Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Негізгі бөлім

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Оңтүстік Американың табиғат зоналары». Сабақтың мақсаты: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.
4 топқа тақырыпшаларды бөліп, топта талқылап, (постер қорғау) флипчарт қорғау керектігін айтады. Флипчарт қорғау критерийлерін оқушымен бірге құрады.
- Ылғалды экваторлық ормандар (гилея),ауыспалы ылғалды ормандар.
- Саванналар мен сирек ормандар.
- Субтропиктік дала және шөлейт зонасы.
- Биіктік белдеулер
Топ жұмыстарын бақылап, бағыттап жүреді «Бағдаршам» әдісі көмегімен.
Топта жұмыс аяқталған соң, топтар кезегімен таныстырылым жасауды айтады, өзара стикермен бағаланады.
Табиғат зоналарын кескін картаға түсіруге тапсырма береді. Оқушы сабақтың мақсатымен танысады.

Жалпы мақсаты
Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.
Күтілетін нәтиже

А)Оңтүстік Американың табиғат зоналарымен терең танысады.
Б)Табиғат зоналарындағы табиғат ерекшеліктерін айқындайды.
С) Әрбір табиғат зонасында кездесетін тіршілік дүниесін салыстырады.
Тапсырмалар

«Оңтүстік Америка халықтарының амандасуы», Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар, «Сұрақты ұстап ал» әдісі үй тапсырмасын сұрау, Топтық жұмыс: жаңа тақырып бойынша «Постер қорғау», «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі сабақтың қорытындысын шығару, өзара бағалау «Стикермен бағалау» жүзеге асады, «Басбармақ» әдісі.
Қажетті жабдықтар
Интерактивті тақта, постер, фламастер, ақ парақ, бор, қалам, оқулық, сызғыш, қаламсап, стикер, сары, қызыл, жасыл түсті стакан,бағалау парақтары. Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы,кескін карта,қосымша ресурстар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

Оқушылармен амандасады Қызығушылықты ояту.
«Оңтүстік Америка халықтары-ның амандасуы»
Оңтүстік Американың табиғат зоналарының аттары арқылы оқушыларды 4 топқа бөледі. Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді. Мұғаліммен сәлемдеседі


Оңтүстік Американың табиғат зоналары арқылы 4 топқа бөлініп отырады

Өткен сабақтың негізгі мәселесін еске түсіріп, ойланып жауап береді. Жауабын дәлелдеп, талқылап толықтырады.

Тұсаукесер

«Визуалды айғақтармен жұмыс» тәсілін пайдаланып, берілген суреттерге сипаттама беру арқылы жаңа сабақ мәселесіне өтеді
Мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы, жаңа сабақтың мәселесін ашады
Тақырыпшаларды оқып, өзара талқылап, критерийлерді жасақтап флипчарт толтырады.
Критерийлерге сәйкес өзін- өзі және өзара бағалайды.

Кескін картамен жұмыстанады.
Қорытынды

Семантикалық карта толтыруды тапсырады. «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісін пайдаланып сабақты қорытады.
Рефлексия:
-Қандай әсер алдың?
-Қандай қорытынды шығарар едің?
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.Тақырып бойынша Анд тауының эндемиктеріне презентация қорғау. Семантикалық карта толтырады.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша талқылап бөліседі.
Үйге тапсырма алады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив