Ағылшын тілі бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындату арқылы дамыту

Ағылшын тілі бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін түрлі деңгейдегі  тапсырмаларды орындату арқылы дамыту

Байбосынова Нурсулу Пазилбековна

Ағылшын тілі  пәнінің оқытушысы

ОҚО, Сарыағаш қаласы, Қапланбек аграрлық-техникалық колледжі

        Менің педагогикалық тәжірибемнің мақсаты – өзін-өзі өзгертуге ұмтылушы және соған қабілетті баланың оқу қызметінің субъектісі ретінде танылып, ержетуіне жағдай жасау. Берілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттерді қоямын:

  1. Шетел тілі бойынша білім беру процесінің жекеленуінің педагогикалық жағдайларының жүйесін жасақтау.
  2. Шетел тілі бойынша білім беру процесінің  жекеленген түрінің көрсеткіштерін  анықтау.
  3. Өз бетімен жұмыс істеудің әдістерін қалыптастыру.
  4. Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
  5. \

 

Педагогтік тәжірибенің негізі – түрлі деңгейдегі тапсырмаларды пайдалана отырып, олардың оқу мотивациясына және нәтижесіне әсерін анықтап,оқушылардың жұмыс істеуін ұйымдастыру.

Педагогикалық тәжірибенің іске асырылуының шарттары:

  1. Білім беру технологиясын таңдап алу
  2. Олардың ерекшелігін анықтау.
  3. Өзара әрекеттесу моделдерін жасау.
  4. Баланың танымдық қызметін айқындайтын білім беру жағдайындағы жеке іс-қимыл үлгісі.

     Заманауи білім берудің жаңа концептуалдық негіздерінің ілгері шығарылуы – оқушылардың танымдық белсенділігін түрлі деңгейлік тапсырмаларды жаңа позиция тұрғысынан актуальды пайдалану арқылы дамытуға жол ашты. Берілген проблемаға жаңа көзқараспен бағытталудың принципиалдық айырмашылығы – оқушылардың түрлі категорияларына түрлі мақсаттар қою. Оқушылардың бір категориясы- «базалық» деп аталатын белгілі бір объективті шартты түрдегі дайындық деңгейіне қол жеткізуі керек. Оқушылардың шетел тіліне қызығушылығы мол, оқуға қабілеті жақсы басқа бір категориясы олардан жоғарырақ нәтижелерге жетуі тиіс. Бұл тақырыптың мәнін ашу үшін екі түсініктен, яғни «танымдық белсенділік» және «түрлі деңгейдегі тапсырмалардын» бастаған жөн сияқты.

«Танымдық белсенділік»– білімге мейлінше құштар, үнемі қызығушылық танытатын,оқудың түрлендірілуін қуана құптап, өз бетімен шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталанып тұратын тұлғаның жоғары адами қасиеті. Танымдық қызығушылықтың элементарлық деңгейі деп -  жаңа фактілерге,сабақта оқушылар қабылдайтын деректерге толы,ой салатын,қызықтыратын нәрселерге ұмтылушылықты атауға болады. Оның бұдан биіктеу деңгейіне – заттардың немесе көріністердің өздеріне ғана тән қасиеттерін танып-білуге ұмтылушылық жатады. Ал одан да биік танымдық қызығушылықты- оқушының түрлі жағдайлардың себеп-салдарын, заңдылықтарын анықтап білуге, жалпы белгілерін,ерекшеліктерді салыстыруға ұмтылатындығынан көруге болады. Оқу процесіндегі оқушылардың қызығушылық танытуын олардың зияткерлік белсенділігінен,көтеріңкі көңіл-күйінен, бүкіл ынта-ықыласпен назар аударып отырғандығынан,жан-жағындағы ұсақ-түйекке,шуға алаңдамай отырғандығынан,қиын тапсырманы орындаудағы ұстамды мінез-құлқынан байқауға болады.

«Түрлі деңгейлік тапсырма» түсінігі – әр баланың жеке ерекшелігін толық қамтитын, баланың өзі шетел тіліне қызығып,тақырыпты өзі ары қарай қызыға оқып білуіне ұмтылдыру. Жұмыс процесінде байқалғаны – жылдан-жылға оқушылардың танымдық белсенділігі азайып кетеді екен. Мұның дәлелдері мыналар:

  • Оқушылардың оқу әрекетінде белгілі бір жүйенің жоқтығын білдіретінін көрсететін күнделікті бағалар сипаттамасы
  • Мектеп олимпиадалары мен сайыстарының хаттамаларының салыстырмалы сипаттамасы көрсеткендей, онда оқушылардың тек 10-15% қатысады.
  • Оқушылардың ақпарлама кеңістігінен көп хабары жоқ, ой-өрісі заманауи желіден алшақтау жатқандығын – сабақтарда қойылатын проблемалық жағдаяттардағы сауатсыздығынан көруге болады.
  • Мектеп кітапханасындағы кітап алушының формуляр парақшаларынан – балалардың ғылыми-көпшілік әдебиетке құлықсыз екенін байқауға болады. Қазіргі қоғамға-өзіндік ой-пікірі бар,инициати- валы,шығармашыл,өз шешімдеріне адал да сенімді азаматтар керек екеніне көзім жетті. Мұндай заманауи тұлғаны қалыптастыру үшін,бізге-педагогтарға- өз оқушыларымыздың бойында – өз бетімен еркін,байыпты ойлана алатын, миы мен қабілетін қоса шешім қабылдай алатындай қасиеттерді дамытуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін шетел тілін оқыту принциптерін де пайдалану керек-дәлірек айтқанда,белсенділік принципі, жеке пікір айту,қол жетімділік принциптері,әрине басқа принциптер де оқу процесінде жалғасын табу керек.

  Мақсатқа жету үшін тірек болатын принциптер

  1. Белсенділік принципі : (Материалдың кішкене бір бөлшегін қабылдаса

                                      да, оқушылардың белсенділігі керек. Егер

                                      білімі нашар оқушыларға жоғары деңгейлі

                                      тапсырмалар берілсе,олар өздерінен білімді-

                                      леу оқушылармен тайталасып,ретсіз әрекет,

                                       көңілсіз жағдаят туғызады.Сол себепті оқушы-

                                        ларға қол жетімді,ой-өрісі сол тапсырма деңгей-

                                      ін қамти алатындай дәрежедегі тапсырмалар

                                       берілуі тиіс).

  1. Жекелендіру принципі: (Бұл жан-жақты дамыған,белсенді тұлғаны

                                       қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

                                       Шетел тілінің тілдесімдік функциясын меңгеру

                                       оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін ескере-

                                       ді: оның табиғи тұлғасы қандай? Ол нені

                                       біледі және жасай алады? Қызығушылығы

                                      қандай? Оқытудағы жекелендіру- оқушының

                                      жақсы біліміне байланысты болады.

  1. Қол жетімділік принципі: (Белгілі бір тақырып бойынша сабаққа

                                           дайындалып отырған  кезден-ақ, оқу матери-

                                         алын саралап көргенде,оны оқып-үйрену

                                         кезінде-оқушыларға қандай қиындық кезде-

                                        сетінін алдын-ала біліп алу керек. Ол

                                        қиындықтарды анықтағаннан кейін,оны бол-

                                       дырмаудың жолын қарастыруға, яғни:

                                      әдіс-тәсілдерді(түсіндіру,көрсету,оқушының

                                     өз бетімен жұмыс істеуі) дайындаймын, көрнекі

                                    құралдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыра-

                                    мын, қарапайым контекстер енгізуге болады.

Қазіргі таңда материалдың күрделілігі өте жоғары, оны дәстүрлі әдістермен оқытудың өзі де білім беруге енжарлау көзқарас туғызады. Білім беру процесін жекелендіре жетілдіру дегеніміз – әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру деген сөз. Бұл тұста педагог оқу-тәрбие процестерін баланың ерекшелігіне сай құрады. Сөйтіп мұғалім нақты оқушыға оқу-білім беруді жеңілдететін сан қырлы педагогикалық жағдаяттарды қарастырады.Сонымен қатар,оқушы да белсенді тұлға, жүйелі оқу иесі болып саналады. Қоғамымызға өз басымен толғай білетін,әрбір іс-қимылына жауапкершілікпен қарайтын,түрлі жағдаяттарда тура шешім қабылдайтын,сенімі мол адамдар керек десек,жоғарыдағы айтылғандар – сол мақсатқа барар жолдың біреуі деп білуіміз қажет.

      Дамыта оқыту технологиясын игеру және пайдаланудың негізі мынада: оқу іс-әрекетінің процесінде оқушылардың өздері шеше алатын оқу тапсырмаларының жүйесін құру. Бұл жерде басты нәрсені айқындап,оған проблема түрін беру ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушылардың бәріне проблеманы шешу жолын бақылайтын тапсырманы «жүктеу» керек. Мұндай тапсырмалар кезінде оқушылар өздерінің танымдық белсенділігін арттырады,шығармашылыққа бейімделеді,түрліше дереккөздерін қызыға пайдаланады,ескі мен жаңаның өзара байланысын байқап, тарих парақтарын ақтарады.

     Шетел тілі сабақтарындағы танымдық белсенділік,оқушылардың пәнге қызығушылығының төмен болып келуі актуальды проблемаға айналған нәрсе екендігі – сабақтардың бір сарындылығы,мұғалімнің түсіндіруі,әңгімелеуі ғана сабақ уақытын көбірек алып,оқушылардың өздігінен ойлануына , басқа дереккөздерімен танысуға, жағдаяттарға қатысуына ешбір уақыт қалмайтындығынан еді. Бұл мәселені шешуде материалды мәселе түрінде мазмұндау әдісі көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Проблемалық оқыту әдісі – шығармашылық, ешнәрсеге ұқсамайтын, тың бағыт. Бұл бағыт оқушылардың белсенділікпен,ізденімпаздықпен,зерттеуге бейімділікпен жұмыс жасауын талап етеді, оқушы дайын материалды тыңдап,бей-жай отыра бермей,өз ойлары мен шығармашылық күштерін ортаға салады,өз бетімен жұмыс істейді.

      Шетел тілі сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды енгізе отырып, алдымызға мына міндеттерді қоямыз: баланың өзі қажет ақпаратты табуына,оны өңдеп, сауатты түрде пайдалана білуіне көмектесіп,үйретуіміз керек. Сондай-ақ сабақтың барлық кезеңдерінде жаңа материалды бергенде,бекіткенде,білімді бақылау кезінде, үй тапсырмасын тексерген кезде компьютерлік технологияны пайдалану маңызды. Сабақта тест тапсырмаларын қолдану- ең алдымен мынаған байланысты: аудандық олимпиада тапсырмалары,облыстық олимпиаданың теориялық турының тапсырмалары –түрліше жасалған тест түрінде беріледі.Тестерді қолдану басқа да факторларға байланысты-ҰБТ-ның енгізілуі-әр оқушыдан тест түріндегі тапсырманы орындай алатын дәрежеде болуын талап етеді.

            Шетел тілі бойынша жеке сабақтар жүйесін құру қажет. Бұл – қызығушылығы бар оқушылардың материалды терең және кеңінен оқып-үйренуіне жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі.Дәл осы сабақтарда теоретикалық білімнің іс-тәжірибе жүзіндегі сынақтан өтіп, қайталануы,қосымша әдебиетпен жұмыс жасау, компьютерлік бағдарламаларды пайдалану,зерттеу жұмыстарына оқушылардың көбірек көңіл аударуы жүзеге асады.

     Оқушылардың өздігінен білім көтеру процесін парасатты басқару қажет. Ең үздік,ең дарынды оқушының өзі – мұғалімнің ұйымдастырушылық көмегінсіз,ақыл-кеңесінсіз ешбір табыс шыңына көтеріле алмайды,өз дарыны мен талантын аша алмайды. Оның белсенділігі мен өз бетімен жұмыс жасуын дамыту үшін мұғалім жеке тұлғалық бағыттағы білім аумағын құруы тиіс,онда оқушының тұлғалық-субъектілік қыры жасақталады.Осындай білімдік ортаны жасақтауды өздігінен білім көтеру процесінің басты мақсаты деп ойлаймын. Осылайша ұсынылған жүйе оқушылардың шетел тілін оқып-үйренуге деген танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Жаңа материалды оқып-үйренуде проблемалық жағдаят туғызып,оқушыны проблеманың шешімін табуға қатыстыру керек. Білім беру процесінің осылайша ұйымдастырылуы кезінде – мұғалімнің оқушымен бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі пайда болады. Оқу материалын оқып-үйрену – негізгі проблемадан жеке проблемалық,зерттеушілік және оқу міндеттеріне біртіндеп айқындай ауысады.Ол міндеттерді оқушылардың алдына қою және шешімін табу – фронтальды, жеке, ұжымдық жұмыс тәсілдерімен орындалады. Барлық оқу сабақтары ұжымдық оқу әрекетімен оқушылардың қатысуымен өтеді. Бұған оқушыларға өз жұмыстары үшін өз тобының алдында жауапты екендігін, жұмыс нәтижелері үшін жауап беруге міндетті екендігін түсіндіру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл ретте олардың нақты білуге тиіс нәрселері – қандай оқу немесе проблемалық тапсырманы шешу керек, нәтижесі қандай болу керек.  Проблемалық оқыту әдісі – білім берудегі белсенді, ізденгіштік, зерттеу жұмыстарына оқушыны бағыттап,дұрыс нәтижелерді талап ететін тың,шығармашылық әдіс. Бұл жерде оқушылар дайын,түсіндіріліп қана қоятын материалды емес, өздерінің сол материалмен жасаған жұмысын көреді, белсенділігін дамытады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мынадай қорытындыға келуге болады: пәнге деген танымдық белсенділікті арттыратын білім беру процесінің жекелен дірілуінің педагогикалық шарттары айқындалды. Білім беру процесінің жекелендірілуінің пәнге деген танымдық белсенділікті арттыруға арналған көрсеткіштері айқындалды – олар оқушылардың білім сапасы, оқушылардың пәндік олимпиадалар мен сайыстарға қатысуы,пәнге деген қызығушылығы артты. Талданған жүйе білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді, шетел тілін үйренгісі келетін оқушылардың санын арттыруға, шетел тіліне оқушының өзіне қажеттілік ретінде қарауды үйретуге мүмкіндік береді.

        Дифференциалды оқыту – көп жағдайда түсініксіз болып жатады, бірақ оны дұрыс қолдансақ, ол әрбір оқушының деңгейін арттыратын кооперативті әдіс болып табылады. Оны мұғалім жұмысының ең маңызды бөлігі деп қарастыруымыз қажет, өйткені ол әр түрлі қабілетіне байланысты оқытудан жеке оқытуға арналған түрлі әдістерді қолдану деп қарастырылып жүр. Қазіргі таңда дифференциалды оқытуға байланысты кең көлемде айтылып жүрген оқыту тәсілдері мұғалімдердің түсінуі үшін қиын болып жүр. Г.Петти өзінің «Қазіргі оқыту» деген әдістемелік нұсқаулығында дифференциалды оқыту, бұл -  үйренушілер арасындағы орын алған айырмашылықтар процесі, сондықтан топтағы барлық оқушыларда оқуға деген ең жақсы мүмкіндіктер болуы керек деп сипаттайды.  Питер Ансти, осы тақырыпқа байланысты кітаптың авторы, дифференциалды оқыту бұл - оқыту мен оқу стильдерін толық сыныпқа, топқа және жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімдеу деп айтқан.  Екеуі де, егер мұғалімдер дифференциалды оқытудың нақты анықтамасын білмесе , ол түсінбейшіліктерге апарады деген. П.Ансти - дифференциалды оқыту, бұл – мұғалімдерге «қорқынышты перспективалар» болып көрінуі мүмкін, өйткені олар әр түрлі бірнеше сабақтың жоспарларын кіріктіруі керек. Бұның кілті -  оқушыларға таңдау беру керек дейді. Егер де оқушыларға таңдау берсе, олар мұғалімнің жасағанынан да көп нәрсе жасайды. Көптеген мұғалімдер бұдан бас тартады немесе өте көп таңдау береді, бұл дұрыс болмай жатады.Сондықтан кішкентайдан бастап, сол тұстан дамытатын әдістерді пайдалану керек деп ойлаймын.

    Түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындату үшін  мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады:                                      

 

Ағылшын тілі сабақтарында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды пайдаланудың қажеттілігін және ұтымдылығын түбегейлі негіздермен дәлелдеуге тырыстым. Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды енгізу арқылы оқушылардың ой-өрісіне жеке жол табуды іске асыру – оқушылардың білім жетіспеушілігін толықтырады,қабілеттері мен қызығушылығын арттыруға,барлық оқушыларды белсенді ой еңбегіне қатыстыруға,оқушылардың әрі қарай білім алуына дайындық жасауды ұйымдастыруға ықпал етеді. Түрлі деңгейлік тапсырмаларды пайдалану арқылы оқушылардың  оқу мотивациясын көтеруге, білім алудағы олқылықтардың орнын толықтыруға,білім сапасын жақсарту жолында елеулі нәтижелерге жетуге болады деп ойлаймын

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив