Қазақ тілі 6 сынып. МЕНІҢ ДОСТАРЫМ. СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

II МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: МЕНІҢ ДОСТАРЫМ

Грамматикалық тақырыбы: СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

 

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Модульге кіру

2. Грамматикалық тақырып

3. Сөздік жұмысы

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту

2 минут

10 минут

8 минут

15 минут

10 минут

Сөйлесу

2-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Екі ДОС» мәтінімен жұмыс

5 минут

20 минут

3-сабақ

1. Фонетикалық талдау

2. «Досымның отбасы»

(сөйлесу құру)

3. Сурет бойынша жұмыс

10 минут

20 минут

20 минут

4-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Достастыру» мәтінімен жұмыс

3. Мақал-мәтелдермен жұмыс

4. «Ізетті бала» өлеңімен жұмыс

8 минут

12 минут

15 минут

10 минут

5-сабақ

Бекіту (үш деңгейлі кеспелермен жұмыс)

45 минут

Қорытынды

6-сабақ

1. Тест

2. Ауызша сынақ

10 минут

35 минут

Оқушы нені білуі тиіс:

  • «Менің достарым» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;
  • «Менің достарым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

  • «Менің достарым» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, сауатты жазу.

 

 

Кіріспе бөлім

1-сабақ

Менің достарым

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Модульдің құрамын түсіндіру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз. Тілдегі өрбір сөздің мағынасы бар. Сөз өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданыла береді.

 

 

Әр түрлі мағыналарды білдіретін сөз көп мағыналы сөз деп аталады.

Мысалы (көп мағыналы сөз): Адамның басы. Таудың басы. Істің басы. Бас дәрігер.

     
  1. Сөздік жұмыс.

іс - дело

жолдастық - дружба

мінезі жұмсақ - мягкий характер

қадір-қасиет - уважение

оқу озаты - отличник учебы

мінезі шапшаң - шустрый

қатты сөзге келмеу - не грубить

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.

Жақсы іс, оның мінезі жұмсақ.....

  1. Сөйлемдер құрау.

Менің досымның мінезі жұмсақ.

  1. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  2. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады. ә) Мәтін бойынша «Қазымыр оқушы» ойыны.

Ойынның шарты:

I бөлім. Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығады, сосын сұрақтар кұрады. Кім көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді.

ІІ бөлім. Оқушылар кезегімен басқаларына сұрақтар қояды, ал олар қысқа жауап қайтарады. Жауап берушіні жүргізуші көрсетеді. Сонан соң ең «Қазымыр оқушыны» анықтаймыз.

VII. Сергіту жаттығу.

Аталар,     Апалар,

Әжелер,    Балалар -

Ағалар,     Әр үйде

Әпкелер,   Бар олар.

(Әли Ысқабай)

б) Мәтінде берілген мақал-мәтелдерді аударып, жатка айту (1-тапсырма).

Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.

VIII. Оқулықпен жұмыс. 3-тапсырманы жазбаша орындау.

Берілген көп мағыналы сөздерден сөз тіркестерін құрау. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.

Үлгі: ашық күн, күн нұры.

Күн, ай, жүз, қара, бас, жаз, жас, мақта, ара, сыр.

  1. Бекіту. Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір-бірінің тапсырма­сын жауап үлгісі бойынша тексереді.

№1

 

1. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1) іс                           а) отличник учебы

2) мінез                     ә) мягкий

3) жұмсақ                  б) дело

4) оқу озаты              в) характер

2. 4-тапсырмада берілген сызба бойынша өз досың туралы әңгімелеңдер.

 

№2

 

1. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

1) қадір-қасиет          а) дружный

2) жолдастық            ә) уважение

3) тату                       б) никогда

4) ешқашан               в) дружба

2. 4-тапсырмада берілген сызба бойынша өз досың туралы әңгімелеңдер.

 

Жауап үлгісі

№1

1. 1-б

2-в

3-ә

4-а

2. Менің досым бар. Оның аты - Дәулет. Оның жасы он екіде. Досым 19... жылы қыркүйек айында туды. Ол алтыншы сы­ныпта оқиды. Оның шашы қара, көзі көк. Бойы ұзын. Досымның мінезі жұмсақ. Оның ермегі - марка жинау.

Жауап үлгісі

№2

1. 1-ә

2-в

3-а

4-б

2. Менің досым бар. Оның аты - Дәурен. Оның жасы он екіде. Досым 19... жылы   мамыр   айында туды. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Оның шашы қара, көзі кек. Бойы ұзын. Досымның мінезі жұмсақ. Оның ермегі - кітап оқу.

 

     
  1. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив