Табиғи тас материалдар мен бұйымдар

 

Ашық сабақ

Пән атауы: Материалтану

Сабақтың тақырыбы: Табиғи тас материалдар мен бұйымдар.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді құрылыс материалдары-тау жыныстары, минералдармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Білімділік: Тақырып бойынша студенттердің білім деңгейін жетілдіру.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.

І. Үй тапсырмасын сұрау:

 1.Қабырғалық тас материалдар қалай таптастырылады?

  1. Бұйымдардың түріне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

3.Қабырғалық тас материалдардың сығылуға беріктігі бойынша маркалары қандай? (таблица сызу) 

ІІ. Жаңа тақырыпты баяндау.

Тау жыныстарынан механикалық өңдеу әдістерімен алынатын құрылыс материалдары мен бұйымдарын табиғи тас материалдар деп атайды.өңдеу нәтижесінде табиғи тас материалдар өздері алынған тау жынысының физикалық-механикалық қасиеттерін толық сақтайды.

Тау жынысы-азды –көпті тұрақты құрамы және қасиеттері бар минералдардың шоғырлануы.

Минерал-құрамы, құрылымы және физикалық қасиеттері бойынша бір текті, жер қыртысында болып жатқан әртүрлі физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде түзілген табиғи химиялық қосылыс.

Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфиялық тау жыныстары болып бөлінеді.

Магмалық жыныстар –магманың негізінен силикат құрамды, жер қыртысының терең қойнауында түзілетін балқыған массаның суынып, кристалға айналуы нәтижесінде түзіледі. Магманың салқындау жағдайларына қарай атылған тау жыныстары тереңде жатқан-интрузивтік (гранит, диорит, габбро, лабрадорит)

 

                              

 

және тасып төгілген –эффузитивтік (порфириттер, диабаз, базальт) тау жыныстары түрлеріне бөлінеді.

 

 

             Порфирит                                                                           Базальт

 

                диабаз

Шөгінді жыныстар сыртқы жағдайлардың әсерімен тау жыныстарының бұзылуы нәтижесінде немесе әлдебір ортадан заттардың шөгуі нәтижесінде түзіледі. Түзілу сипаты мен құрамы бойынша шөгінді тау жыныстары сынық-механикалық шөгінділер, (құм, қиыршық тас, құмтас), сазды хемоногенді және органогенді шөгінділер (доломит, ғаныш, магнезит, әктас, бор, диатомит, трепел) түрлеріне бөлінеді.

  

    Қиыршық тастар                            Құм                                         Магнезит

Метаморфиялық жыныстар (гнейтер, мәрмәр, кварцит, сазды тақтатас) температураның, қысымның және басқалардың әсерімен шөгінді немесе магмалық жыныстардың түрлерінің өзгеруі нәтижесінде жер қыртысының қатпарында түзілген.

Сабақты қорытындылау:

  1. Қандай материалдарды табиғи тас материалдар деп атайды
  2. Магмалық жыныстар дегеніміз не?
  3. Шөгінді жыныстар қалай түзіледі?
  4. Метаморфиялық жыныстар қалай түзіледі?

Үйге тапсырма беру: Жаңа тақырыпты оқып келу.

 

 

Дайындаған : Ниязбаева Нагима Мустафаевна – өндірістік оқу шебері

Маңғыстау облысы

 Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив