Ой жүгіртер математика

Жамбыл облысы Тараз каласы Шолдала ауылы

59 орта метептің  математика  пәні  оқытушысы

Кушакбаева Урингул Қалиевнаның

«Ой- жүгіртер математика» атты

түрлі есептер  жинағы.

                                 Математикалық  ребустар

  • АБ + А = ББВ
  • Б3 * 1 А = А 31
  • 9 А : 1 А = А
  • А Б * А = Б Б Б
  • А Б В Г

        + А Б В Г

        В Г Д А Г

  • АВ + А = ССС
  • 2  2  2  2  2 = 7 қандай  таңбалар қою арқылы  7-ні

шығарып алуға болады?

  • 1 2 3 4  5 сандарына таңба және жакша кою аркылы осы сандардың  мәні 1-ге тең етіп шығар.
  • Екі санның қосындысы 583. Біреуі 0ден аяқталады. Егер нөлді сызып тастасақ,екінші сан шығады. Осы сандарды тап?
  • 2-ге,3-ке,4-ке бөлгенде әр уақытта 1-ге тең    қалдық қалатын және 5 – ке қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал  санды  тап.
  • Сандардың біреуінен баскасы белгілі бір ережеге сәйкес жазылған. Ережеге сай емес кандай сан?

1,2,5,10,13,26,29,48

  • Екі таңбалы санға сондай санды тиркеп жазса, әуелгі сан қалай өзгереді?
  • 1,3,7 және 2 цифрларын қолданып 3000-нан артық болатын барлық төрттаңбалы сандарды құрастыр. Олар нешеу?
  • Цифрлары әртүрлі болатын екі кіші төрттаңбалы санды тап.
  • 60 санының неше бөлгіші бар?
  • Қандай төрт санды қосқанда және көбейткенде нәтижесінде 1 ғана сан шығады?
  • Екі таңбалы санды тап. Бірлігі сол санның 7 есе кем болу керек.
  • 1 4 2 8 5 7 сандарды қай санға көбейтсе мәндері біркелкі сандардан шығатын сан шығады? (0-ден баска)
  • Мына сандардың көбейтіндісі қандай цифрмен аякталады? 13 * 14*15*16*17
  • USA

        +USSR

          PEACE

 

 

 

ТАПҚЫРЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕТІН  ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

  • Күшіктер мен үйрек балапандарының  42 аяғы мен  12 басы бар. Қанша үйрек балапаны және қанша  күшік бар?
  • Үш дүкенде 5500 кг кант бар. Екінші дүкенде біріншіге қарағанда 3 есе артық, үшіншіде біріншіге қарағанда 500 кг артық. Әр дүкенде неше кг қант бар?

3) Қарт шал базарға жұмыртқа сатуға барды .     Көршісі шалдан : -Неше жұмыртға әкелдің деп сұрады? .Сонда шал төмендегідей жауап берді . Себетте бірнеше жұмыртқа бар.Егер екі - екіден   қойсам ,біреуі артық қалады, егер де  үш-үштен қойсам ,   тағы  да біреуі артық қалады , ал егер  төрт-төрттен   қойсам онда да біреуі артық қалады, бес-бестен қойсам ,біреуі артық қалады,алты-алтыдан қойсам да біреуі артық қалады . Егер жеті -жетіден қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды.Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар.

4)1. Үш турист бірге тамақтанбақшы болды. Біріншісі 2 бөлке нан берді,екіншісі 3 бөлке нан,ал үшіншісі 50тенге берді. Осы ақшадан біріншісі қанша және  екіншісі қанша  алу керек?

5) 2. 100 турист келді. Олардың 10 адамы агылшынша да, французша да білмейді. 75 адам агылшынша біледі, 83 адамы французша біледі. Неше турист екі тілді де біледі?

6) Майрада Ғалияға қарағанда  15 құттықтау хат кем болды. Қыздарға тағы 6 құттықтау хат сыйлады. Ғалияның құттықтау хаты Майраға қарағанда  2 есе артты. Қыздарда алғашқыда қанша құттықтау хаты болған?

7) Бірінші бидонда екіншіге қарағанда 3 есе артық сүт болған. Бірінші бидонға 6 литр сүт, екінші бидонға 7л сүт құйғаннан кейін,бірінші бидонда екінші бидонға қарағанда 2 есе артық сүт болды. Әрбір бидонда  неше литр сүт болған.

8)   Сыныпта 35 оқушы.  Оның  20  оқушысы математикалық кружокқа қатысады,11  оқушысы  биологиялық кружокқа қатысады, ал 10 оқушы ешқандай кружокқа қатыспайды.Сонда биологиялық кружоктағы неше оқушы математикалық кружокта

        9)   Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді . Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп  бергенде ,әрқайсысы бірдей алма алды, қалған  алмалардаң  жартысын ұлдарына бөліп берді,онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді.Бірақ әрбір ер бала  әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл,неше қыз бар.

 10) Екі ыдыста 540 литр су. Бірінші ыдыстан минутына 25 литр су ағады, екіншіден минутына 15 литр су ағады неше минутта кейін біреуінде екінішісіне қарағанда 6 есе көп ағады?

11) Ит пен торай 5 жәшіктің салмағына тең. Торайдың салмағы 4 мысықтың салмағына тең. Екі мысық және торай 3 жәшіктің салмағына тең. Неше мысық бір иттің  салмағына  тең?

12) Үш кесек металды ерітті. Бірінші кесектің салмағы екіншіден 6кг артық,екіншінің салмағы үшіншінің салмағынан 2 есе артық.

Үшіншінің салмағы біріншінің салмағынан 3 есе кем. Әр кесектегі металдың салмағын тап.

13)Дүкеншіде картопты 3кг-дық  және 5 кг- дық  дорбаларға салды. Барлығы 24 дорба болды. 5кг-дық дорбалардың салмағы 3кг – дық дорбалардың салмағына тең. 3 кг – дық дорба нешеу?

14)10 өріктің массасы 3 алма мен 1 алмұрттың массасына тең. Ал 6 өрік пен 1 алманың массасы 1 алмұрттың массасына тең. Қанша өрік 1 алмұрттың  массасына  тең?

15) Қоймада  5 бөшке толық  бензин, 11 бөшке жартылай бензин және 8 бос бөшке бар. Үш мекемеге  бөшкені де, бензинді де қалай тең етіп бөліп  беруге болады?

16) Кітап дүкенінде екі сөреде 96 кітап болды. Бірінші сөреден екінші сөреге 9 кітапты қойды, ал екінші сөреден 14 кітапты сатты. Сонда екі сөреде кітаптың саны теңесті. Алғашқы рет әр сөреде қанша кітап болған?

17) Қабырға сағаты әр бүтін сағат сайын,сол сағат санымен және әр жарты сағат сайын 1 рет көкектейді. Сонда тәулігіне барлығы неше рет көкектейді?

18) Сыныптағы оқушылардың 1 бөлігі «5» алды, 1 бөлігі «4» алды, тең жартысы «3» алды, қалғандары «2» алды. Неше оқушы «2» алды?

19) Ұлы туғанда шешесі 21 жаста болды. Егер 1969 жылы ұлы шешесінен 4,5 есе кіші болса, 1986 жылы шешесі мен баласы неше жаста болады?

20) Үш бала конструктор сатып алды. Бірінші баланың төлеген акшасының  жартысы екінші бала төлеген ақшасының 1 бөлігі. Үшінші бала біріншіден екі есе артық төледі. Үшінші бала екінші ден 96 теңге артық  төлесе конструктор қанша тұрады?

 

Күкірттті  пайдаланып  есептеу мысалдары

1) «Үй  құру» Күкірттің бір дәнін қозғау арқылы үйді қарама -қарсы жакка аудару керек. (11 күкірт керек)

 

 

 

 

2)Арифметиалық есеп. Күкірттің бір дәнін қозғау арқылы кате теңдікке айналдыр. Есеп бірнеше шешімге ие.

VI – IV = IX

  • Ойлау есебі. Бес күкірттің дәнінен, оны сындырмастан 8 санын жасау керек?
  • Квадрат құру есебі. (16 күкірт керек) Бір орыннан екінші орынға 2 күкіртті қозғау арқылы төрт квадраттан сол өлшемде бес квадрат жаса.

 

 

 

 

 

  • «Алтын балық» есебі. (8 күкірт керек) Күкірттің 3 дәнін қозғау арқылы балықтың қарама – қарсы жакка жұргізу керек.

 

Жұмбақ  есептер

Математиканы ұқпас адамға 

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс,бұрыс ,аралас деп

Түрлері оның берілген /______________/

 

Оң сандарға қол шатырдай

Калпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

 Белгісі оның кетеді (____________)

 

            Екі бұрыш ежелден

         Тату көрші болған екен

          Бірін – бірі толықтырып

          Бір түзуде жатады екен(_________________)

 

         Екі түзу қатар жүріп

           Үшіншісін  қияды

         Сонда шыққан бұрыштарды

          Кімдер айтып жияды.       (______________)

 

 

         Қарама-қарсы қабырғалары

         Параллель боп қосылған

         Оқыңызшы аталуында

          Параллель , грамм сөзі қосылған (_________)

 

 

Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канекі

Қалай ғана аталды  (__________)

 

Шелекке ұқсайтын дене

Біліңдерші сіз қане? /____________/

                            ҚЫЗЫҚТЫ ӘЗІЛ  ЕСЕПТЕР

  • 2 сантиметрлі 16 таяқша,1 сантиметрлі 12 таяқша және 3 сантиметрлі 13 таяқша бар. Осы таяқшалардан тік төртбұрыш құрастыруға бола ма?
  • Марат екінші қабатта тұрады. Самат сол подъезде тұрады,бірақ оған 2 есе артық көтерілуге тура келеді. Бірінші қабатқа дейін баспалдақ жоқ, Самат қай қабатта тұрады?
  • 3 минуттық және 7 минуттық құм сағаттар бар. Жұмыртқаны 4 минут пісіру керек. Құм сағаттардың көмегімен жұмыртқаны қалай пісіріп алуға болады?
  • Дәрігер Айгүлге 3 дәрі берді.Әрбір дәріні 20 минуттан кейін ішу керектігін айтты. Дәрі қанша уақытқа жетеді?
  • Такси ауылға келе жатыр.Жолда 5 жүк машинасы және 3жеңіл машина кездесті. Неше машина ауылға келді?
  • 1кг ет бір сағатта піседі, ал жарты кг ет қанша уакытта піседі?
  • Қоймада 5 цистернамен 6 тоннадан жағармай болды. Екі цистернадан колхозшыларға жағармай берілді. Қоймада қанша жағар жанармай қалды?
  • 10 насос 10 минутта 10 тонна су тартады. 20 насос 20 тонна суды неше минутта тартады.
  • Құмырска көрші илеуге қонаққа барды. Ол барарында жаяу, ал қайтқанда жолдың бірінші жартысында жұлдызқұртқа мініп жаяу барғаннан екі есе акырын жүрді, ал жолдың екінші жартысында инелікке отырды да жаяу жүргеннен 5 есе артық жүрді. Құмырсқа қонаққа барғанда аз уақыт жұмсады, жоқ қайтқанда ма?
  • Периметрі 26 см, ауданы 12 см,кв тіктөртбұрыштың қабырғалары қанша?
  • 3 бірдей қарбызды бірдей етіп 4 балаға бөлу керек. Аз тілік жасап қарбызды қалай бөлуге болады?
  • Себетте алма екі таңбалы сан. Алманы бірдей етіп 2,3 және 5 балаға бөліп беруге болады. 4 балаға бөлуге болмайды. Себетте неше алма?
  • Бөтелкеде,стақанда және құмырада және банкіде сүт, қымыз, шұбат және су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес екендігі белгілі,қымыз құйылған ыдыс құмыра мен шұбат құйылған ыдыстың арасында тұр. Банкіде қымыз да,суда емес. Стақан банкы мен сүт құйылған ыдыстың жанында тұр.

Сұйықтардың әрқайсысы қандай ыдысқа құйылған?

14)жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең.

    5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда канша болады?

  • 8 наурызда екі шешей мен екі қызына,әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?
  • Қайрат,Алма,Сәуле дойбы ойнады,Әрқайсысы 2 партиядан ойнады. Олар барлығы неше партия ойнады.
  • Бесінші қабатқа көтерілу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа көтерілуге неше басқышқа көтерілесіз?
  • Кенгуру ата-аналарының 3 кішкентай қыздары бар. Әр кенгуру кызының екі кенгуру інілері бар. Кенгуру от басында неше мүше?
  • Балықшыдан неше балық ұстадың десе:
  • Жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін -деді. Балықшы неше балық ұстады?

19)Алмұрт алмадан екі есе қымбат, 8 алма қымбатпа, әлде 4 алмұрт қымбат па?

20)Үлестірме қағазбен 9 + 2 + 9= 20 екенін таптық. Енді осы үлестірме қағаздардың көмегімен 14 болатындай етіп қалай шығарып алуға болады?

 

 

 

 

 

 

 

ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫЛҒАН ЕСЕПТЕР

  • Әпке - сіңілдер  

15 жыл алдын Нүргүл өзінің сіңлісі Нуриядан 5 есе үлкен және 20 жылдан соң 1,5 есе үлкен болса, әпке сіңлілердің жасын тап.

  • Ата және немересі

Немере неше айлық болса, ата сонша жаста. Ата және  немере бірге 91 жаста. Ата және  немеренің жасы нешеде?

  • Фермада

Фермада қояндар мен тауықтар бағылады. Олардың  бастары біргелікте 740 , аяқтары 1980 болса, фермада қанша қояндар және тауықтарының саны қанша?

 

 

                              Пайдаланылған  әдебиеттер

 

  1. Ә. Наурызбайқызы,Қ Әубәкірқызы,С Мұқанбетқызы Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар.
  2. http:// matem.kz.

     

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив