Қазақ тілі 6 сынып. Адал дос

3-сабақ

Адал дос

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Фонетикалық талдау. Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Содан кейін жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тап­сырмасын тексереді.

I топ: шапшаң

II топ: ұсыну

III топ: мінез

Жауап үлгісі

I топ

Шапшаң, шапшаң - екі буынды, 1,2 - бітеу буындар.

ш - дауыссыз, қатаң;

а - дауысты, езулік, ашық, жуан;

п - дауыссыз, қатаң;

ң - дауыссыз, үнді.

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.

Жауап үлгісі

II топ

Ұсыну, ұ-сы-ну - 3 буынды, 1, 2, 3 - бітеу буындар.

Ұ - дауысты, еріндік, қысаң, жуан;

с - дауыссыз, қатаң;

ы - дауысты, езулік, қысаң, жуан;

н - дауысты, үнді;

у - дауысты, еріндік, қысаң, жуан.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.

Жауап үлгісі

III топ

Мінез, мі-нез - 2 буынды, 1- ашық, 2- бітеу буындар.

м - дауыссыз, үнді;

і - дауысты, езулік, қисаң, жіңішке;

н - дауысты, үнді;

е - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

з - дауыссыз, ұяң.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.

  1. Сөздік жұмыс.

араласу - общаться                        сенімді - верный

сабырлы - спокойный           әдепті - воспитанный

ұқыпты - аккуратный                     момын - кроткий

шыдамды - терпеливый        алау - костер

ақкөңіл - искренний              тұтату, жандыру - разжечь

 

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жана сөздерден сөз тіркестерін құрау. сабырлы бала, ұқыпты оқушы, сенімді дос, ...
  2. Сөйлемдер құрау. Мен ұқыпты оқушымын.
  3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  4. Оқулықпен жұмыс. І - тапсырманы орындау.
  • Оқулықта берілген мәтінді рөлге бөліп оқу, аудару.
  • Диалог бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
  • Диалогті негізге ала отырып, әр жұп өз диалогін құрастырады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.

VII. Сергіту жаттығу.

Досым маған еліктеп.

Домбырамен ән салды,

Дән риза болып көп,

Дуылдады, тамсанды.

VIII. Дәптермен жұмыс. 6-тапсырманы жазбаша орындау.

Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдау. Олардан сөйлем құрау.

Оқушылар өз орындарында отырып, тапсырманы өз бетінше орындайды. Содан кейін бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Үлгі: сабыр - лы, сабыр - түбір, - лы - сөз тудырушы жұрнақ.

Заңғар - сабырлы, ұқыпты оқушы.

Сабырлы, ұқыпты, шыдамды, ақ көңіл, сенімді, әдепті.

Жауап үлгісі

Ұқыпты, ұқып - түбір, - ты - сөз тудырушы жұрнақ

Шыдамды, шыдам - түбір, -ды - сөз тудырушы жұрнақ.

Ақкөңіл, ақ - түбір, көңіл - түбір.

Сенімді, сенім - түбір, -ді - сөз тудырушы жұрнақ.

Әдепті, әдеп - түбір, -ті - сөз тудырушы жұрнақ.

  1. Суретпен жұмыс. «Жарыс» ойыны.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

1-кезең. Берілген сөздерді аудару. Дайындыққа 2 минут уақыт беріледі. Әр топтан бір оқушы дұрыс жауабын оқиды. Әрбір дұрыс аударған сөзге 1 балдан беріледі.

Общаться - ..., костер - ..., город -     папа - ....

Грибы - ..., отдыхать - ..., мама -    обед - ....

Собирать -    разжечь - семья -    природа - ....

2-кезең. әр топ өзі аударған сөзден, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрайды. Дайындыққа 2 минут уақыт беріледі.

3-кезең. Сурет бойынша әңгіме құрау. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі.

 

 

1-кезен.

2-кезен;

3-кезең

Қорытынды

1-топ

 

 

 

 

2-топ

 

 

 

 

3-топ

 

 

 

 

  1. 4-тапсырма.Сурет бойынша жұмыс. «Досымның отбасы». Топтық жұмыс.
  2. «Адал ДОС» мәтінімен жұмыс.

XII. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аудару.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив