Қазақ тілі 6 сынып. Мектеп кітапханасы

4-сабақ

Мектеп кітапханасы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатпын, барысын айту.

  1. Сөздік диктант.

Жаяу, гүлзар, әуес, қақпа, ұстаз, білім, казіргі, мектепішілік, ғалым, мәжіліс, жанкүйер, кең.

  1. Сөздік жұмыс.

шығарма - произведение               көбінесе - в основном

Ұлттық кітапхана        -        Национальная библиотека

өлеңдер жинағы                    -        сборник стихов

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

- тізбекпен оқиды.

  1. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. өлеңдер жинағын сатып алу,...
  2. Сөйлемдер құрау.

Кеше мен Абайдың өлеңдер жинағын сатып алдым.

  1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
  2. 3-тапсырманы орындау. Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрау.

Сыныпты үш топқа болу. Әр топ берілген сызбалар бойынша сөз тіркестерін құрайды. Дайындыққа 4 ми­нут уақыт беріледі. Бірнеше жауапты тыңдау.

Үлгі: кең аула, үш қабат, менің әжем, мектеп ди­ректоры, мектепке бару.

сын есім + зат есім

сан есім + зат есім

есімдік + зат есім 

зат есім + зат есім

зат есім + етістік

  1. «Мектеп кітапханасы» мәтінімен жұмыс.

а) Сынып мәтінді оқып, сандардың орнына тиісті етістіктерді қойып шығады. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі.

ә) Мәтінді тізбекпен оқып, тексеру. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

б) Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны. Ойынның шарты:

Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Ортада жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыны нұсқайды. Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан өрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңыңа дейін со­лай жүреді.

VII. Сергіту жаттығу өткізу. Жаңылтпашты жаттау.

Ұқыпты бала –

Кітапты түптеп бастады.

Ұқыпсыз бала –

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

VIII. «Саяхат» оқыта үйрету ойыны.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Әр топтың тақырыпқа байланысты эмблемасы болады. Әр топ өз таңдаулары бо­йынша ұпайлардың артындағы тапсырманы орындайды.

  1. Аударма жұмыс.
  2. Библиотека открыта? (10 балл)
  3. У Жанар есть богатая библиотека. (15 балл)
  4. Где находится Национальная библиотека? (20 балл)
  5. Книгу «Менің атым Қожа» написал Бердибек Сокпакбаев. Это очень интересная книга. (25 балл)
  6. Абай Кунанбаев - поэт казахского народа. У тебя есть сборник его стихов? Какая интересная книга! (30 балл)

ІІ. Жұмбақтар. Жұмбақтарды шешіп, жаттап алу.

  1. Қырық екі аты бар,

Танысаңдар - айтыңдар. (10 балл)

 

  1. Бір қарыс таяқ алдым,

Алдым да, жұмысқа салдым. (15 балл)

  1. Темір тілді,

Күміс үнді. (20 балл)

 

  1. Ойнақтаса қолында,

Із қалмайды соңында. (25 балл)

  1. Қаласы бар, үйі жоқ,

Өзені бар, суы жоқ.

Орманы бар, бүрі жоқ,

Бақшасы бар, гүлі жоқ.

  1. Оқушыға күнде еріп жүретін не?(30 балл)
  2. Сурет бойынша жұмыс. Сурет бойынша диалог құрастыру. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі. Бірнеше жұпты тыңдау.

Керекті сөздер: оқымадым, бұрын оқығанмын, таныс емес, сирек кездесетін, әкелемін.

  1. 7-тапсырма. Екі кітаптың әңгімесін қалай түсінгендерін жұпта анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив