Ұстаз – өмір бойы үйренуші

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, педагогиканың жан-жақтылығын осы мектеп тренері курсының барысында байқадым.Өйткені, біз мектеп оқушыларын ғана емес, өз әріптестерімізге бар білгенімізді үйрететіндігіміз айқын болып, өз қоржынымызға қомақты ресурстар жинап бара жатырмыз.
Бәрін басынан бастасам...
«Маусым айының он үшінші жұлдызынан бастап, тренерлік оқуға барасыз» -дегенде, шынында да,қорқыныш ұялап, «қалай болар екен?» деп жанымды шүберекке түйіп келгендігім жасырын емес.
Курсқа келгенде кең маңдайлы, аузын ашса, жүрегі көрініп тұрған, езуінен күлкі кетпейтін ақкөңіл де адал тренер ағайымыз Қайрат құшағын айқара ашып, жылы жүзбен қарсы алды. Курстың мақсатын түсіндіріп болған соң, бірден жұмысқа жұмыла кірісіп кеттік.Бәрімізді ынтымақтасыра, жұмылдыра білген Қайрат ағайымыздың еңбегін,білімін, шынайылығын, талантын үлкен әріппен айта кетуді жөн санаймын.Оқудың екінші аптасында гүл апайымыз Гүлмира апай ағайымыздың ізімен, жаңаша білім беріп, мінсіз тренерлікке қол жетуімізге мол мүмкіндік туғызды.
Оқу барысында педагогиканың қыр-сырын шындықпен, шынайылықпен саралап қарап,еңбегіміздің құндылығын басқа қырынан көре бастадым.
«Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, осы оқу курсынан өту барысында оқытушылық мамандыққа шеберлігімді шыңдау үшін ұстаз-ақылы, білімі, ары, мінезі бәрін де тренерден, әріптестеріммен бірлесе отырып, өмірмен байланыстыра, адами-құндылықтарды ескере отырып, ынтымақтастықпен білім алуға, барлық жағдаяттарды шешуге болатынын көзіммен көріп ұқтым. Әр уақытта озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейтініне шын көзім жеткендей күй кешудемін.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру,өмірге,өзгермелі, жедел дамып келе жатқан жаңа қоғамға үйретуді нақты көздейді. Бүгінгі таңда біз үйреніп отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» нақты уақытында, заман талабына сай ұсынылып отырған ең озық жүйе деп мен айтар едім,себебі мұндағы оқушы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы.Ал осы тәсілді барлық мұғалім бірдей қолданып, пайдаланып жүр ме? Мектеп мұғалімдерінің барлығы да сабақты жаңаша оқу бағдарламасына сай түрленіп өткізуде ме?
Иә, дәл осы сұраққа біздің оқыған курсымыз жауап тапқандай.Олай дейтін себебім,осы курсты аяқтағаннан кейін «мектеп тренері» деген атақты алып алып, мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста болып, құлшына жұмыс жасайтынмызға сенімім мол.
Бұл курсты ұйымдастырушылардың ойлаған арманы мен діттеген мақсаты мықты, ойы ұшқыр екендігінде дау жоқ.
Ендеше, мықты тренерлерден білімімізді,керегімізді алдық.Ендігі жұмыс мектеп тренерлері деген куәлік алған оқыған әріптестер қолында.
Олай болса,мектеп тренерлерің алғашқы қарлығыштары! Іздену үстінде мұратқа жетуді көздеген әрбір жұмысыңызға, алдағы қиындығы мен қатар жүретін тренерлік жолдарыңызға шын жүректен сәттілік тілеп, «Алға, мектеп тренерлері!» , «Мінсіз тренер деген атақтарыңыз топ жарсын!» -деп, өзімнің шағын ғана эссемді аяқтамақпын.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив