Сырларым бар химикке болған аян Таба алсаң сырларымды етем баян

«№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі

Жаксыбаева Меруерт Бауыржановна Сәтбаев қаласы әкімдігінің

 

«Сырларым бар химикке болған аян

Таба алсаң сырларымды етем баян»

Жұмбақтар

  1. Ең жеңіл элемент саналады,

  Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (Сутек)

  1. Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент?

Одан кейін біз оны,

Жерден зерттеп тауып ек. (Гелий)

  1. Өзім газбын менімен демаласың,

      Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (Оттек)

  1. Исі,дәмі де жоқ ұсталмайды,

      Ол болмаса,тіршілік өмірде жоқ.

      Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

      Қалады қарауытып көмір шоқ. (Оттегі)

  1. Осы затпен ескі үйді  аластайды,

      Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (Күкірт)

  1. Иісі күшті, сары түсті,

      Активтігі керемет.

      Ондай ылаң қылған,

      Болмаған еш элемент. (Фтор)

  1. Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,

      Ғалымдар да сондықтан

      Сасық деген ат беріп,

      Қолданады дәріге. (Бром)

  1. Күміс түсті металл өзі

      Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

      Жер металы десек те

      Сан құрылыстың өзегі. (Кальций)

  1. Жануарда да адамда да болатын

      Талай снаряд, бомбаларды жаратын.

      Полиграфияда да сенім артып,

      Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний)

  1. Күміс түсті металл өзі

      Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

      Жер металы десек те

      Сан құрылыстың өзегі. (Кальций)

  1. Жануарда да адамда да болатын

            Талай снаряд, бомбаларды жаратын.

            Полиграфияда да сенім артып,

      Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний)

  1. Өзі жылтыр күмістей,

      Жұмсақтығы тағы бар.

      Жеңілдігін ескерсең,

      Пайлаланар жері табылар. (Алюминий)

  1. Табылса бұрын там – тұмнан

      Қазір көп әрбір өлкеде,

      Қандай металл ертеде. (Алюминий )

  1. Қара жер адамзатқа болған мекен,

      Қазына  іші толған  әр түрлі кен.

            Ішінде  жүз мың түрлі асылы бар,

      Солардың ең артығы немене екен. (Темір)

  1. Қымбат деп айтатындай емес алтын,

      Сондада тапты игілік одан халқым.

      Апарып айға елімнің туын тікті

      Жемісін ақыл – ойдың елдің салтын. (Темір)

  1. Қара металлургия жанымын,

      Машина трактордың қанымын.

      VІІІ В топшада болсам да,

      Металл атаулының ең көп қолданатын санымын. (Темір)

  1. Ертеден белгілі жетеудің бірімін,

     «Электроника» саласында ірімін.

      Көптеген құймаларға кіремін,

      Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Мыс)

  1. Менделеев ауылының 6-шы көшесінде тұрамын.

      Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.

      Мені балқыта алмай, қиналды көбісі,

      Қазақстан әлемде, кенім жөнінен біріншісі. (Вольфрам)

  1. Адамдар мені салмақты деп атайды,

      Сонда да мен химиктерге жақпаймын.

      Өндірісім жөнінен Азия мен ТМД-да өз елімді,

      Бірінші қылмай тынбаймын. (Күміс)

  1. Тағады оны төсіне

      Алтыннан басқа алдына

      Салмақты та сабырлы

      Теңеу айтып оған да. (Күміс)

  1. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

      Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (Күміс)

  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық.

      Буланбас, қайнатсаңда отынды үйіп.

      Көрсететін суықты, жылуды анық

      Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)

  1. Өзі ауыр металға жатады,

      Балалар осы металл құйған сақамен атады. (Қорғасын)

  1. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын

      Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын.

      Негізгі пәтерім 24-ші, 6-шы көшеде болса да,

      Кендері Мұғалжарда, тауда жатамын. (Хром)

  1. Мен электротехникада дәнекер ғып қолданады,

      ІІІ орын алғандар құймамды қанағат тұтады.

      Консерв қалбырларын жасауға қатысамын,

      Валенттілігім ІІ мен ІV арасында ауысады. (Қалайы)

  1. Екі буыннан тұратын химиялық элемент,

      Бірінші буыны атау септігінің сұрағы

      Екінші буыны сан есім

      Бұл қандай элемент? (неон)  

  1. Бірінші буыны көп емес,

      Екінші буыны тілсіз жау

      Ауаның құрамдас бөлігі

      Бұл қандай элемент? (Азот)

  1. Алғашқы буыным тасқын су

      Екінші буыным мал құлағына салынатын белгі

      Мен қандай элементпін? (Селен)

  1. Орыс тілінде екі түрлі сүтқоректі жануардың атынан менің атым құралады,

      сәл ойлансаң мені табасың. (Мышьяк)

  1. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді,

      екінші буыным шараппен улану деген мағынада,

      ол қандай тұз? (Алмас)

  1. Бірінші бөлігі алда кел деген бұйрық рай,

      Екінші бөлігі сан есім,

      Шипалы газ деп те есептелінеді

      Бұл қандай газ? (Озон)

  1. Теріні ультракүлгін сәулесінен қорғайды

      Өзін оттектің үш атомы құрайды? (Озон)

  1. Мен бүлдіргіш элемент,

      Бірінші әрпімді соңыма тіркесең,

    Химиялық құбылыссыз,

     Басқа затқа айналамын. (Фтор-тор)

  1. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін,

      керісінше оқысаңыз- өткізгішпін. (Мыс-сым)

  1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

      Кім бар екен ортада оны білмес? (Ас тұзы)

  1. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

      Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (Су)

  1. Ес түссіз адам талып қалса кейде,

      Иіскетсең есін жияр ол лезде (Мүсәтір спирті)

  1. Кең әлемді кернейді

      Көзің бірақ көрмейді (Ауа)

  1. Алтын менен күмісті кім білмейді,

      Қолда барда қуанып кім күлмейді .

      Химиктерге жақпайтын сыры бар

      Әрқашан жаман металл құрғыр дейді. (Активсіз металл)

  1. Фосфор жақсақ будақтап,

     Ақ түтінін түзеді.

     Ол түтінді су сорып,

     Қандай қосылыс түзеді?  (Фосфор қышқылы)

  1. Су бетінде безектеп,

      Металл натрий жүзеді.

      Ең соңында жоқ болып,

      Қандай қосылыс түзеді? (Натрий гидроксиді)

  1. Тоң май деп, ұстап жүрме кетіп,

      Денеңді күйдіреді күлдіретіп.

      Ерітіндісі мөп-мөлдір, судан тұнық

      Алатын майға қосып сабын етіп. (Сілті)

  1. Адам мен жануардан бөлінеді

      Өсімдіктің торына ілігеді. (Көмірқышқыл газы)

  1. Аяғыңның астында жататын зат,

            Тауға айналып, тас болып қататын зат. (Кремний оксиді)

  1. Табылған соң жерден 105 элемент,

      Жерді үлкен дене дейміз керемет.

      Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін.

      Екеуіне төрттен үші келер еді.

      Атаңдар сол элементті

      Құрап тұрған екреметті.  (Оттегі және кремний)

  1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

      Екі элемент бізге бұрын танылды.

      Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,

      Қосылысын алып соған ағылды.    (Оттегі, сутегі және су.)

  1. Салмағың бар өлшесем,

       Көрінбейсің көзге сен.   (Ауа.)

  1. Тоң май деп, ұстап жүрме кетіп

      Денеңді күйдіретін  күлдіретіп,

      Ерітіндісі мөп – мөлдір, судан тұнық

      Алатын майға қосып, сабын етіп.   (Натрий гидроксиді.)

  1. Ауаны шарлап кезеді.

      Таза күйде пайдасыз,

      Білгіш болсаң айтағой

  1. Қосылысы – өмір өзегі.  (Азот.)

      Болмасада айқын түсі – тұманды,

      Иісі бар көңіл ашар ұнамды.

     «Шаттандырғыш»  қандай газды білесің, 

      Кім айтады, қосылысын нанымды.  (Азоттың шала тотығы – N2Ожәне оттегі)

  1. Өсімдікке нәр беріп, қуат болған,

      Өнімі артып, егістік  қырман толған.

      Бұл қандай зат: қандай өсімдіктің,

      Беретұғын химиктер жасап қолдан?  (Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары.)

  1. Химияның дерегі,

      «Патша арағы» дер еді.

      Патша да оны ішпейді,

      Басқа да оны ішпейді,

      Дүкендерге түспейді,

      Айтшы неден істейді ?

(«Патша арағы» деп бір көлем азот қышқылы мен үш көлем тұз қышқылының қоспасын айтады. Мұндай қоспадағы ерітіндідегі салынған барлық металдардың «патшасы» деп аталатын алтын да ериді. Сондықтан  осы қоспаны «патша арағы» деп атап кеткен)

  1. Фосфор жақсаң будақтап,

      Ақ түтінін түзеді,

      Ол түтінді су сорып

      Қандай қосылыс түзеді?

 (Фосфор жанып, фосфор оксидін, ол суды алып, фосфор қышқылына айналады )

  1. Кейде тас тіледі, мықты боп болаттанда,

      Кейде жұмсақ қолға алсаң, қалар таңба,

      Бар ма элемент осындай табиғатта,

      Аташы тағы ойланып  ұзақ таңға.

(Көміртегінің түр өзгерісі – алмаз бен графит)

  1. Сынаптан бір шықпайды.

      Тимесең жұқпайды.

      Жәрдемісіз бұл заттың

      Оқушысабақ ұқпайды.

(Бор. Көмір  қышқылының калъций  тұзы)

  1. Қышқылға түстім жоқ болдым,

      Сілтіге түстім от болдым,

      Айтыңдаршы балалар,

      Неліктен мен «шоқ» болдым? (фенолфталин)

  1. Қышқылға құлап қызардың,

      Раушан гүлдей шырайлы

      Секірдің де сілтіге

      Сарғалдақтай сарғайдың

      Тек тұрсаң да әдемі ең,

      Ал қызыл түсің арайлы

      Айтшы өзің кім едің? (метилоранж)

  1. Өзі сөзі гректің

      Білдірер қосу дегенді

      Табыңдар қане тезірек

      Қайталап жүрсең өткенді (Синтез)

  1.  Атомның бір бөлшегі

       Тұрады ол ортада.

       Элемент орны екенін

       Көрсетеді қашанда. (Ядро)

  1. Түссіз, ауыр, сұйықтық,

      Су құйылса, қызып тұр.

      Ылғал тартып ауадан,

      Күштілігі артып тұр.

      Ал, қанекей айтыңдар,

      Қай қышқылды айтып тұр? (Күкірт қышқылы)

  1. Өнеркәсіпте алады,

      Сұйық күйінде қалады.

      Қос қабырғалы ыдыста,

      Сақтап оны қояды. (Оттек. Дьюар ыдысы)

  1. Табиғаттың құдіреті,

      Жарық нұры білсеңіз.

      Жайқалып өсер бал құрақ,

      Дәнді егер сепсеңіз. (һ, v жарық кванты)

  1. Су, көміртек қос тотық,

      Әппақ нұрдан нәр алып.

      Әкеледі өмірге

      Қуат берер эликсир. (глюкоза)

  1. Тіршіліктің негізі,

      Құбылады қылықпен.

      Бірде түзу тұрады,

      Бірде цикл құрады. (таутомерия)

  1. Тобы бар оның ерекше,

      Сақшыдай дайын тұратын

      Күміс айна құдыретін,

      Көрсетер қалың қауымға. (карбонил тобы)

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив