Оңтүстік Қазақстандағы өндіріс орындарv

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы
Олжатай Гүлжанар Төребекқызы

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстандағы өндіріс орындар

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларды зерттеу жұмысына баулу. Оңтүстік Қазақстанның өндіріс орындары туралы мәлімет беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой - өрістерін арттыру. Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топтық процеске байланысты пікір алмасу, ақпараттарды зерттеу барысында ортақ қорытынды шығару қасиеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, өз жеріне мақтаныш етуге тәрбиелеу. Ұжымдық шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зерттеу сабағы.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері : СТО стратегиялары (ой қозғау, ой ашар, сұрақ-жауап, сын тұрғыдан ойлау мен жазу, топтастыру, түртіп алу, сәйкестігін табу, кубизм, іздендіру, топтық жұмыс тәсілі, рефлексия).

Сабақтың формасы: топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, бейнежазба, зерттеу жұмысының кестесі, бұлттар салынған кеспелер, кубик, плакаттар

Пәнаралық байланыс: жағрапия, орыс тілі, халықтық педагогика, тарих.

Сабақтың ұраны : « Еңбек етсең,
Білім, өнер сенікі» ( С. Мұқанов )


Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында екі топқа бөлемін:

1. “Алматы” тобы;

2. “Шымкент” тобы

- Біз өткен сабақтарда қандай жұмыспен айналыстық ?
- Қазақстандағы өндіріс орындары туралы әңгімеледік.
- Салалас құрмалас сөйлемдерді талдадық
- Дұрыс, бүгінгі сабақта осы тақырыпты жалғастырамыз және қорытындылаймыз
- Сабағымыздың басында Қазақстандағы өндіріс орындары туралы айтайық


Қазақстан картасымен жұмыс.


- Қазақстандағы өндіріс орындары туралы не білесіңдер қазір тексереміз
- Жерімізге бұлт төнбес үшін әр бұлтты ашып, сұрақтарға жауап береміз. Қай қала екенін анықтаймыз. Кім бірінші бастайды ?


1. Ой шақыру.
(әр топ сұрақтарға жауап беру арқылы карта бетіндегі бұлттарды ашады)

Бұлттағы сұрақтар.
1. Алюминий тотығын өндіретін, химиялық шикізатпен халықты қамтамасыз ететін ірі зауытымен белгілі Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан қай аймақ?

(Павлодар, «Каустик»)

2. Қазақстаның солтүстігінде орналасқан ет-консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, металлургиялық кәсіпорны дамыған аймақ?

(Қостанай, «Металл қақтайтын» зауыт)


3.Оңтүстік шығыста орналасқан сүт зауытымен белгілі, жеміс – жидек мол жер?
(Алматы, «Амиран» сүт зауыты)

4.Батыста, Каспий маңында орналасқан, мұнай өндіріп, отандық жалғыз кеме жөндеу зауытымен белгілі?

(Ақтау)


5.Отын-энергетика, көлік және сонымен қатар агроөнеркәсіп кешендері үшін (трактор тіркемелері, ауыл шаруашылық кұралдарына қосалқы бөлшек) кұрал-жабдық шығаруға маманданған машина жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар өлке?
(Петропавл)

6.Оңтүстік шығыста орналасқан, аккумулятор шығарылатын зауыты бар қала?

(Талдықорған)


7.Оңтүстікте орналасқан, жеңіл және тоқыма өнеркәсібімен айналысатын зауыт? (Шымкент, «Окси-Текстиль» зауыты

8.Батыстың солтүстік жағында орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, газ өндіреді ?

(Орал)


9.Орталықта орналасқан, көмір, қара металды аймақ?
(Қарағанды)

10.Республиканың оңтүстігінде орналасқан күріш өсірумен айналасады?
(Қызылорда, «Қызылордакүрішмаш» зауыты)


11.Батыста орналасқан, газ, мұнай өндіру жағынан көшбасшы облыс?
(Атырау)

12.Республиканың солтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылық машина жасап, вагон шығаратын зауытымен белгілі?
(Астана )

13. Шығыста орналасқан қорғасын-мырыш өндіретін, магний-титан өнеркәсібінің орталығы?
(Өскемен)


14.Республикамыздың оңтүстік аймағында орналасқан минералды тыңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыты бар өлке?
(Тараз)

15.Республиканың солтүстігінде орналасқан Радиозауыт, кен байыту комбинаттары жұмыс істейді?
(Көкшетау, Васильков кен байыту комбинаты)

16.Батыс Қазақстанда орналасқан медициналық компьютерлік томограф, сондай-ақ ең ірі ферроқорытпа зауыттарымен белгілі өңір

(Ақтөбе)



2. Ой ашар
(Бірінші қатарда қала аттары жазылып тұр. Екінші қатарда –қандай ірі кәсіпорындарымен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер берілген. Сәйкестігін табыңдар).


ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫ

Кәсіпорындар бар даңқты
Таңқалдыратын халықты.
Ол қаладағы кәсіпорындар
Несімен даңқты?



Қарағанды сүт зауыты, су электр станциясы
Ақтау қорғасын-мырыш комбинаты
Павлодар табиғи газ
Шымкент кен байыту комбинаты
Қызылорда аккумулятор зауыты
Алматы вагон шығаратын зауыт
Қостанай мұнай
Өскемен суперфосфат зауыты
Ақтөбе кеме жөндеу зауыты
Орал медициналық компьютерлік томограф
Атырау жеңіл және тоқыма зауыты
Тараз алюминий зауыты
Көкшетау көмір алабы
Талдықорған күріш зауыты
Петропавл Отын-энергетика, ет комбинаты
Ал, Астана ше ? металлургия зауыты
Меніңше, -Астана




Дұрыс жауабы

Қарағанды көмір алабы
Ақтау кеме жөндеу зауыты
Павлодар алюминий зауыты
Шымкент жеңіл және тоқыма зауыты
Қызылорда күріш зауыты
Алматы сүт зауыты, су электр станциясы
Қостанай металлургия зауыты
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты
Ақтөбе медициналық компьютерлік томограф
Орал табиғи газ
Атырау мұнай
Тараз суперфосфат зауыты
Көкшетау кен байыту комбинаты
Талдықорған аккумулятор зауыты
Петропавл Отын-энергетика, ет комбинаты
Ал, Астана ше ?
Меніңше, -Астана вагон шығаратын зауыт




2. Топтастыру әдісі.
(әр топқа плакаттар таратылады, плакатқа сабақтас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемге қатысты білімдерін топтастырып көрсетіп, жазғандарын дәлелдейді )

1топ. Сабақтас құрмалас сөйлем


Баяндауыштары тиянақты болмайды өзара бағына байланысады

Бағыныңқы, басыңқы Сабақтас құрмалас сөйлем. Қосымша арқылы

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай
6 түрге бөлінеді.

1.Шартты бағыныңқы
2.Қарсылықты бағыныңқы
3.Себеп бағыныңқы
4.Мақсат бағыныңқы
5.Мезгіл бағыныңқы
6.Қимыл-сын бағыныңқы



2топ. Салалас құрмалас сөйлем


Баяндауыштары тиянақты болады өзара тең дәрежеде байланысады

Интонация арқылы Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулық шылаулар арқылы

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай
6 түрге бөлінеді.

1.Талғаулы салалас
2.Кезектес салалас
3.Түсіндірмелі салалас
4.Ыңғайлас салалас
5.Қарсылықты салалас
6.Себеп-салдар салалас



ІІІ. Жаңа сабақ. Оңтүстік Қазақстандағы өндіріс орындары

Оңтүстік экономикалық ауданда 78 қаламен кенттер бар.Басты қалалары - Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда.
Оңтүстік Қазақстан - республиканың ірі аграрлы-индустриалдық аудандарының бірі. Жетекші салалары болып агроөнеркәсіп кешенінің салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркөсіптері мен машина жасау саналады.
Талдықорған қаласы қазіргі уақытта ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің негізгі орталықтарының бірі. Мұнда жеміс - консерві комбинаты, қант зауыты мен «Ажар» тігін фирмасы жұмыс істейді(100-ден астам өнім түрлерін шығарады).
Машина жасау өнеркәсібі де дамыған, ТМД-дағы жалғыз аккумулятор зауыты жұмыс істейді. Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат, темір-бетон, асфальт, кабель зауыттары бар.
Таразда минералды тыңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыты бар. «ЕуроХимТыңайтқыш» ЖШС ресейлік ірі «ЕвроХим» минералдық-химиялық компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылады.
Қызылорда қаласында күріш машиналарын шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары мен құралдар комбинаты, эксперименттік механикалық және тәжірибелік жөндеу-механикалық зауыттары, тоқылмайтын маталар, аяқ-киім фабрикалары, сонымен бірге астық өнімдері және азық-түлік, тағам бағытында «Береке-нан», «Балық», «Жайна» «Ісмер», «Қуат» АҚ-тары жұмыс істейді. Қалада «Айдан», «Аңсар», «Айжан», «Бабас», «Бастау және К», «Бейбарыс», «Сыр шарабы», «Темірхан», «Яксарт» және т.б. ӨК, АҚ-дар мен кәсіпорындар елге қызмет көрсетеді.





Сөздікпен жұмыс
Инфрақұрылым-инфраструктура
Мырыш-цинк
Қалайы-олово
Қорғасын-свинец
Мұнай-нефть
Көмір-уголь
Қорытпа-сплав
Тоқыма өндірісі- текстильная прмышленность
Шұлық тоқу-вязать чулки
өнім-выроботка, продукция
жетекші сала –ведущая сфера
кешен –комплекс
жабдық-оборудование, устроиство
шикізат-сырое вещество



Бейнесюжетті көру.
- Аталған қалаларды мен жұлдыздармен белгіледім. Ерекше екі жұлдыз тұр. Ол қандай қалалар? (Алматы, Шымкент)
- Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар ?
- Алматы – бұрынғы астанамыз.
-Шымкент– біздің туған жеріміз.




Кубизм стратегиясы
Тақырыпты жан-жақты қамту үшін төмендегі әдістерді қолданамыз. Кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша жүреді. Оқушы өз еркімен тақырыпты таңдай алады.

Алты қыры бар:
• Сипаттаңыз
• Ассоцияция құрыңыз
• Аударыңыз
• Талдау жасаңыз
• Қолданыңыз
• Альтернатив тест



- Топтың ішінде әр оқушының қызметі болады
- Әр топқа зерттеу жұмысының жоспары беріледі

«Алматы» тобы -Алматы қаласын зерттейді.
«Шымкент» тобы–Шымкент қаласын зерттейді.


ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1. Сипаттаңыз (Қаладағы кәсіпорындарға жалпы сипаттама береді)

2. Ассоцияция құрыңыз (Әр топ өз қаласындағы кәсіпорындар түрлеріне жан-жақты талдау жасайды)

3. Аударыңыз (Әр топ өз қаласына қатысты мәтінді орыс тіліне аударады

4.Талдау жасаңыз (фонетикалық талдау жасаңыз)

- фонетикалық талдау жасау;

5. Қолданыңыз (Суретті құрмалас сөйлем немесе кәсіпорынмен байланыстырып, сөйлем құрау)
1 топқа «Ми» суреті
2 топқа «Сағат» суреті

6. Альтернатив тест

Мұғалім
- топтарды басқару;
- түсініксіз, таныс емес, бұрын кездеспеген сөздерді, сөз тізбектерді түсіндіру;
- оқушылардың сөйлеу сапасына, сөздік құрамына, дыбыс ерекшеліктеріне басты назар аударып,керекті жерлерін түзетіп, қайталатып, қажет сөзді табуға көмектеседі.

- Сендердің жұмыстарың кесте бойынша бағаланады.
- Жұмысқа кірісейік! (Интерактивті тақтадағы ұранды бірге оқу)

Ұран
Бәріміз бір топпыз
Жалқаулыққа жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мұратымызға жетеміз.
Бір – бірімізге тірекпіз,
Бірге соққан жүрекпіз
Аламыз білім жақсы ғып,
Тілейміз бәрімізге сәттілік!


Зерттеу жұмысы
- мәтінмен жұмыс
- жоспар бойынша зерттеу жұмысы

Қорғау кезеңі.

1.Сипаттаңыз (Әр топ өз қалаларына ауызша сипаттама береді)

Шымкент қаласының өндіріс орындары

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ, "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру) кәсіпорындары бар.
Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шұлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.
Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), "Шымкентпиво" (сыра ендіру), "Визит" (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады.


Алматы қаласының өндіріс орындары

Алматы мен қала маңы негізінен, халық тұтынатын тауарлар шығаруға маманданған. Ірі кәсіпорындар - мақта-мата және шұға комбинаттары, тоқыма, тері және тігін фабрикалары, кант және сыра қайнату зауыттары, жеміс-консерві комбинаты.
Қалада мұнай өндіру мен металлургиядан басқа барлық өнеркәсіп салалары дамыған. Негізгі салалар - машина жасау мен тамақ өнеркәсібі. Машина жасау кәсіпорындары тасымалданып әкелінетін металмен жұмыс істейді. Мысалы, Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААМЗ), тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидар және басқа да күрделі техникалар жинайтын зауыттар және тағы басқа.
Тамақ өнеркәсібі салаларын «Алтын нан», нан-тоқаш комбинаты, «Рахат» кондитер фабрикасы, маргарин зауыты мен «Сеймар» құс фабрикасы сияқты ірі кәсіпорындар құрайды.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар: азық-түлік өнеркәсібі, көлік жасау, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі, кен өнеркәсібі, құрылыс заттарын өндіру, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт өнімдері және т.б
Шырынды ыстықтай құюды қамтамасыз ететін «Обис» компаниясы; құрғақ құрылыс өнімдерін шығаратын «Шебермикс» ЖШС, негізгі өндірісі қайта жаңартылған «Алматы ашытқы зауыты» АҚ-ы; бір рет қана қолданатын медициналық заттар шығаратын «Алмерек» ЖШС; кронен жапқыштар мен алюминий қалпақшаларын шығаратын «Капсинтэл» АҚ-ы; қалдықсыз өнімнен пленка жасаумен айналысатын «АзияПластСервис» ЖШС
Ағаш өңдеу өнеркәсібі әртүрлі жиһаз шығарумен айналысады (кеңселік және үй жиһаздары),ауданның барлық облыстарында жалпы өнімнің,70%-дан астамын құрайды.Бұл саланың ең алдында Алматы қаласы келеді.




2. Ассоцияция құрыңыз(Әр топ өз қаласындағы кәсіпорындар түрлеріне жан-жақты талдау жасайды)


1. Алматы тобы:
«Поршень» зауыты Рахат» кондитер фабрикасы

«Алтыннан» «Сеймар»құс


«Алмерек» «Алматы ашытқы зауыты»


«Шымкент» тобы:

«Химфарм» зауыты "Интеркомшина"


"Қайнар" "Южполиметалл"




«"Восход" "Шымкентмай"

"Шымкентцемент"


3. Аударыңыз (Мәтінді аудару)

Шымкент қаласы

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ, "Интеркомшина", "Химфарм" сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шұлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ және "Құрылыс материалдары" және басқа да кәсіпорындар бар.
Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай"
және "Қайнар" акционерлік қоғамдарын атауға болады.


Город Шымкент
Шымкент- один из ведущих промышленных и экономических центров Казахстана с развитой инфраструктурой. В городе есть 69 промышленных предприятии по цветной металургии, переработке химии, нефти и пищевой промышленности.
В нефтеной химической и фармацевтической промышленности работают такие крупные предприятия как «Петро Казахстан Ойл Продактс», АО «Интеркомашина», АО «Химфарм».
В среди легкой промышленности в первых рядах –фабрика «Восход» (производство шерстяных костюмов и пальто), «Адал» (трикотажное производство), «Эластик» (производство насков).
Строительной промышленности АО «Шымкентцемент» и «Строительные материалы» и другие предприятия.
В пищевой промышленности крупное предприятие АО «Шымкентмай» и «Кайнар»


Алматы қаласы
Алматы мен кала маңы негізінен, халық тұтынатын тауарлар шығаруға маманданған. Ірі кәсіпорындар - мақта-мата және шұға комбинаттары, тоқыма, тері және тігін фабрикалары, қант және сыра қайнату зауыттары, жеміс-консерві комбинаты.
Қалада мұнай өндіру мен металлургиядан басқа барлық өнеркәсіп салалары дамыған. Негізгі салалар - машина жасау мен тамақ өнеркәсібі. Машина жасау кәсіпорындары тасымалданып әкелінетін металмен жұмыс істейді. Мысалы, Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААМЗ),тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидар және басқа да күрделі техникалар жинайтын зауыттар және тағы басқа.
Тамақ өнеркәсібі салаларын «Алтыннан», нан-тоқаш комбинаты, «Рахат» кондитер фабрикасы, маргарин зауыты мен «Сеймар»құс фабрикасы сияқты кәсіпорындар құрайды.


Город Алматы
Алматы и пригород в основном приспособлен к производству товаров народного потребление. Крупные предприятия - хлопчато-бумажные комбинаты, трикотажные, кожаные и швейные фабрики, и сахарный и пивоваренные заводы, плодо-ягодные комбинаты.
В городе развиты все промышленные отрасли кроме переработки нефти и металлургии. Основные отрасли - изготовление машин и пищевая промышленность. Предприятия по изготовлению машин работают из производного металла. Например, Алматинский тяжело-машиностройтельный завод (АТМЗ), завод «Поршень» по изготовлению запчастей для тракторов, заводы по сборке телевизоров и другие
В пищевой отрасли хлебобулочные «Алтын нан», кондитерская фабрика «Рахат», маргаринный завод и птицефабрика «Сеймар» занимают особые места.



4.Талдау жасаңыз (фонетикалық талдау жасайды)
1.Алматы тобына «Сүт зауыты» сөзі беріледі
2.Шымкент тобына «Химфарм» сөзі беріледі


ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

ӘРІП ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
жуан жіңішке ашық қысан еріндік езулік қатаң ұяң үнді
с
ү
т
з
а
у
ы
т
ы
х
и
м
ф
а
р
м


5. Қолданыңыз (Суретке қарап, құрмалас сөйлем түрлерін байланыстырып сөйлем ойлау)

1.топқа «Ми» суреті
2 топқа «Сағат» суреті

6. Альтернатив тест
І.Шымкент тобының тест тапсырмалары

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы тиянақты бола ма?
А) иә
Б) жоқ

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары көсемше арқылы байланысады ма?
А) иә
Б) жоқ

3 «Алмерек» медициналық заттар шығаратын зауыт?

А) иә
Б) жоқ

4. Алматыда мұнай өңдейтін ірі зауыт орналасқан?
А) иә
Б) жоқ

5. «Шебермикс» құрғақ құрылыс өнімдерін шығарады?
А) иә
Б) жоқ


ІІ.Алматы тобының тест тапсырмалары

1. Салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаулар арқылы байланысады ма?
А) иә
Б) жоқ

2.Салалас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы басыңқы сыңарлардан тұрады ма?
А) иә
Б) жоқ
3. «Химфарм» зауыты алюминий қалпақшаларын шығаратын зауыт?
А) иә
Б) жоқ
4. «Поршень» зауыты тракторларға қосалқы бөлшектер шығарады?

А) иә
Б) жоқ


5. "Адал" өнеркәсібі тамақ өнімдерін шығарады?

А) иә
Б) жоқ


Бекіту кезеңі.
(Рефлексия арқылы).

Топ Сабақта не істедік? Сабақта не үйрендік? Сабақ ұнады ма ?
Алматы
тобы


Шымкент
тобы










Үй тапсырмасы.

Тараз, Қызылорда қалаларының ірі кәсіпорындары жайында мәлімет жинап, 5 сөйлемге синтаксистік талдау жасау




VІ. Оқушылар білімін бағалау: (1мин)
(белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын)



Баға қою.
Топ аттары үй тап.
сипат-
таңыз Ассоциа-
ция құрыңыз Аудары-
ңыз талда-
ңыз Қолданыңыз (Сөйлем ойлау)
Альтерна-тив тест
Алматы тобы

Шымкент тобы



















0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив