Кесте. Кестелер құру.Кестелерді редакциялау

Кесте. Кестелер құру.Кестелерді редакциялау
Атырау қаласы
Жамбыл орта мектебі
информатика
Толебаева Жайна Жоламанқызы

Кесте. Кестелер құру.Кестелерді редакциялау.

7 класс
Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету.
Тәрбиелілік: Білім деңгейлерін анықтау, нәтижеге жетуге ұмтылуға, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Дамытушылық: Ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке ,оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру
Дайындығың қалай?
«М»Сөзжұмбақ шешу
3. Жаңа сабақ.
4. Дербес компьютермен жұмыс
(Деңгейлік тапсырмалар )
5. Ой қозғау
Ақпараттық диктант
Ребус шешу
6. Үйге тапсырма
7. Бағалау
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Мәтіндік ақпаратты компьютерде
өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар
қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды
2. Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?
Пуск – Все программы – Microsoft
office – Microsoft office Word
3. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері, сырғытпа және айналдыру жолағы, жұмыс аймағы және меңзер, қалып – күй жолы.
4. Құжат құру жолы?
1.Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау
5. Баспаға жіберу
5. 1.Редакциялау дегеніміз не?
Өңдеу, енгізу, өшіру, орнын ауыстыру немесе
құжаттың мазмұнын түзету.
6. Пішімдеу дегеніміз не?
Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.
7. Microsoft Word редакторында неше меңзер бар? Кірістіру нүктесі, I МЕҢЗЕР

8. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз? Формат

«М» сөзжұмбағын дұрыс шешсеңіз мәтінмен жұмыс кезіндегі терминдер кездесесіз.

1. Кірістіру нүктесі
2. WordPad .................................редакторы
3. Тізім құрау батырмасы
4. Редактордың негізгі командалары орналасқан жол
Назар аударатынымыз
1. Кесте құру;
2. Кестенің жолы мен бағанының ұзындығын және енін өзгерту;
3. Кестенің жолын/бағанын қою;
4. Кестенің жолын/бағанын жою;
5. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;
6. Кесте ұяшықтарын форматтау;

а) Жаңа ұғымдар:
Кесте дегеніміз бағандар мен жолдарда реттеліп берілген ақпарат. Ұящық дегеніміз бағандар мен жолдардың қиылысуынан тұрады.
Word мәтіндік процессорында кестелерді үш түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және нарисовать таблицу және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.

1. Ұяшықтарды қосу, өшіру
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалть – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға , жоғарыығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.

Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір-біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячейки.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК-ді басу жеткілікті.


Дербес компьютермен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
І. І. Міндетті деңгей

Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
1. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Оқушы туралы мәлімет

Р/с Оқушының аты-жөні Туған жылы Мекен-жайы Телефоны
1
2
3

І І.Лайықты деңгей
1 тапсырма
1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
«Менің сабақ кестем»

№ Сабақ кестесі
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі

2тапсырма
Кесте ұяшықтарын мына үлгіде біріктір


ІІІ Жоғары деңгей
Сабақ үлгерімі

Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр> Аспаптар тақтасы > Кестелер мен шекаралар (Вид > Панели инструментов > Таблицы и границы) командасын орындау арқылы
сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.
1. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
2. Кестені белгілеу – Формат > Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағанды толтыр.


№ Аты-жөні І тоқсан ІІ тоқсан III тоқсан
Қазақ тілі Матем- ка Инфор- ка Қазақ тілі Матем -ка Информ- ка Қазақ тілі Матем - ка Информ – ка
1
2

Ребус шешу

1 2 3 4 5 6
Д и с к е т

Жауабы: Кесте
Ақпараттық диктант

1. Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат> Шекара және Құю > Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру...............Кесте > Кірістіру > Жол қосу


ҮІІ. Үйге тапсырма: Кесте.Кестелер құру. Кестелерді редакциялау тақырыбын оқу

Дәптерлеріңе «Табиғатқа шыққанда алатын керекті құрал – жабдықтардың аты, мөлшері, бағасы,барлығы,деп әрқайсысын бір-бір бағанға жазу керек әр түрлі әдістерді пайдаланып кесте құру.
Оқушыларды бағалау :


Кесте. Кестелер құру.Кестелерді редакциялау

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив