Қазақ тілі 6 сынып. Сөйлесу бөлімі. Спортшы Бейбіт

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Спортшы Бейбіт

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Фонетикалық талдау. Оқушылар берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды. Дайындыққа 3 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

 

Жауап үлгісі

Мә-жі-ліс - үш буынды, 1, 2 - ашық, 3 - бітеу буындар.

м - дауыссыз, үнді;

Ө - дауысты, езулік, ашық, жіңішке;

ж - дауыссыз, ұяң;

І - дауысты, езулік, қисаң, жіңішке;

л - дауыссыз, үнді;

с - дауыссыз, қатаң.

  1. Сөздік жұмыс.

намыстану - стыдиться                            нәзік - нежный

тартылу - подтягиваться                         аңғару - понимать

ақырында - в конце концов                     сан - ряд

ұршықтай - как веретено               қайрат - сила, мощь

бұлжымас - неизменяемая             әуес - пристрастие

таяқ жеу - быть побитым                         қақпа - ворота

ынта-ықылас - усердие                            арта түсу - усилиться

мектепішілік - школьный                        жанкүйер - болельшик

алған бетінен қайтпау - не отступать      жақтау - болеть (за команду) жаттықтырушы - тренер

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. Нәзік адам, турникке тартылу, жанкүйер болу,...
  2. Сөйлемдер құрау.

Бейбіт күн сайын турникке тартылады.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  2. «Спортшы Бейбіт» мәтінімен жұмыс.

а) Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ 1 абзацтан оқып, аударады. Дайындыққа 4 минут уақыт беріледі.

ә) 4-тапсырманы орындау. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазу. Сөз құрамына қарай талдап, олар­дан сөз тіркестерін құрау. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Үлгі: балалардың, бала - түбір, - лар - көптік жалғау, - дың –ілік септіктің жалғауы.

Балалардың ермегі,...

Жауап үлгісі

Оқушылардың: оқу - түбір, - шы - жұрнақ, -лар - көптік

жалғау, - дың - ілік септіктің жалғауы; ағалары: аға - түбір,

-лар - көптік жалғау, -ы - жалғау; сыныпқа: сынып - түбір,

-ка - барыс септіктің жалғауы; жылдың: жыл - түбір, -дың -

ілік септіктің жалғауы; балалардан: бала - түбір, -лар - көп-

тік жалғау, -дан - шығыс септіктің жалғауы; бетінен бет -

түбір, -і - жалғау, -нен - шығыс септіктің жалғауы.

Оқушылардың ата-аналары, олардың ағалары, сыныпқа

кіру, балалардан хат алу, алған бетінен кайтпайды.

б) Мәтін бойынша «Пікірталас» оқыта үйрету ойынын өткізу.

Ойынның шарты:

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 1 оқушы ойын жүргізуші болып тағайындалады. Әр топ өзіне ат қояды. 3 топқа бірдей сұрақтар қойылады. Оқушыларға дайындалуға 6 минут уақыт беріледі. Жүргізуші ортадағы үстелге 3 топтан 3 оқушыны шақырады. Ортаға шыққан оқушы­лар әуелі 1-сұраққа алма-кезек жауап береді. Егер жауап бере алмаса немесе толық жауап бере алмаса, өзінің тобына барып, ақылдасып, кайтып келуіне болады. Жүргізуші әр сұраққа берілген жауапты кейін қорытындылап, келесі сұрақты қойып, бағалап отырады. Ойын соңында әр ойыншыға, әр топқа жиналған ұпайы бойынша баға қойылады.

Ойынның сұрақтары:

  1. Бейбіт неге намыстанатын?
  2. Оның арманы қандай еді?
  3. Ағалары оған не орнатып берді?
  4. Спортпен айналысу Бейбіт үшін қандай әдетке айналды?
  5. Ол қалай өзгерді?
  6. Кімдер бокс үйірмесіне катысатын болды?
  7. Бейбіттің спортқа деген ынта - ықыласы өзгерді ме?

VII. Сергіту жаттығу.

VIII. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөйлемдерді дұрыс құрау.

Ойынның шарты:

Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: біреуінде - сөйлемнің басы болса, екіншісінде - сөйлемнің жалғасы. Оқушы­лар кез келген түсті кеспені таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

1. Бейбіт сыныптағы балалардың

2. Сапқа тұрғанда оқушылардың

3. Тез өсіп, үлкен болу

1. Ағалары Бейбітке

2. Бейбіт күн сайын

3. Дене шынықтыру

1. Бір топ ауыл балалары

2. Бейбіттің үлкен балалардан

3. Бірақ Бейбіт

1. оның арманы еді

2. ең соңында қалатын

3. ең кішісі әрі нәзігі

1. Бейбіттің әдетіне айналды

2. турник орнатып берді

3. турникке тартылды

1. таяқ жеп қалған кездері де болды

2. алған бетінен кайтпады

3. бокс үйірмесіне катысатын болды

  1. Суретпен жұмыс. Топтың жұмыс.

Сыныпты бірнеше топқа болу. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді.

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, суретті әңгімелеу. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі. Әр топтан 1 оқушының жауабын таңдау.

  1. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив