергесін) Саққұлақты бірге аламыз ғой? Бізге серік болады (Ия!).
Пушкин: Ал, енді жолымызды әрі қарай жалғастырайық.
Үшеуі сахнаны айналып өтеді. Алдарынан Тышқан жүгіріп шығады.
Тышқан: Алақай, алақай! Күн сәулесін бірінші көрдім. Алақай! Менің тапқырлығымда шек жоқ.

Пушкин: Құттықтаймыз!Қуанышыңа ортақпыз. Бірақ мен тышқанның қуанышын түсінбедім.
Тышқан: Сонда мені қай ертегіден екенімді білмей тұрсыз ба? Мен бар әлемдегі айлакер тышқанмын.Өз бойыма сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн сәулесін бұрын көріп қалған тышқанмын. Ал, аңқау түйе бәрінен де құр қалған. Балалар мені таныдыңдар ма? Мен қай ертегіденмін? (Жыл басы) Дұрыс таптыңдар қазақтың есептеуінде жылдан үлкен мүшел деген бар. Мүшел 12 жыл болады. Сол жылдар 12 жануардың атымен аталады. Менің кім екенімді жақсы біледі екенсіңдер, мені өздеріңмен ала кетіңдерші. Менде саяхатқа шыққанды өте жақсы көремін. Бірақ та менің де сендерге қояр бір сұрағым бар?
Кітап ханшайымы: Балалар мүмкіндігінше, сенің сұрақтарыңа жауап берсең, ал біз сені қосамыз ба қоспаймыз ба ол жағын ойлана жатармыз. ДЫМБІЛМЕС тапсырмаларды оқып берші.
1. Кәнеки, балалар енді, осы 12 жылды кім атап береді? (Тышқан, сиыр. Барыс, . қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз).
Кітап ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, біздің саяхатымыз ғажайыптар әлеміне толы болмақ. Сен бізбен бірге жүруге дайынсың ба? Егер дайын болсаң нағыз жолдастан бас тартпаймыз. Балалар осыған келісесіңдер ме? (Ия)
Тыщқан: Әрине дайынмын! Мен нағыз тапқыр тышқанмын.
Сапар жалғасады. Төртеуі сахнаны айналады. Балалардың арасынан Мақта қыз бен мысық шығады.
Пушкин: Балалар, бізге кім келе жатқанын қараңдар!
Мақта Қыз:
Мен Мақта Қыз, үйді тазаладым,
Сен, мысық қайта – қайта мазаны алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығыңды жұлып ап жазаладым.
Мен де өз тапсырмаларымды балаларға арнап алып келдім. Дымбілмес оқи ғой сұрақтарды.
1. Мысық Мақта қыздың сүтін не себептен төкті? (Мейізді жеп қойғаны үшін)
Мысық:
Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығыңды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Менде қызық болсын деп сұрақтар дайындап әкелдім. Дымбілмес оқып берші?
1. Мысықтың құйрығын қайтарып алуына көмектескнедерді атаңдар? (Сиыр, ағашқа, суға, қыздарға, дүкенші, тауыққа, тышқанға. )
Кітап ханшайымы: Балалар кім екенін білдіңдер ме? ( Иә Мақта қыз бен мысық)
Ал сендер бұл ертегінің авторын білесіңдер ме? (Ы Алтынсарин.)
Кітап ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Олардың да сұрақтарына дұрыс жауап бердіңдер.Сондықтан сүрінбей өттіңдер. Саяхатымызды жалғастырамыз.Барлық кейіпкерлер сахнаны айналап өтеді. Алдарынан есек жетелеген шал шығады.Есекке сиқырлы қазан мен тоқтоқ артып алған.
Пушкин: Амансың ба? Ата!
Шал: Амансың ба,қарағым! Жолдарың болсын!
Кітап ханшайымы: Ата біз сонау орыс елінің ұлы ақыны А.С.Пушкинді біздің халқымыздың ертегілер елімен таныстырып саяхатта жүрміз.
Шал: Жарайсыңдар.Менде осы ертегі елінің кейіпкерінің бірімін. Қазбайдың өмірін сақтап қалып, мына сиқырлы заттарға ие болдым. Олар қазан, есек, тоқпақ. Балалар мені таныдыңдар ма? Ертегінің атын білесіңдер ме? (Ия «Ұр Тоқпақ!»).Менде тапсырма дайындадым балаларға. Дымбілмес оқып берші. Ұр Тоқпақтың ғажайып заттарын атаңдар? (ғажайып қазан, ғажайып есек оқытылған тоқпақ). Ой жарайсыңдар! Сенде бізбен бірге жүресің Кейіпкерлер сахнаны айналып өтеді.Саққұлақ құлағын алма кезек тосып тұрады.
Саққұлақ: Бір жағымсыз дауыс естіп тұрмын. Біздерді бір кедергі күтіп тұр. (Кенеттен сахнаға мыстан кемпір шығады).
Пушкин: Кедергілер кездесетінін сезіп түрмын.
Мыстан:
Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Су астынан шыға кеп,

Алқымыңнан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін,
Ертегілір ауылын.
Кітап ханшайымы: Мыстан кемпір ақылға кел, бізге кедергі жасама.
Мыстан: Сен қай ертегіден көрдің, Мыстаннан бостан бос құтылғанын? Кедергі жасамасам мыстан болам ба? Мен қазір сендерге өзімнің үш талабымды қоямын. Сол талабымды орфндасаңдар кедергі жасамаймын. Байқаймын, көрші орыс елінің өкілі бар екен қастарыңда. Бірінші талабымды тыңдаңдар. Осы көршілеріміздің ертегілер елінде менің серігім бар, ол кім? (Баба Яга). Жақсы, балалар бұл тамсырманы оңай таптыңдар. Келесі тапсырма, жұмбақ шешу ертегілер кейіпкерлерін атау.
Аптап ыстық кең даланы қуратқан
Егін күйіп,бұлақтарды сулатқан.
Сол кезде
Тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп, отанын қуантқан.
Ол кім? (Толағай)

Кіп-кішкентай ғана бойы бар,
Қысылғанда сөз тапқан
Қырық өтірік пе керегі?
Жаңылмай айтып береді. (Тазша бала)

Кедергі еткен масаға,
Адамдармен дос болып,

Тек жақсылық жасаған
Айыр еткен құйрығын,
Зұлым жылан тасада
Білесің бе қандай құс? (Қарлығаш)
Мыстан: Жарайды, бұны да шештіңдер.Оңай құтылып кеттіңдер Бірақ өз сөзіне тұрған қай Мыстанды көріп едіңдер? Мен сіздерді алдадым.
Шал. Бұл сұмдықты өзім тоқтатпасам болмайды. Балалар осы қай ертегі болмасын, жақсылықпен аяқталады. Біздің халық ертегілері қандай сөзбен аяқталады? (Сөйтіп өз мұратына жетеді. Одан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп мақсаттарына жетеді. Еліне қайтып мақсат-мұраттарына жетіпті).
Кітап ханшайымы: Дұрыс, балалар. Біз де мақсатымызға жетуіміз керек. Қәне, бәріміз сиқырлы Тоқпақты көмекке шақырайық.
Барлығы: «Ұр тоқпағым,ұр!»
Осы жерде шал тоқпағымен Мыстанды ұрып қуады.
Пушкин: Шынымен де, қай халықтың ертегісі болмасын, жамандықты жақсылық пен достық, ақыл мен еңбек, батылдық пен батырлық жеңеді. Сондықтан да балалар, тату-тәтті өмір сүрейік.
Шал: (Пушкинге қарап) Біздің халқымыздың біршама ертегілерінің кейіпкерлерімен таныс болдыңыз. Сендер барлығын жақсы білесіңдер, қазақ халқы өте қонақжай халық. Қазір де мен ертегілер әлемінің кейіпкерлеріне тәтті дәмділерден сыйлағым келеді. Қайдасың сиқырлы қазаным? Қазанын алып, «Піс қазанып піс» - деп, қазанына тәтті алып, барлығына таратады.
Құрметті Кітап ханшайымы, ертегілер еліне келген қонақтар –өкінішке орай сіздермен қоштасатын уақыт та жетті. Қайда жүрсеңдер де аман болып, тәуелсіз елдің мақтанышы мен қорғаны болыңдар!
Бәрі: Қош болыңдар «Кейіпкерлер сахнаны айналып шығып кетеді» (Ортада Кітап ханшайымы мен Пушкин калады)
Пушкин:Құрметті Кітап әлемінің иесі, қадірлі балалар, сіздермен бірге жүріп, бірталай ғажайыптар көріп,ұлы Абайдың ұрпағы білім мен біліктілікке құштар екеніне көзім жетті. Көп рахмет седерге!
Кітап ханшайымы: Орынды айттыңыз. Біздің балалардың кітапқұмарлығы зор.
Пушкин:Тамаша! Менің сендермен қоштасатын уақыт болып қалды. Қош сау болыңдар. Келесі кездескенше күн жақсы болсын! (Орнына барып тұрады)

Кітап ханшайымы: Пушкинды сиқырлы таяқшамен басынан аяғына дейін сипап өтеді.( Пушкин қайта мүсінге айналады)
Кітап ханшайымы: Менің де сіздермен қоштасатын уақытым жетті.
«Өлең болсын,
Ән болсын
Жаңылмастан жаттаймын.
Жақсы болып, Жас досым
Сеніміңді ақтаймын»-деп ақын Рақымжан ағамыз жырлағандай, кітаппен де дос болайық, ата-бабамыздың үмітін ақтайық!
«Ертегілер елінде» ән қосылады, Кітап ханшайымы баршамен қоштасып, сахнадан шығып кетеді.
Сахына ортасына қыз бала мен ұл бала шығады.
Қыз бала: Енді түсіндің бе, кітап оқығаның пайдасын?
Ұл бала: Рахмет саған. Расында да сенің айтқаның дұрыс екен.Компьютермен ойнаған әрине, қызық.Бірақ кітаппен әлдеқайда қызығырақ
.
Қорытынды:
Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен.
Ертегілер сенің арманыңды асқақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар.
Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырып қойдым. Сендер осы ертегілерді өздеріңе ұнағанын алып үйде оқуларыңа болады.


Ақжал негізгі мектебі
Ертегілер не деген ғаламат
Өткізген: Саденова А.А

2013-2014 оқу жылы

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив