Зерттеу жұмысының тақырыбы: Гераньның емдік қасиеті

Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  гераньның емдік қасиетін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Гераньды  зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу.
  2. Гераньның емдік қасиеті  бар екенін дәлелдеу

3.Гераньнан  жасалған тұнбалардың емдік қасиеті

 4.Герань  майының пайдасы

Зерттеудің  болжамы:

Гераньды  өсіру арқылы  аурулардың алдын алуға болатынын болжаймыз.

 

Зерттеудің  өзектілігі: гераньды  зерттей отырып, оқушыларды қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.

Зерттеу әдістері мен тәсілдері: Талдау,бақылау салыстыру мәлімет жинау,сауалнама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

1.Кіріспе-----------------------------------------------------------------------3-4

  1. Негізгі бөлім

2.1. Гераньды ем ретінде ертеден  пайдаланған ---------------- --  -----4

2.3.Гераньнан  жасалған тұнбалардың шипалық қасиеті ------------4-5

2.4 Геранин  майы. --------------------------------------------------------5-6

2.5 Косметалогия саласында  гераньның пайдасы----------------------6

2.6. Үй жағдайында гераньның  пайдасы ---------------------------------6

2.7.Мектеп дәрігерінің  кеңесі----------------------------------------------6

2.8. Бастауыш сынып оқушыларының пікірлері------------------------7

3.Қорытынды бөлім-----------------------------------------------------------8

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 Кіріспе

   Менің  бұл тақырыпты таңдауымның себебі өсімдіктердің адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады.
Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.Халық емшілері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.  Емшілердің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Мені қызықтырған өсімдік герань гүлінің емдік қасиеті болды.Герань гүлінің ғылыми атауы – пеларгония. Бұл гректің «ләйлек, тырна» деген сөзінен шыққан. Оны қазақтар пішініне қарап қазтабан деп атайды. Ал шетелдіктердің пеларгония деуі құстың ұзын тұмсығына қатысты қойылған атау екен. Бірнеше онжылдықтар бұрын герань гүлінің атағы жер жаратын еді. Оны ақсүйектердің үйінен де, қарапайым халықтың терезесінің алдынан да кездестіруге болады. Ол бүгінге дейін беделін жоғалтқан жоқ, көп сұранысқа ие. Гүл өсіру ісіне жаңадан қызығушылық танытып келе жатқан жандар осы гүлді өсіруден бастап тәжірибе жинауына болады. Себебі аса ерекше күтімді қажет етпейді. Бақшада да, бөлмеде де өсірілетін гүлдің майын емдік мақсатта қолданады. Герань гүлі жаз мезгілінде +20-25 градуста өзін өте жақсы сезінеді. Ал қыста бөлме температурасы +10-14 градустан төмен болмағаны жөн. Жел тимейтін жерде жақсы өседі. Күннің көзін, суды жақсы көреді. Оған жарық жетіспесе жапырағы мен гүлдері майдаланып кетеді. Герань гүлінің отаны -Оңтүстік  Африка. Ертеде герань  гүлін  тек  байлардың  аулаларында, биік  үйлердің  алдында өсірілетін  «ақсүйектер  гүлі» деп те атаған. Сондықтан  да , гүлдің  сұрыптары да   ақсүйектердің   ұғымына  сай «Кароль Эдуард VII», «Кароль Альберт»,  «Эмиль  Лемуан» сияқты  атақтылардың  құрметіне  аталған. Ал, XIX ғасырдан  бастап  герань  гүлі  әлемге  таралған.Қазірде   гераньның   200-ге жуық  түрі   белгілі болды. Гераньды әдемі   гүлі   үшін   ғана  емес,  хош    иісті    жапырақтары, сондай-ақ  шипалық  қасиеті үшін  де  өсіреді. Гүлдері    қызыл, көкшіл,  күлгін, ақ түсті   ал, жапырақтары түкті  ашық  жасыл, түсті   болып  келеді.Герань тез   өсетін, оңай    көбейтілетін,  күтімі жеңіл гүлдерге жатады.

Гераньның емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Дәріхана қызметкерлерімен кездесулерге барып, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерімен таныстым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Көп ізденіп зерттеу барысында гераньның  емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.
Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан  азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.Сондықтан, табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен  үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
І. Негізгі  бөлім

2.1.  Гераньды ем ретінде ертеден  пайдаланған

              Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан  бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Халық медицинасында гераньның тұнбасын ішу арқылы асқазан, ішек, және көз ауруларын емдеуге болады. Герань гүлінің де, жапырағының да, сабағы мен тамырының да шипалық қасиеті мол.

2.2.Гераньнан  жасалған тұнбалардың шипалық қасиеті

Герань  жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды. Тіпті оны дымқылдау, булау немесе соғымдаудың барлық барлық түрлерін қолданбай-ақ, жапырақтары бөліп шығаратын белсенді заттарды адам ауамен бірге ағзасына сіңіре отырып, емделенетіні анықталған. Герань суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды оңай және еш қиындықсыз емдеп жазады. Жөтел, жүйке тұнбасы, тұмау, тіс ауыру, бүйректегі тасты түсіру, остехондроз, ҚРА, ҚРВИ, құлақ шаншу, жүрек қыспасы, қан қысымын реттеу, қан тоқтату, бас ауруына, ревматизмге қолданылады.Герань тұнбасына бал қосып көзді жуса конъюктивит ауруын жазуға болады.Суық, тұмау тигенде, герань жапырақтарының шырынынан 2-3 тамшыдан күніне 2 рет мұрынға тамызып тұру қажет. ҚРА, ҚРВИ, жөтел ауруларына, бір литр суға 25 грамм герань жапырағын 10 минут қайнатып, тұндырып, күніне 3-4 рет тамағын шаяды.

Кенет көтерілген қан қысыманда  ол «жедел жәрдем» қызметін атқарады. Ол үшін, гераньның жапырағын 20-30 минут сол қолдың тамырына жабыстырып қойса, қан қысымы реттеледі.

Құлақ шаншып ауырғанды жапырақты жұмсартып, түтікше орап, құлаққа салу керек. (Ескерту: құлақта қалып қоймай, суырып алу үшін жапырақты бірқабат дәкемен орап, дәкенің ұшын ұзындау етіп қойыңыз!)

Тіс ауырғанда да, жапырағын ауырған тіске қойып, басылғанша ұстаймыз.

Бүйректегі тасты түсіру үшін, 2 шай қасық кептірілген және ұнтақталған қазтамақтаң тамырына ыстық су құйып, оны ары қарай баяу отта қайнағанша ұстау керек. Бір сағаттай тұндырып, қайнатпаны күніне 5 рет тамаққа дейін екі ас қасықпен қабылдайды.

Остеохондроз ауруының асқынуы кезінде гераньның жапырағынан компресс жасайды. Компресті түнгі уақытта қойған жақсы, ертеңгілік жылы сумен жуып тастайды.Теміреткіге жапырақтарын езіп, қоймалжың түрінде жағып қою керек. Дененің сыртына шыққан жаралардың қанын тоқтату үшін де пайдаланады.

Бас ауырған кезде герань  жапырағын мұрынға салып қойса көмектеседі және

зоб ауруына де емі бар. Ол үшін герань жапырағын 2 уыстай етіп жинап оны банкаға салып үстінен 0,5 литр су құямыз. 30 күн қараңғы жерде анда санда шайқап сақтау керек. Тұнбаны күніне тамақтың алдында 30 минут бұрын 1 ас қасықпен 3 рет қабылдау керек. Осындай жолмен 2 банка қабылдау керек. Егер жақсы болмасаңыз бір айдан кейін қайталаңыз.

 

2.3.Геранин  майы                                                                                       

1929 жылы Батыс Грузияда алғаш рет герань  мәдени гүл ретінде енгізілген. Бүгінгі таңда Арменияда, Абхазияда, Тәжікстанда мыңдаған гектар алқапқа егілген герань гүлінен сапасы жоғары «геранин» атты эфир майы алынып отыр.Герань майы косметикалық құралдар негізіндегі өте пайдалы .Әсіресе майлы теріге, зақымдалған тері ауруларына  псориаз, герпес, экзема сияқты ауруларға өте пайдалы.Теріні нәрлендіргіш,тазартқыш қасиеті бар.Алғашқы пайда болған әжімдерді тегістейді, беттегі безеулерді жояды.

2.4 .Косметалогия саласында  гераньның пайдасы

Гераньның  200 грамм ұсақталған жапырақтары мен гүлдерінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, мұздатқышта мұзға айналдырады. Дайын мұзды таңертең бетке уқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп, теріні жасартуға көмектеседі.

Шаш қатты түскенде қазтамақтың қайнатпасымен жуса, қалыңдап жылтыр, әрі қанық әдемі болады.

2.5.Үй жағдайында гераньның  пайдасы

Герань микробтарды өлтіреді. Ауаны озонға айналдырып, ішкі күйзелісті басады. Көбіне әйел адамдарға пайдасы мол бұл өсімдік ұйқысыздық кезінде де көмегін аямайды.

Сонымен қатар шыбын-шіркейлер герань бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады, ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор. Бірақ гүлдің пайдасын көру үшін, алдымен біз гүлге қызмет жасап, жапырақтарын шаң-тозаңнан тазартып тұруымыз керек.

2.6 .Мектеп дәрігерінің  кеңесі

                  

Табиғаттың бізге берген сыйлықтары көп. Жесек тамақ болатын және ауырғанда шипа болатын өсімдіктер бар. Сол сыйлықтарды біздер қорғап, пайдалана білуіміз керек.Бөлме өсімдіктері ауаны тазартып қана қоймайды,ауырғанда емге шипа да болатынын еске сақтаңдар. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады.

2.7. Бастауыш сынып оқушыларының пікірлері

                    

Оқушылар арасында сауалнама жүргіздік.

1.Үйлеріңде қандай бөлме өсімдіктері өсіп тұр?

2.Гераньның  пайдасын білесіңдер ме?

3.Ауырған кезде емге қолдандыңдар ма?

Сауалнаманы жүргізу барысында  оқушылардың  80% гераньды білетіндерін  және үйлерінде  осы өсімдіктердің өсетіндерін  айтты.5%  құлақ ауырғанда  емдеуге болатынын айтты. 90 % гераньның пайдасын білмейтін болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Осы ғылыми жобаны зерттеп жазу барысында мен бөлме гүлдері туралы соның ішінде герань гүлінің тарихын, ғалымдардың зерттеген жұмыстарын, олардың қасиеттерін, қалай күту керектігін және тағы да басқа фактілер мен материалды жинастыру барысында өзіме үлкен жаңалықтар аштым. Бұрыннан бері мен өсімдіктер жайлы көп мәліметтер білгім келген. Міне осы жобаны зерттеу барысында барлық білмеген сұрақтарыма жауап таптым.   Сондай - ақ герань біздің  аса бағалы «үй дәріханасына» қажет екенін білдім.Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, балалар және жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды дәрілер жасалса жақсы болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қ.Құрманов «Жасыл әлем» /Мектеп баспасы/ Алматы, 1977 жыл

2.«Гүлстан» журналы «Бөлме гүлдерінің күтімі» 2012 жыл №3

3.«Гүлстан» журналы «Қазтамақ-жедел жәрдем» 2011 жыл №12

4..Авадяева Е.Н. Комнатные растения, Москва «Олма-ПРЕСС»2001 г

5.Носов А. Лекарственные растения, Москва, 1999 г.

6.Плешаков А.А. От земли до неба Москва «Просвещение» 2010 г.

7.Савенков А.И. «Я – исследователь» (рабочая тетрадь для младших школьников), изд-во «Федоров», Самара, 2010 г.

8.Степура А. «Комнатные растения. Практическая энциклопедия», изд-во Мир книги, Москва, 2004 г.

9.Тельпуховская Г.А. Цветы нашего сада, Восточно-сибирское издательство, 1991 г.

10.https://massaget.kz/blogs/262/

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив