Pront Page редакторы. Жалпы мәлімет

Пән аты:   Информатика 

Класы:  11 «A»

Сабақтың тақырыбы:  Pront Page редакторы. Жалпы мәлімет

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

           Тәрбиелігі:  Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, 

                                                        пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютер, топтама.

Дидактикалық материалдар:  оқулық, дәптер.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау  соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:  

 Өзіндік Web-бет жасауға кірісер алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және терминдерімен танысу қажет. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бұл – Web-серверде жататын беттердің HTML пішіміндегі жинағы.

 Web-сервер дегеніміз – бұл осы беттерді пайдаланушылар сұратуы бойынша беретін, Интернетке үнемі қосылып тұрған компьютер.

Web-тарап - Web-беттердің жай ғана жиынтығынан анағұрлым үлкен нәрсе. Бұл – торапты бір тұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі, торап-тың бірыңғай стилистикалық безендірілуі, тораптағы ақпараттың уақтылы жаңаруы мен жеке беттердің жүктелу жылдамдығы және тағы басқа нәрселер. Web құжаттардың кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы – гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырғанда оның басқа бөлігіне немесе басқа Web құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне шығуға мүмкіндік береді. Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес  Web құжаты мәтінінің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқанда маус меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдаланушыға «пайдаланылған» гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Үй беті дегеніміз – сұратуында  Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web үй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті – бұл Web-тің айнасы, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекшк мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі – пайдаланушыға Web-тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсыну.

HTML тілі «гипермәндік белгілеу тілі» болып табылады. HTML файлы дегеніміз – htm немесе html кеңейту, браузерімізде (браузер – Интернеттің терезесі іспеттес, мысалы, lnternet Exploler немесе Netscape Navigator) көретін беттік мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар –тегалар. Көп жағдайларда бұл тілді білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың  бірі – кәдімгі Microsoft  Word  2000. Әрине,  Microsoft  Word  2000 бет жасаудың маңызды құралы бола алмайды. Ол  HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т.б.

Жаңа сабақты бекіту:   Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.                                                            

Үйге тапсырма:     Pront Page редакторы. Жалпы мәлімет

         

Сабақты қорытындылау:    Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген

                                                                     білімдерін  талдау, бағалау.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив