Қазақ тілі 6 сынып. Екі дос

2-сабақ

Екі дос

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. Сөздік диктант.

Жолдастық, қадір-қасиет, мінезі жұмсақ, мінезі шапшаң, қатты сөзге келмеу, оқу озаты, іс, ұзын, қара, өткізу, көк, тату.

  1. Сөздік жұмыс.

түйдей құрдас - ровесники

жұбын жазбау - не расставаться

қабақ шытыспау - не обижаться

кішіпейіл - скромный

қадір тұту - ценить

мойындау — сознаться

ұсыну - предлагать

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. кішіпейіл адам^...
  2. Сөйлемдер құрау. Менің досым кішіпейіл адам.
  3. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  4. «Екі дос» мәтінімен жұмыс.

а) 1-тапсырманы орындау. Сыныпты үш топқа болу. Әр топ 3 сөйлемнен оқып, аударады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі.

ә) 2-тапсырманы орындау. Мәтіннен синонимі бар сөздерді тауып жазу.

Жауап үлгісі

Құрдас, дос - жолдас, мұғалім - ұстаз, қадірлеу - кұрметтеу, достық - жолдастық, басқа - өзге, жиын - жиналыс. оқушы - шәкірт.

б) 3-тапсырманы орындау. Жақша ішіндегі сөздерді, тіркестерді аудару.

Әр оқушы өз бетінше жаттығуды орындайды. Содан кейін бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Жауап үлгісі

1. Назым мен Бейсенгүл түйдей құрдас.

2. Олар ешқашан жұбын жазбайды.

3. Бірге ойнайды, сыныпта бір партада отырады.

4. Оларды мұғалімдер де, балалар да қадірлейді.

5. Олар өрі кішіпейіл, өрі достықты қадір тұтады.

6. Оқушылар жиынында бұл екеуін мүшелікке ұсынған Мәлік.

 

VII. Сергіту жаттығу. Жаңылтпашты жаттап алу.

Досым маған еліктеп,

Домбырамен өн салды,

Дән риза болып көп,

Дуылдады, тамсанды.

VIII. «Екі дос» мәтінмен жұмысты жалғастыру.

Мәтін бойынша «Мәтін бөліктері» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді оқиды. Сынып 4 топқа бөлінеді. 1 - «кіріспе»; 2 - «негізгі ой»; 3 - «қорытынды»; 4 - «толықтыру». Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастаймыз. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін сөз алады. Ойыннан соң, мәтінді тағы бір рет қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты айтқанын анықтаймыз.

  1. 5-тапсырма бойынша «Көкпар ойынын» өткізу. Ойынның шарты:

Сыныптағы оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Әр оқушы дорбадан асық алып, нөміріне сәйкес сұраққа дайындалуға отырады. Содан кейін қамшыны көтеріп, тез жауап беруге тырысады. Тақтада топ аттары жазылып, ұпайлары есептеледі.

Ойынның сұрақтары

  1. Сенің досың бар ма?
  2. Оның аты кім?
  3. Досың неше жаста?
  4. Нешінші сыныпта оқиды?
  5. Ол қалай оқиды?
  6. Оның мінезі қандай?
  7. Ол немен шұғылданады?
  8. Ол қандай дос?
  9. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттап келу.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив