Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау

Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы
З.О.Баймырзаев атындағы орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі
Туреева Кундыз Сарсенбаевна
8 СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы: §23. Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында кесте құру жөнінде оқушыларға толық түсінік беру.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында кесте құруда ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық
белсенділігін арттыру.
Сабақтың уақыты: 45 минут
Сабақтың түрі: Теория
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Қаріптерді пішімдеу не үшін қолданылады?
2) Мәтіннің түрін қалай өзгертеміз?
3) Қаріптің өлшемін қалай өзгертеміз?
4) Бет өрістерін рәсімдеу әдістерін сипатта.
5) Бет нөмірлерін қалай қоюға болады?
6) Мәтінді баспадан шығару жолы.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абцазтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша пішімдеуге болады. Құжатта кесте даярлаудың екі әдісі бар.
1-әдіс
Кесте (Таблица) мәзіріндегі Кірістіру→Кесте (Вставить→Таблица) командасын таңдаңыз. Кестені қою терезесіндегі бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қою. Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автопішім (Автоформат) батырмасын басу арқылы автоматты түрде пішімдеуге болады. Терезе ішінде көрсетілген пішімді Автопішім терезесінде таңдауға болады.
2-әдіс
Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу (добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен орындалады: ↑, ↓, ←, →, Tab (бір ұяшық оңға), Shift+Tab (бір ұяшық солға). Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Кесте мәзіріндегі Ұяшықтарды біріктіру (Обьединить ячейки) командасын орындау немесе Кесте және шекара (таблицы и границы) тақтасындағы батырмасын шерту. Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды ұяшыққа апарып, кесте мәзіріндегі Ұяшықтарды бөлу (разбить ячейки) бөлімін таңдаңыз немесе батырмасын шерту. Ұяшықтарды бөлу командасы экранға Бағандар саны (Число столбцов) және Жолдар саны (Чиосло строк) мәндерін енгізетін сұхбат терезесін шақырады. Кесте құрылымын өзгерту бастапқы кестенің жолдар мен бағандар санын өзгерту болып табылады. Кестеге элементтер қою үшін (жол, баған, ұяшық) олардың орнына жаңадан қойылатын элементтерді белгілеп, кесте мәзіріндегі Қосу (Добавить) командасын таңдап, берілген, яғни Бағанның сол жағы, Бағанның оң жағы, Бір жол жоғары, Бір жол төмен ұяшықтар (Столбцы слева, Столбцы справа, Строки выше, Строки ниже, ячейки) пункттерінің керегін таңдау қажет. Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Кесте мәзіріндегі Өшіру (Кесте, Баған, Жол, Ұяшық) [Удалить (Таблица, Столбцы, Строки, ячейки) бөлімін таңдау.
ІV. Бекіту:
• Кесте дегеніміз не?
• Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа қалай бөлуге болады?
• Кестедегі қандай қозғалыс әдістерін ата.
• Бірнеше ұяшықты бір ұяшыққа біріктіру және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қалай орындалады?
• Кесте құру әдісін ата.
V. Үй тапсырмасын беру: §23. Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.
VІ. Бағалау: Оқушыларды бағалау.




























0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив