Маңғыстаудағы құстар..

Маңғыстаудағы құстар..
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
З.О.Баймырзаев орта
Мектебінің 9-сынып
оқушысы
Ерсайынова Айман

Маңғыстаудағы құстар...


Сыртқы түрі:Қарқылдақтың оташа салмағы 100-130 гр.Үстіңгі жағы көкшіл сұр,астыңғы жағы ақ,басында анық қара телпегі бар,тұмсығы қызыл,ұзын,үшкір қанаттары бар,құйрық қанатыойық,айыр.
Тіршілігі:Маңғыстау аймағына ұя салады және сәуір айында келіп,күзде қайтады.Ұшып келе жатып “кек...кек” деген дыбыс шығарады,мазасызданса қатты “кррийяя”деп дыбыстайды.Ұясын құрғақ жерге ылғалды шөптерден биік етіп салады.Ұясында 1-3 шұбарала жұмыртқа болады,олар көбінесе шіриді,одан кйіен мекиені тағы жұмыртқалайды.22-23 күн ата-анасы кезектесіп жұмыртқаларын басып,қанаттанғанша бір ай бағып күтеді.

Сыртқы түрі: Бұлар өте үлкен қарқылдақ,бұларды Каспий барылдағы деп атайды,дене массасы 600-
700 гр,өзен қарқылдағын еске түсіреді.Бірақ ірілігімен,қатты жағымсыз дауысымен
ажыратылады. Маңғыстау облысының аймағында ұя салады.Сәуір айының
аяғында келіп, қыркүйекте жылы жаққа ұшады.Ұяға шұбарала2-3 жұмыртқа салып,
Ата-анасы кезектесіп 20-22 күн басады.

Сыртқы түрі:Бұлар өте ұсақ,массасы 40-50 гр,көбінесе өзен қарқылдағына ұқсас,айырмашылығы-бұлардың маңдайы ақ,тұмсығы сары үстінде қоңыр төмпешігі бар.(кирр) деген қатты дыбыс шығарады.Маңғыстау облысының аймағында ұя салады.Сәуір айының аяғында келіп,тамыз айында кейде қыркүйекте кетеді.

Сыртқы түрі.Бұл өте ірі ақ шағала,үстіңгі жағы көкшіл,қанаттарының ұшында қара,ақ түсті суреттері бар.Дене массасы 700-1100г.
Таралуы.Бұлар әдеттегідей сансыз көп құс.Маңғыстау облысының аймағында ұя салады,Каспий теңізінде қыстайды.
Тіршілігі.Жеңіл қалықтап ұшады.Өте жақсы суда жүзеді.Жерде еркін жүреді,жүгіреді.Әр түрлі шығарады,солардың ішіндегі ерекшелігі-сақылдап күлуі.Сондықтан оларды кейде “күлегеш” деп те атайды.Колониялы түрде ұя салады.Ұяға 1-2 шұбарала жұмыртқа салып,оны ата-анасы кезектесіп 25-30 күн басады.

Сыртқы түрі:Денесінің төменгі бөлігі ақ түсті.Кеудесі ашық қызғылт,үстіңгі жағы көкшіл.Басы ақ,тұмсығы жіңішке,қызыл,аяғы сары.
Таралуы:Каспий теңізінің солтүстігінде ұялайды.Сәуірден ұараша айына дейін болады.Өте аз.
Тіршілігі. Қанаттарын тез қағып,жылдам ұшады.Ұяға шұбарала2-3 жұмыртқа салып,
Ата-анасы кезектесіп басады.
Маңғыстаудағы құстар..

Сырқы түрі.Басқа шағалаларға қарағанда,бұлар денесінің кішілігімен ерекшеленеді.Денесінің массасы 300 гр.Жылтыраған қара түсті басы бар,ашық ақ көзілдірікті.Қанаттарының ұштары қара бедерлі,қатты дыбыс шығарады.
Таралуы.Каспий теңізінің шығыс жағалауында,Маңғыстаудың жарты аралы мен аралдарында кездеседі.
Тіршілігі.Теңізде,құрлықта қоректенеді.Көбінесе бунақ денелілерді қореқ етеді.

Құстар –омыртқалы жануарлар ішіндегі жоғары сатыда дамығандардың бірі.Денесі қауырсынмен, жабылып,алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.Олардың организмінде зат алмасу процесі шапшаң жүреді,дене температурасы жоғары (39-40) және тұрақты ,жүректі төрт камералы,артериялық қан күретамырдан бөлінген.Көру мен есту мүшелері жақсы жетілген.
Құстардың ұшу қабілетіне ие болуы-эволюциялық дамудың жемісі.Дамудың белгілі сатысында құстардың шығу тегі –жер бетіндегі бауырмен жорғалаушылар болғаны анық.Құстар әртүрлі ауа райында тіршілік ете алады.Олар орманда,дала мен шөлді өңірлерде,өзен-көлдерде кең таралған.Көпшілігі бір жерден екінші жерге қоныс аударып отырса,кейбіреулері отырықшы жануарлар.Қанаттылар тамаша “ұшқыштар”.

Маңғыстаудағы құстар..

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив