Африка табиғат зонасы

Сабақ  22                               Сынып: 7 «А»                                Күні:

Пәні: География                                                               

Пән мұғалімі: Оналбаева Л.Б.

Сабақтың тақырыбы:  Табиғат зоналары 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Африка материгінің табиғат зоналары туралы түсінік қалыптастыра отырып, материктің керемет әсемдігімен  таныстыру. Материктің табиғат зоналарының ерекшеліктері туралы  жан-жақты  білімін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға  дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды  ұйымшылдыққа , бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен, атласпен жұмыс, «Кубизм» стратегиясы, « Географиялық  диктант»,  «Ең..., Ең...Ең...»  әдісі,

Сабақтың пәнаралық байланысы: Биология, Экология
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің жарты шарлар картасы, интербелсенді тақта, слаидтар, посттер

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу;
  2. Оқушыларды түгелдеу;
  3. Оқулықтары мен атластарын, кескін карталарын тексеру;
  4. Сабаққа зейіндерін аудару және назарларын өзіме аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. « Географиялық диктант»
  2. Африканың ең төмен жері ................. ........
    2. Африканың ең терең көлі ........... .......
    3. Шөлді аймақтарда өзендердің кеуіп қалған арналары ...................... көп кездеседі
    4. Африканың ең биік нүктесі ..................  .Оның биіктігі  ........ .
    5.  Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен .................
    6. Жер шарындағы ең ұзын өзен  ..........  Оның жалпы ұзындығы   ........ км.
    7.  Африка атауы материктің солтүстігінде өмір сүрген ................Тайпасының атымен байланысты
    8. Африка материгіндегі жас тау ..........
    9. Африканың жалпы ауданы .........
    10. Африканы  Еуропадан ..........   бұғазы бөліп тұр.

Жауабы:

  1. Ассаль көлі
  2. Танганьика көлі
  3. Уәдтер
  4. Килиманджаро жанартауы, 5895 м
  5. Конга өзені
  6. Ніл өзені, 6671 км
  7. Афри
  8. Атлас тауы
  9. 30,3 млн км²
  10. Гибралтар бұғазы
  11. «Кубизм» стратегиясы
  12. Африканың ішкі сулары қанша алапқа бөлінеді?
  13. Африканың ең биік сарқырамасы және оның биіктігі?
  14. Африкадағы қалдық көлді ата? Картадан көрсет.
  15. Тана көлінен басталатын өзенді ата? Картадан көрсет.
  16. Атлант мұхитына құятын өзендерді ата?
  17. Африканың жағалауындағы ең ұзын бұғазды ата? Картадан көрсет.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сынып оқушыларын топқа бөлу: бағдаршам бойынша

- қызыл;

- сары:

- жасыл:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Африка материгінің табиғат зоналарының ерекшеліктері. 

1-топ. Ылғалды экваторлық ормандар, ауыспалы ылғалды ормандар

2-топ. Саванна және сирек ормандар зонасы

3-топ. Тропиктік шөл зонасы, Субтропиктік қатты жапырақты ормандар

4-топ.  Мадагаскар аралының  табиғаты

Оқушылар осы берілген тапсырмаларға 10 минут уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында  әр топ посттер дайындап топ жетекшісі тақтада қорғайды.

 

1-топ: Ылғалды экваторлық ормандар, ауыспалы ылғалды ормандар зонасы

Конго  қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр.

Мұнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба ағашы, майлы пальма,  шарап пальмасы – рафия, эбен, қауын ағашы, банан, ағаш тәрізді папоротник, либериялық кофе ағашы  өседі.

Ылғалдың азаюына байланысты ылғалды экваторлық ормандар ауыспалы ылғаолы ормандар зонасына ауысады.

2- топ: Саванна және сирек ормандар зонасы. 

Саванна- әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін далалы жазықтар.

Материктің  40% жерін алып жатыр.  Шөптесін өсімдігі биік, айнала ашық, күн сәулесі мол түсетін аймақ.  Топырағы ферралитті қызыл болып келеді.

 Өте үлкен баобаб ағашымен қатар пальманың бірнеше түрлері өседі.

Африка саваннасында аса ірі шөпқоректі жануарлар-піл, керік, буйвол, қос мүйізді мүйізтұмсық, алашұбар зебрлер мен бөкендердің 40-тан астам түрлері тіршілік етеді. Ірі жыртқыш  аңдардан-арыстан, қабан, қорқаулар бар.

 Өзендерінде қолтырауын тіршілік етеді. Ең ірісі Ніл қолтырауынының ұзындығы 5-6 метрге дейін жетеді.

Саванна құстарға бай. Африка түйеқұсы- марабу, секретарь. Ең кішкентай әсем құс-шірнежегі.

3- топ: Тропиктік шөл зонасы, Субтропиктік қатты жапырақты ормандар

Жерорта теңізі жағалауы мен Оңтүстік Африканың жағалау бөлігіне тән .

Жерорта теңізі жағалауында тас емен, тоз емен, зәйтүн ағашы, олеандр,фисташка, мәңгі жасыл кипарис, жабайы алмұрт өседі.

Оңтүстіктегі Кап тауларында ылғалдың көбірек түсуіне байланысты кап шамшаты, күміс ағаш, лавр жапырақты зәйтүн ағашы өседі.

4- топ: Мадагаскар аралының 75 % эндемик болып табылады. Мадагаскар аралында  лемурдың 26 түрі кездеседі. Мадагаскар аралында ғана өсетін саяхатшылар ағашы бар.

Сергіту сәті.

"Сен білесің бе?"
Шарты: Жасырылған ребустарды шешу.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив