Қазақ тілі 6 сынып. Менің досым

5-сабақ

Менің досым

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырманы орындау.

Сызба бойынша сөйлем құрау. Тізбекпен оқушылар сыз­ба бойынша сөйлемдер құрайды. Содан кейін бір оқушы сызбаға қарап, өз досы туралы әңгімелейді.

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

III деңгей

1.     Берілген сызбалар бойынша 3-4 сөз тіркесін құраңдар.

есімдік + зат есім

сын есім + зат есім

Үлгі: Менің досым.

2.     Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сенің досың бар ма? Оның аты кім? Ол неше жаста?

Нешінші сыныпта оқиды? Ол қалай оқиды? Немен шұғылданады? Мінезі қандай?

3.     «Достық» тақырыбына мақал-мәтелдер айтып беріңдер.

 

II деңгей

1. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана оты­рып, сөйлемдер құраңдар.

Оқу озаты, араласу, түйдей құрдас, жұбын жазбау, ақкөңіл, елгезек, мойындау, қадір тұту.

2. Өтілген сөздерді пайдалана отырып, өз досың туралы әңгімелеңдер.

3. «Телефон арқылы досыңмен сөйлесу» тақырыбына диалог құраңдар.

I деңгей

«Достық» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Осы тақырыпқа шығарма жазыңдар.

Жауап үлгісі III деңгей

1. Оның досы, сенін сыныбың, ақкөңіл бала, сабырлы мұғалім, кішіпейіл адам.

II деңгей

1. Менің інім - оқу озаты. Жанар мен Анар түйдей құдас. Олар бір-бірін қадірлейді.

Жауап үлгісі III деңгей

2. Менің досым бар. Оның аты - Мәншүк. Ол он екі жаста. Алтыншы сыныпта оқиды. Ол жақсы оқиды. Ол спортпен шұғылданады. Оның мінезі жұмсақ.

II деңгей

2. Менің жақсы досым бар. Біз екеуіміз балабақшадан доспыз. Қазір алтыншы сыныпта оқимыз. Досымның аты - Санжар. Ол - оңу озаты. Санжардың көзі көк, бойы ұзын, мінезі жұмсақ. Біз екеуіміз ешқашан қатты сөзге келмейміз.

  1. Сергіту тапсырма.

Досым маған еліктеп, Домбырамен ән салды, Дән риза болып көп, Дуылдады, тамсанды.

VII. Үш деңгейлі тапсырманы жалғастыру.

Жауап үлгісі

III деңгей

3. Жаман жолдастан мықты таяқ артық.

Күлме досыңа - келер басыңа.

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Заттың жанасы жақсы.

Достың ескісі жақсы.

Жақсы мен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

 

VIII. Үй тапсырмасы Модуль бойынша өткен сөздерді,сөз тіркестерін қайталау. Тест пен ауызша сынаққа дайындалу.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив