Қазақ тілі 6 сынып. Мектеп өмірі. Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем

ІІІ МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Мектеп өмірі

Грамматикалық тақырыбы: Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Модульге кіру

2. Грамматикалық тақырып

3. Сөздік жұмыс

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту

2 минут

10 минут

8 минут

15 минут

10 минут

Сөйлесу

2-сабақ

1. Фонетикалық талдау

2. «Спортшы Бейбіт» мәтінімен жұмыс («Пікірталас», «Өз жартыңды тан» ойындары)

5 минут

40 минут

3-сабақ

1. Аударма сөздік диктант

2. «Қазақ тілі кабинет!» (кеспелермен жұмыс)

3. Сурет бойынша жұмыс

5 минут

25 минут

 

20 минут

4-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Мектеп кітапханасы» мәтінімен жұмыс

8 минут

37 минут

5-сабақ

1. «Еркебай» мәтінімен жұмыс

2. «Мұғалім ол біздің» өлеңімен жұмыс

45 минут

Қорытынды

 

 

6-сабақ

1. Тест

2. Диктант

10 минут

35 минут

 

Қатемен жұмыс

45 минут

 

Оқушы нені білуі тиіс:

  • «Менің мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;
  • «Менің мектебім» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

  • «Менің мектебім» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, сауатты жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Менің мектебім

  1. Ұйымдастыру кезең
  2. Модульдің құрамын түсіндіру.

III. Сабақтың мақсатын. Барысын айту.

  1. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

мектеп ауласы                                Мектеп ауласы кең және таза,

таза сынып                                               Біздің мұғалім өте білімді.

біздің мұғалім

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

Хабарлы сөйлем

Мен мектепке жақын тұрамын.

Сұраулы сөйлем

Мектебің қайда орналасқан?

Лепті сөйлем

Туған жер қандай байтақ!

Бұйрықты сөйлем

Сен мектепке бар!

Сөз - зат немесе құбылыс атауы.

Бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа түскен тобын сөз тіркесі дейміз.

Бір сөз немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалған тиянақты ойдың көрсеткішін сөйлем дейміз.

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.

  1. Сөздік жұмыс.

жаяу - пешком                                оқырман - читатель

қазіргі талапқа сай - соответствуют современным требованиям

гүлзар – клумба                             мектеп бітіруші - выпускник  

жабдықталу - оснащаться     

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. Жаяу бару, мәжіліс залы.....
  2. Сөйлемдер құрау.

Мен мектепке дейін жаяу барамын.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  2. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бо­йынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырып­ты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жа­зады.

ә) Мәтін бойынша «Мәтін құра» ойыны.

Ойынның шарты:

Оқушылар «Менің мектебім» мәтінін ынтамен тыңдайды. Қолдарына қалам мен қағаз алады. Әрбір оқушы мәтінге сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді. Бірақ мұның алдында мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын табады. Енді оқушылар жауаптарын өзара талдап, мәтіндегі тәртібі бойынша түзетеді. Осы түзетілген тәртіппен олар мәтінді әңгімелеп, соңынан оны оқу мәтінімен салыстырады. Әңгімелеуге кірісеміз. Жүргізуші ең белсенді ойыншыны анықтайды.

VII. Мәтіннен төмендегі сызба бойынша сөз тіркестерін теріп жазу, оларды аудару.

Үлгі: мектепте оқимын - учусь в школе

Зат есім + етістік

Сан есім + зат есім

Сын есім + зат есім

VIII. Сергіту жаттығу.

  1. «Тірек сызба» оқыта үйрету ойыны. Сызбалар бо­йынша сөйлем құрау.

Үлгі: Мектебім Тастақ ықшам ауданы Төле би көшесінде орналасқан.

  1. Блиц - турнир өткізу.

Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, сайыс өткізу. Мұғалім сөйлемді бастап береді. Ал оқушылар сөйлемдерді дұрыс аяқтауы керек. Әрбір дұрыс жауапқа фишка беріледі.

  1. Мектеп Теле би ...
  2. Мектепте 900 ...
  3. Мектеп үш ...
  4. Мектеп іші...
  5. Бірінші қабатта ...
  6. Кітапханада ...
  7. Асхана кең ...
  8. Екінші қабатта ...
  9. Мектептің ауласы ...
  10. Мектеп алдындағы ...
  11. Жас ағаштарды ...
  12. Ауладағы спорт алаңында ...
  13. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. 4-тапсырманы жазбаша орындау.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив