Ақынның нәзік жүрегі

Алға аудандық білім бөлімі
Ақай орта мектебі

«Ақынның нәзік жүрегі»
БАҒДАРЛАМАСЫ


2015 жыл
Алға аудандық білім бөлімінің эсперементтік комисия отырысында қаралды.
Хаттама №____ «_____» _______ 2015 ж

ААББ әдіскері: Қасым С.



Құрастырған: Бердеева Р.М.-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ІІ санатты


Пікір жазғандар: Тлеубаева З.Ж.-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ІІ санатты
Бекжанова Э.К.-орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі, І санатты
Бағдарлама 7 -8 класс оқушыларына арналып жасалған. Бағдарлама оқушының шығармашылықпен айналасуына, қиялын дамытуға, сөздік қорын молайтуға, әдеби шығармаларды талдай білуге тигізетін әсері мол.




Түсінік хат
7 – 8 класс оқушыларының қазақ ақындарының өмірі мен шығармашылығын оқып, жаттап, оларға еліктеп өлең шығпруларына байланысты, яғни, қызығушылықарына қарай «Ақынның нәзік жүрегі» атты арнайы курс ұйымдастырдым. Аптасына – 1сағат, жылына – 34 сағат.
Курстың мақсаты – қазақ ақындарының өмірінен мағлұматтар беру, өлеңдерін мәнерлетіп оқыта отырып, оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу, ой – өрісін дамыта отырып, көркем туындыларды оқытуды көздейді. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, «Ақынның нәзік жүрегі» курсы төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- Қазақ әдебиетінің үздік шығармаларының үлгілерімен таныстыру;
- Қазақ әдебиетінің өкілдері туралы мағлұмат беру;
- Өлең құрылысы туралы білімдерін кеңейту;
- Шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
- Өлең құрауға (шығаруға) білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Курстың ерекшелігі оқушылар қазақ әдебиетінің классиктерінің жоспарда қамтылмаған шығармаларын қамту.
«Ақынның нәзік жүрегі» арнайы курсы 7-8 сынып оқушыларына арнап құрылған. Бұл курс сабақтарында оқушыға теориялық және практикалық білім беру негізі де қарастырылған.


Пікір
Бұл курста оқушылар ақындардың өмірімен танысады, өлеңдерін оқиды, сөз өнерін түсінеді, қызықты шығармашылық жұмыстар орындайды, ұлттық мәдени мұрамыз сөз патшасы – өлеңді өз ойларынан шығарады. Өлең құрылысын үйренеді, түсінеді, сол бағытта шығармашылық жұмыстар жасайды. «Ақынның нәзік жүрегі арнайыы курсы » шығармашыл баланың қиялына қанат бітіріп, таным деңгейіне сүйене отырып, оның өмірге, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бағдарлама 7 – 8 класс оқушыларының жас ерекшелігіне сай, оқу барысында оқушы тұлғасын тәрбиелеуге, талғамын танытуға ықпалы зор.

Курстың мақсаты:
Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, икемділіктерімен дағдыларын қалыптастыру, әдеби тіл нормаларын меңгерту негізінде сауатты, сауатты жазу, сауатты сөйлеуге жол ашу, тілдік құбылыстарды даралай талдап және жинақтай білуге үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Таңдаулы курстың міндеті:
• Алған білімдерін ауызша және жазбаша тілдерде қолдана білуге төселдіру;
• өз бетімен жұмыс істеуге, белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу;
• өлеңнің барлық болмыс-бітімін тани білуге және өз көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Білім, білік, дағды:

1.Қазақ әдебиетінің ақындарымен, үздік шығармаларымен, сонымен қатар өлең құрылысымен таныстыра отырып танымдық қабілеттерін арттыру;
2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
3.Көркем шығармаларды, жыр жинақтарын оқуға деген қызығушылығын дамыту;
4. Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
5.Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
6.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
7.Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;


Таңдаулы курстың құрылымы мен мазмұны
Кіріспе – 1 сағат
Ақындар өмірі – 10 сағат
Өлеңдері – 10 сағат
Оқу, талдау - 10 сағат
Шығармашылық жұмыстар – 2 сағат.
Қорытынды – 1 сағат

«Ақынның нәзік жүрегі» таңдаулы курс
Барлығы: 34 сағат
7 - 8 класс
№ Тақырыптың мазмұны Сағат саны Уақыты
1 Кіріспе 1
2 Ж.Молдағалиев 1
3 «Саржайлау» 1
4 Ана тілі – сөздің пірі 1
5 М.Шаханов 1
6 «Ақын» 1
7 Әдеби тіл – көркем тіл 1
8 Ж.Жақыпбаев 1
9 «Қайран шешем» 1
10 Өлеңді оқу мен талдау 1
11 М.Мақатаев 1
12 «Мен - үйсінмін» 1
13 Лирикалық кейіпкер 1
14 Қ. Аманжолов 1
15 «Көкірекке құйыл, нұр» 1
16 Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы 1
17 Ә.Тәжібаев 1
18 «Мейірім» 1
19 Теңеу 1
20 С.Жиенбаев 1
21 «Хат» 1
22 Шығармашылық жұмыс 1
23 Фариза Оңғарсынова
1
24 «Ақынның нәзік жүрегі» 1
25 Өлне құрылысына талдау 1
26 Ақұштап Бақтыгерееваның өмірінен үзінді 1
27 «Даламның қарлығаштары – ай» 1
28 Мәнерлі оқу үшін өлеңді талдай білу 1
29 Асқар Тоқмағамбетов 1
30 «Күлкі сықақ» 1
31 Сатиралық өлеңдер 1
32 Шығармашылық жұмыс 1
33 Сөз және шеберлік 1
34 Қорытынды 1

Күтілетін нәтиже

«Ақынның нәзік жүрегі » курсын оқыту арқылы мектеп бағдарламасында берілмеген поэзиялық, лирикалық шығармаларды оқудың қыр-сырын меңгерту. Туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындап, өлең құрылысына талдап үйренеді.
Балаларды мәнерлеп дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой-өрісінің жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді.


«Ақынның нәзік жүрегі» таңдаулы курсы бағдарламасына пайдаланатын әдебиеттер:

1. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. Алматы, «Мектеп»,1975 ж.
2. Ахметов Ш. Балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Алматы «Мектеп», 1980 ж.
3. Баймұратов Б. Балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Алматы «Мектеп», 1978 ж.
4. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті.Алматы «Қазақстан», 1971 ж.
5. 5. Дүйсенова М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері, Алматы «Мектеп» 1973 ж.
6. Қожахметова Х. «Мәнерлеп оқу»,Алматы «Мектеп» 1982 ж.
7. Рахметова С. Қазақ тілінің методикасы. Алматы «Мектеп» 1978 ж.
8. Тілешова С. Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, Алматы «Мектеп» 1978 ж.
9. Құрманғалиева С. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, Алматы «Рауан» 1995 ж.
10. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу, Алматы «Қазақ университеті» 1992 ж.

0 пікірлер

Пікір қалдыру