"Көктем аруы" сайысы бағдарламасы

                                                                      Астана қаласы

                                                                  № 8 орта мектептің

                                                          қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                                           Утепова Салиха Камбаровна

 

   « Көктем аруы»  сайысының бағдарламасы

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі көрермендер!

 2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті  қазылар алқасы!

1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті  ұстаздар ,оқушылар, қадірменді қонақтар!

 Екеуі:  «Көктем ару» сайысына қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: «Қыз – елдің көркі» дегендей, қазақ қыздары әрқашан да өздерінің сұлулығымен, сымбаттылығымен, әсемдігімен талай елді тамсандырып, талай жұртқа аңыз болған.

2- жүргізуші: Қазақ қыздары өздерінің нәзіктігімен қаншама ақындардың өлеңдеріне арқау болған.

1- жүргізуші: Қазақ қыздары өздерінің ақылыдылығы мен ерлігі арқылы әлемге танылған.

2-жүргізуші: Бүгінгі сайыста біз мектебіміздің  ең әсем де  көркем, ең көрікті де келбетті, ең сұлу да сымбатты қыздарымызды сіздерге таныстырамыз.

1-жүргізуші: Ал бүгінгі сайысты бағалап, өздерінің әділдігі мен адалдығын дәлелдейтін қазыларымызбен танысыңыздар:

1___________________________

2.___________________________

3.___________________________

4.___________________________

5.___________________________

 

2-жүргізуші: Сахнаға қыздарымызды шақырамыз. Олар:

 

Бүгінгі сайысымыздың  шарттарымен танысыңыздар.

1.1-жүргізуші:  «Сәлем – сөздің атасы »  Бұл шарт бойынша арулар көрермендер-мен сәлемдесіп, өздерін таныстырып өтеді.

2.2-жүргізуші: «Халқын сүйгенсалтын сүйеді»  Бұл шарт бойынша аруларымыз  халқымыздың салт- дәстүріне қатысты сұрақтарға тез, анық, мүдірмей жауап беруі қажет.

3.1- жүргізуші: «Аруларасыл жандар» . Қыздарымыз сән үлгісі бойынша өздерінің шеберлігін көрсетеді.

4.2- жүргізуші «Өнерліге өріс кең» Ару қыздарымыз өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер көңілінен  жол таба білуі қажет.

  1. 1- жүргізуші: «Қолы шебер, жаны таза қыз ғана нағыз ару бола алады» дегендей үй тапсырмасы. Яғни қазақ қыздарының үй шаруасына икемділігін көрсететін «Қолынан бал тамған» шартын тамашалайсыздар. 1

 

1- жүргізуші: Ал, құрметті, қазылар алқасы, көрермендер. Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2- жүргізуші: Ару қыздарымыздың сынға түсер сәті де басталып келе жатыр. Қыздар, сіздер орындарыңызға орналасыңыздар. Біз сайысымызды бастаймыз.

1шарт. «Сәлем –сөздің атасы»  байқауы. Атамыз қазақ « Мыңның түсін білгенше, бірдің түсін біл»  деген айдармен алынып отырған сайсымыздың  бірінші кезеңі келіп жетті. Аруларымызға жүктеліп отырған ауыр сын міндеті:  атадан балаға мирас болып келе жатқан  өзін – өзі таныстыру дәстүрі.  Сайысымызды бастай отырып , ару қыздарымызға сәттілік тілейік! 

 

(Екі жүргізуші сайысқа қатысып отырған қыздарды сахнаға кезек – кезек шақырып тұрады, қыздар өздерін таныстырады.)

 

( Шарт аяқталған соң  жүргізушілер қазылар алқасынан қыздарды бағалауды өтініп ескертіп тұрады)

ІІ шарт.

1- жүргізуші:

Сақалыңнан айналдым, қарт – бабалар,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?

2- жүргізуші:

Қанеки, нелерің бар , Аталарым?

Ұрпағыңа ұран қып апарамын.

Сенімдеріңді ақтаймын да, ақтаймын да,

 Сендердің мұрагерің атанамын.

1- жүргізуші:

Аруларымыз бұл шарт бойынша қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап береді. Қазақ қызының сұлу да сүйкімді, білімді де өнерлі, нәзік те ибалы болып өсуіне ұлттық салт – дәстүрлеріміз бен әдет – ғұрыптарымыздың

әсері үлкен.

2- жүргізуші:  Сондықтан нағыз қазақ қызы болу үшін ұлттық  құндылықтарды білу- парыз.  

Ару қыздар, сіздер өздеріңізге түскен сұрақтарға тез, анық, нақты жауап берулеріңіз қажет. Қазылар алқасы сіздердің сөз мәнерлеріңізге де, сөйлеу сазына да көңіл бөлетінін ұмытпаңыздар.

 ( Қыздар үстел үстіне жайылған сұрақтарды алып, сол сұрақтарға жауап береді)

                                                                                                                                           2

1- жүргізуші: Қазылар алқасы, қыздарымыздың  орындаған екінші шартты бойынша бағаларын көрсетіп жіберсеңіздер.

( Қазылар алқасы бағалап болған соң, келесі сайысқа қыздар дайындалғанша, бір еркін өнер көрсету)

 

ІІІ шарт

1- жүргізуші:

Ат суара барғанда жылғаға мен,

Ашаң жүзің ашылып, бір қарап ең.

Құлағыңда ай сырғаң дір – дір етіп,

Енді үзіліп кетердей тұрған әрең.

2- жүргізуші.: Рақмет. Бірақ бұл сөздерді біз қазір сайысқа түсетін аруларымызға арнасақ екен. «Арулар   - асыл жандар» айдарымен аталатын бұл сайысымызда қыздар киім үлгісімен  таныстырып, өздерінің сымбаты мен сұлулығын көпшілікке паш етеді.

(Шарт  орындалған соң және бір өнер үлгісін орындап жіберу)

1- жүргізуші: Қазылар алқасы, қыздарымыздың  орындаған үшінші  шартты бойынша бағаларын көрсетіп жіберсеңіздер.

 

ІҮ шарт

1- жүргізуші:

Қарсы алмаса,

Құрысын қарсы алмаған.

Ән салып бер;

Әніңмен сан салмаған

Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір,

Жатсын ұйып жапанда дел – сал далам

2- жүргізуші. Дінислам , Ару қыздарды көріп сен  ақын болып кеттің – ау, өзі?

Бірақ қазіргі біздің сайсымыз «Өнерліге өріс кең» деп аталады.  Себебі қазақ қыздары өнермен бірге туғандай , ол – әрі ақын, әрі әнші, әрі биші, әрі он саусағынан өнері тамған шебер.   Байқаудың ендігі кезегінде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.

( Құрметті, қазылар алқасы! Қыздарымыздың 4- шарт бойынша орындаған бағаларын көрсетіп жіберсеңіздер)

 

Ү шарт

1-жүргізуші

  Атам қазақ  дүниеге қыз бала келгенде «өрісімді кеңітер жан келді » деп қуанар екен. Сондықтан қыздар тәрбиесін ең дана, ең ақылды, ең шебер әйелдерге сеніп тапсыратын.  Себебі қыздар болашақта үйге ажар беретін, үйдің сәнін келтіретін, өз тапқырлығы мен шаруаға икемділігін көрсете білген аналарымызға айналатын.

2- жүргізуші:

«Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас, ұл атадан  үйренбей сапар шекпес» деп Қорқыт бабамыздың айтып өткендей, келесі шартымыз «Қолынан бал тамған» айдары бойынша орындалады. Бұл шарт бойынша ару қыздарымыз үйге берілген тапсырмамен таныстырып өтеді.

1- жүргізуші: Қыздарымыз қолдарынан бал тамызып пісірген тамақтарын

2-жүргізуші: Саусақтары майысып, өз қолдарымен орындаған   қолөнер үлгілерімен таныстырып өтеді.

Барлық шарттарды орындап болған соң ( 1 өнер үлгісін көрсету)

 Мараппаттау кезеңі:

 ( Сайысқа қатысқан қыздарды сахнаға шығару)

1-жүргізуші:

Дәстүрімен қазақтың,

Елге қызмет етейік.

Адалдықпен әрқашан

Әділдікке жетейік.

Әділ қазы алқасы,

Сіздерге сөз берейік.

2-жүргізуші:

Құрметті, қазылар алқасы! Бүгінгі сайысымыздың нәтижесін күтіп, ару қыздарымыздың жүрегі лүпілдеп, сіздердің бағаларыңызды күтіп тұр. Сөз сіздерге.

(Марапаттау рәсімі орындалады)

1- жүргізуші:

Арулар – әрбір үйдің шаңырағы,

Әрбір үйге от болып жағылады.

Әрбір үйге таң болып атты – дағы,

Әрбір үйге сәуле боп жамырады.

2- жүргізуші:

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір – біріне жалғап тұрар

Құрметті, көрермендер, қатысушылар, Қазылар алқасы! Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив