Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),                            баспаға дайындау. Баспадан шығару.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы
З.О.Баймырзаев атындағы орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі
Туреева Кундыз Сарсенбаевна

5 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),
баспаға дайындау. Баспадан шығару.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.
Сабақтың уақыты: 45 минут
Сабақтың түрі: Теория
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Соңғы әрекетті болдырмау командасы қалай орындалады?
2) Суретті өзгерту жолы
3) Сақталған суреттерді ашу командасы орыдалады?
4) Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?
5) Сурет үзіндісі дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады және масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдалану:
- Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;
- Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын;
- Жай-күй жорлындағы масштаб жүгірткішін;
Суреттің масштабын Ctrl пернесін ұстап тұрып айналдыру арқылы өзгертуге болады. «Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады. Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді. Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бқру бұйрықтарының қалай жұмыс жасайтынын қарастырамыз. Бұл бұйрықта амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды. Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады. Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.
Тапсырманы принтерге жібермей тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырамыз. Paint→Басып шығару батырмасы→Беттің параметрлері. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалау! Бетті баптағаннан кейін алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде қалай орналасқанын көруге болады және Басып шығару (Печать) батырмасын шертеміз.
ІV. Бекіту:
• «Трансформация» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
• Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
• Қырқу дегеніміз не?
• Суреттің масштабын өзгертуге қандай пернені қолданамыз?
• Суретті баспаға қалай шығарамыз?
V. Үй тапсырмасын беру: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),
баспаға дайындау. Баспадан шығару.
VІ. Бағалау: Оқушыларды бағалау.


Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),                            баспаға дайындау. Баспадан шығару.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив