Геограия пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Адиева Лаура Самиголлиевна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№41 жаратылыстану-математика бағытындағы
мектеп-лицейі


.Атмосфераның алмасуы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер.
2.Африканың ішкі сулары.
3.Отын – энергетикалық кешен.
Кешеннің ерекшелігі мен маңызы.Көмір өнеркәсібі.
4.Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері.
5. Мұнай және газ өнеркәсібі.
6. Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы.


Тиімді жоспар-нәтижелі сабақ.

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік ту-
ғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Кембридж тәсілдерінің басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Сол әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сабақтарымды үлгі ретінде ұсынып отырмын.

Сыныбы : 8 Күні:
Сабақтың тақырыбы Атмосфераның алмасуы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер.

Мақсаты 1.Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. 2.Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. 3. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлерін анықтау.
Күтілетін нәтижелер 1.Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастырады.
2.Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерімен танысады.
3. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлерін анықтайды.
Керекті жабдықтар интерактивті тақта, кестелер, кескін карта, дидактикалық тапсырма, карта.

Қолданылатын әдістер Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау.
Үй тапсырмасын сұрауда «Стикермен диалог», жаңа сабақты меңгеруде «Жәрмеңке» әдісі, бекітуде топтық әңгіме.

Негізгі ұғымдар Атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер
Номенклатура Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.


Геограия пәнінен қысқа мерзімді жоспар

0 пікірлер

Пікір қалдыру