Тапқыр достар. (сайыс сабағы)

Джадменова Айман Хожабаевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаскелең қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты

Тақырыбы: Тапқыр достар.  (сайыс сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жан-жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу  шеберліктерін арттыруға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойын көркем жеткізуін,   сөздік қорын дамыту

Тәрбиелік:   Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың шапшандылығын, дарындылығын, тапқырлығын, зейінділігін,  есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін 7 сыныптар арасында өтетін «Тапқыр достар» атты  қазақ тілінің білгірлері мен тапқырларын анықтайтын сайысымызға қош келдіңіздер! Ортаға «Бәйтерек»  тобын шақырамыз!  Және «Тұлпар» тобын шақырамыз!

-Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

-Ойынымыз  6 кезеңнен  тұрады:

 І  кезең  -«Сөз тапқанға  қолқа жоқ»

ІІ кезең - «Ойлан, тап!»

ІІІ  кезең -«Сен білесің бе?»

ІV  кезең - «Аударыспақ»

V  кезең - Жұмбақ шешу

VІ  кезең - Тапқыр  достар

 

Әр кезең сайын әділ қазылар алқасы баға береді.

(Жеребе  тасталып, қай топ ойынды  бірінші бастайтынын анықтайды)

 

І  кезең - «Сөз тапқанға  қолқа жоқ»

Шарты: Екі топқа 7- сұрақтан қойылады, қойылған сұрақтарға  берілген әріптен басталатын сөзбен жауап береді .

«н»

1.Досың кім?

2.Қай көшеде тұрасың?

3.Қай қалаға барғың келеді?

4.Тағам атын ата.

5.Мамандықты ата.

6.Жануарды ата.

7.Дүкеннен не сатып аласың?        

 

«ә»

1.Кімді жақсы  көресің?

2.Әншіні ата.

3.Ненің суретін саласың?

4.Теледидардан не көрдің?

5.Зергерлік бұйым.

6.Түсіңде не көрдің?

7.Досыңның мінезі қандай?

 

ІІ кезең - «Ойлан, тап!»

Шарты: Берілген сөзден  2 минутта сөздер құрастыру.

ЖЕЛТОҚСАН

 

ІІІ  кезең  -«Сен білесің бе?»

Шарты: Ұяшық  сұрақтарына жауап беру.

 

«Кел, балалар, оқылық!» Авторы кім?    

Төрт түлік малды ата. 

Жуан дауысты   дыбыстарды ата.

Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

Түйе сүтінен жасалатын сусынды не деп атайды?     

Қазақ тілінде неше әріп бар?

Орыс тілінде неше әріп бар?

Ұлттық ойын түрлерін ата.   

Қазақша жыл басы.

 

 

ІV  кезең  - «Аударыспақ»

Шарты: Суретте көрсетілген бейнеге  байланысты мақал-мәтелдер айту.

 

Суреттер: кітап, тіл, қыз, қой, достық, еңбек, көз, Отан, батыр

 

V  кезең - Жұмбақ шешу

Шарты: Жұмбақтың жауабын табу.

Дүниеде бір айдаһар білесің бе?

Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

Ішінде сүйектері бақша – бақша

Жалтылдар жалғыз көз төбесінде.

(Киіз үй)   

Тоғыз белбеу, қос жүрек

Екі мұрын, бір шүмек.

(домбыра)

Күндіз жоқ, түнде бар.

(Жарқанат)

        

Қанаты бар ұшпаймын,

Көл астында қыстаймын (Балық)

 

Өзі тоқ,  көлеңкесі жоқ.

(құдық)     

Аяғы бар, бюасы бар,

 арқалаған тасы бар. (тасбақа)

Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге(ай)       

Бес ін, бес іннің аузы бір ін.

(Қолғап)

 

VІ  кезең -Тапқыр  достар

Шарты: Сөз мағынасын «ыммен», қимылмен  түсіндіру.

Сөздер:  аю, түлкі, балық, пышақ, ара, ине, кітап, әнші, дәрігер, суретші, мұғалім, тәрбиеші

 

Жүргізуші: -Бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Сөзді әділ - қазылар  алқасына береміз.

(МАРАПАТТАУ)

-Қатысушыларға рахмет айтамыз!

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив