Ыбырай Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады?"

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына қарай талдау.

Дамытушылық:  Оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.

Тәрбиелік:  Білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, тұжырымдамалық карта, СТО әдістері

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, интербелсенді тақта,тірек-сызбалар, қағаз, стикер, кеспе қағаздар,
Сабақтың барысы:

   І. Ұйымдастыру кезеңі:                                      

                                     а) оқушылармен сәлемдесу;

                                     ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру

  ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

                «Соғыс» өлеңі мәнерлеп оқиды.

I топ. Өлеңнен Исатайдың бейнесін, мінген атын суреттегн жолдарды табу.

II топ. Исатай кім? Батыр туралы не білесіздер?

          Өлеңді құрылысына қарай талдайды.

М.Өтемісұлының «Соғыс» өлеңі- 7-8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқасқа құрылған өлең.

IІІ. Жаңа сабақ

            Ыбырай Алтынсарин- қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.

 

 

 

           

 

 

ІV.  «Топтастыру» әдісі

 

 

  1. Оқулықпен жұмыс. Рөлдерге бөліп оқу.
  2. Автор сөзі
  3. Француз жұртының білімді адамының сөзі
  4. Бейтаныс адамның сөзі

4.Антонның сөзі

     Антонға мінездеме беру.

Антон

                                                                                                                      ешкімге тәуелді емес

                              Еңбекқор        тыным таппайды,     еңбектеніп

                                                  күнін босқа өткізбейді    ақша табады

 

  1. Мағынаны тану. «Сэнкуэн» әдісі немесе бес жолды өлең құрастыру
  2. Зат есім. Антон
  3. Сын есім. Мейірімді,пысық
  4. Синоним. Антон еңбекқор
  5. Етістік. Тыным таппайды, ешкімге тәуелді болмайды.
  6. Сөйлем. Қиындықты жеңу- ерлік

 

VII. «Үлкен шеңбер» әдісі. Оқушылар «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін шеңберге салып талқылайды, әркім мәселенің шешу жолын жеке қарастырады. Мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
  2. Антон қандай қорытынды шығарды?
  3. Антон сияқты сенің бірге оқған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?
  4. Болашақта кім боламын деп армандайсың?
  5. Бұл әңгіменің басты тақырыбы не жайында баяндалған?

VIII. Рефлексия. Стикер таратамын. Оқушылар өз ой-пікірлерін жазады. Бүгінгі сабақтан не түйгендерін, Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесі қаншалықты әсер еткендігі жөнінді пікір жазу.

  1. ББҮ әдісі бойынша сабақты талқылау.

Білемін

Білдім

Үйренгім келеді

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқи отырып мынадай түйін жасауға болады.

  1. Сабақты бекіту:
  2. Әңгіменің мазмұнына зер салу.
  3. Еңбек етуден ерінген адам кедей болатынын, ал қайыр сұраудан арланбайтынын байқадың ба?

3.Қайыршы Антонға бейаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

  1. Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды?

   XI.Үйге тапсырма беру:

            а) Ы. Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы

           ә) «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің мазмұнын айту

          б) «Еңбекпен тапқан нан» немесе «Байлықтың көзі- еңбекте» деген тақырыптарға   шағын шығарма жазу.

 

XII. Бағалау

            Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою.

0 пікірлер

Пікір қалдыру