«Lesson- Study» әдісімен сыныпты зерттеу

1-ші деңгей мұғалімі К.С. Тулегенова

Тақырыбы

«Lesson- Study» әдісімен сыныпты зерттеу

Мақсаты

Мұғалім іс тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып болып, табылатын «Lesson Study» әдісімен танысып, сол әдісті қолдану туралы түсініктері қалыптаса.

Күтілетін нәтиже

 «Lesson Study» әдісі туралы түсініктері  қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға  бағыт- бағдар алады, тәжірибеде қолдана алады.

Түйінді сөз

« Lesson Study» - сыныпты зерттеу

Ресурстар

Постерлер, маркер, стикерлер, тарапта парақтар, бейнежазба, интерактивті тақта, ноутбук, «Ғажайып ағашы» кері байланыс

Дерек көздер

Мұғалімге арналған нұсқаулық  (96-97 бет)                 Курс материалдары                                                                                                                                                 

Тапсырмалар

Топтық жұмыс. «Алма, гүл, жапырақ» тәсілі. Постер қорғау, бағалау, рефлекция

Бағалау

1.Мұғалімдер арасында   сенімділік  нығая түседі.

2.Мұғалімдер  өзара  шығармашылық топта «Lesson Study»  тәсілімен  жұмыс жасауды қарастыруға бағыт-бағдар алады.

 

Коучинг кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушының

 іс-әрекеті

Ресурс

Уақыт

(45 минут)

Сергіту, психологиялық дайындық сәті

«Амандасу» сергіту, психологиялық дайындық

Әр ұлттың амандасуы(қол беріп, иіліп, төс қағыстырып...)

Интерактивті тақта, музыка

4 минут

Топқа бөлу

Сандар арқылы топқа бөлемін.

Қатысушылар  сандар арқылы

3 топқа бөлінеді.

 

2 минут

Миға шабуыл

«О важности команды» бейнежазбаны көрсетемін.

Топ мүшелерінің жеке, жұппен, топпен түйіндеуін сұраймын.

Бейнежазбадан нені байқадыңыздар?

1.Бейнежазбаны көреді.

2.Топ мүшелері   жеке-жеке және топта ойларын  айтады.

 

Бейнежазба, интерактивті тақта.

1 минут

3 минут

 

 

     6 минут

«Lesson Study»  тарихына шолу

«Lesson Study»  тарихы туралы презентациямен таныстыру

Бейнежазбаны көреді.

 

Бейнежазба, интерактивті тақта.

2-3  мин

Топпен жұмыс

Тапсырмалар 

 

1.«Lesson Study»  әдісі  туралы мәтінді таратып, топпен жұмыс жасайтындары туралы айтып, берілген тқырып бойынша слайд жасап, қорғайтындығы жөнінде айтылады.

1топ. «Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? Lesson Study-ді жүргізу» тақырыбына слайд жасайды, қорғайды. 

2-топ. «Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау. Lesson Study-ді өткізу» тақырыбына слайд жасайды, қорғайды. 

3- топ. «Сабақтан кейінгі оқушылардың пікірін білу. «Lesson Study-ден кейінгі талқылау» тақырыбына слайд жасайды, қорғайды.

4-ші топ. «Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру»  тақырыбына слайд жасайды, қорғайды.

Әр топ бір-бірлеріне сұрақтар қойып, талдайды, бағалайды

 «Lesson Study»   туралы мәтін,

интерактивті тақта, ноутбук,

5  минут

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация көрсету

«Lesson Study әдісі» презентация көрсету

Топтар бірін-бірі бағалайды.

презентация

3 минут

Кері  байланыс 

«Алма, гүл, жапырақ» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс алынады

Өткізілген коучинг пен өздерінің жетістіктері бойынша ойларын стикерге жазу арқылы білдіру.

«Алма, гүл, жапырақ» суреті, стикерлер

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг-сабақ жоспарына рефлексиялық есеп

         Қант зауыты орта мектебінде 27.01.17 ж күні  «« Lesson Study» әдісімен сыныпты зерттеу» тақырыбында  коучинг – сессиясы өткіздім. Коучинг – сессиясына 24 мұғалім қатысты.

 Коучинг –сессиясына «Мұғалімдер «Lesson Study» әдісімен танысып, сол әдісті қолдану туралы түсініктері қалыптаса»- деген мақсатты қойып, «Мұғалімдер «Lesson Study» әдісі туралы түсініктері  қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға  бағыт- бағдар алады, тәжірибеде қолдана алады»- деген күтілетін нәтижелерді анықтап алып, осы бағытта жұмыстар жүргіздік.

  Коучинг- сессиясының психологиялық дайындық бөлімінде қатысушылар әр ұлттың амандасу үлгісі бойынша бір-бірлерімен амандасып, жақсы көңіл күй орнатты. Таңдап алған сандар бойынша топтарға бөлінді. «О важности команды» бейнежазбаны көре отырып, топтық жұмыстың, бірлескен жұмыстың маңызы туралы пікірлерін бөлісті. Сыныпты зерттеу әдісі топта бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде жүргізілетіндігі туралы айтылып, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері анықталды.

«Lesson Study»  тарихы туралы презентацияны көрсете отырып, «Lesson Study»  тарихымен таныстырып өттім. Содан кейін әр топтарға слайд жасауға тапсырмалар бердім. Бірінші топ «Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? Lesson Study-ді жүргізу» тақырыбында, екінші топ «Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау. Lesson Study-ді өткізу» тақырыбында, үшінші топ «Сабақтан кейінгі оқушылардың пікірін білу. «Lesson Study-ден кейінгі талқылау» тақырыбында, төртінші топ «Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру»  тақырыбында слайд жасап, қорғады.  Топтар бір-бірлеріне сұрақтар қойып, бір-бірлерінің жұмысын «бір жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалады. Әріптестердің жұмысын толықтырып, «Lesson Study әдісі» презентациясын көрсете отырып, сыныпты зертеу барысымен толықтырып, таныстырып өттім.  «Алма, гүл, жапырақ» әдісі бойынша кері байланыс алдым. Кері байланыс беру барысында қатысушылар сыныпты зертеу әдісімен танысып, өз қоржындарын толықтырғандықтары жайлы айтты.  Коучинг –сессиясы барысында мұғалімдер сыныпты зерттеу әдісін тәжірибелеріне қолдануға  бағыт- бағдар алады

 

 

                 Бірінші деңгей мұғалімі         К.С. Тулегенова

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив