Қазақ тілі 6 сынып. Ізетті бала

4-сабақ

Ізетті бала

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын. Барысын айту.

ІV. Сөздік (ayдарма) диктант.

Дружба, не грубить, уважение, общаться, ровесники, воспитанный, костер, ценить, аккуратный, скромный, искренний.

  1. Сөздік жұмыс.

ізетті - вежливый                   теріс қарау - отвернуться

елгезек - чуткий           мән-жайды білу - разведать

ізет - почет, уважение                              обстановку

оқасы жоқ - ничего        ұялу - стыдиться

страшного          үнсіз - безмолвно

нұрлану - светиться     кінәлы - виноват

ренжу - обидеться к     күлімсірей қарау – смотреть улыбаясь

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. Ізетті бала, ...
  2. Сөйлемдер құрау.
  3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  4. Оқулықпен жұмыс. «Достастыру» мәтіні бойынша жұмыс.
  • Мәтінді тізбекпен оқу.
  • Мәтінді бір рет іштей оқып шығу.
  • Мәтін бойынша «Даналық ағашы» ойыны. Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

  • Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан өрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

VII. Сергіту жаттығу. «Ізетті бала» өлеңімен өткізу.

VIII. 1-тапсырманы жазбаша орындау. Мәтінді етіс - тіктермен толықтырып оқып, көшіріп жазу. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі. Жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмасын тексеру.

Жауап үлгісі

Бүгін демалыс. Айбар сабақ оқып отыр еді. Оның үйіне Ерасыл келді. Екеуі сабаққа бірге дайындалды. Сабақтарын қайталап болған соң, олар шахмат ойнады. Ерасыл шахмат ойнауды білмейтін. Оған Айбар шахмат ойнауды үйретті. Айбар мен Ерасыл - дос.

  1. 2-тапсырманы орындау.Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, жаттап алу. Дұрыс жауабын жауап үлгісі бойынша тексеру.

Жауап үлгісі

1.        Жаман жолдастан мықты таяқ артық.

Крепкая палка лучше плохого попутчика.

2.        Күлме досыңа - келер басыңа.

Над бедой друга не смейся, то же может случиться

и с тобой.

3.        Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай

с тем, у кого друзей мало.

4.        Заттың жаңасы жақсы, достық ескісі жақсы.

Одежда хороша новая, а друг старый.

5.        Жақсы мен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

С добрым человеком сдружишься - цели своей

достигнешь. С дурным сдружишься - в дураках

останешься.

  1. Үй тапсырмасы 5-тапсырма. Мәтіннің мазмұның айту.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив