Мектебі: Алға мектеп-гимназиясы Пәні: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақ тақырыбы: Сұраулы сөйлем. (Неге? Қадыр Мырза Ә

Мектебі: Алға мектеп-гимназиясы

Пәні:  Қазақ тілі

Ұзақ  мерзімді  жоспар бөлімі:

Менің мектебім

Сабақ тақырыбы:

Сұраулы сөйлем. (Неге? Қадыр Мырза Әли)   Өздік диктант

Күні: 29.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: К.Т.Байхадамова

Класы:   2 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына  сілтеме)

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Сұраулы сөйлем құрастырады

Көпшілік оқушылар: Сөйлемді тыныс белгісіне қарай дауыс ырғағымен оқиды.

Кейбір оқушылар: Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып айтады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді ажыратады.                                                                    Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.

 

Тілдік мақсат

 

 

Пəндік лексика жəне терминология.

 Сөйлем, нүкте. Сұрақ белгісі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау. Сөйлем нелерден құралады?                                                                                   Сөйлем соңында қандай тыныс белгілер қойылады.

Сұраулы сөйлемдегі сөздер қалай оқылады?

Құндылықтарға баулу

Құндылықтарды дарыту өзара диалог құру барысында және ұқыпты, қатесіз жазу арқылы жүзеге асады.

(Зайырлы қоғам, жоғары руханият идеясы - білімді дамыту )

Пәнаралық байланыс

әдебиет, көркем еңбек,

АКТ қолдану дағдылары

 

Алдыңғы білім

Сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем туралы  біледі.

Жоспар

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

«Көңілді шеңбер»

Бүгін қай күн балалар,

-Бүгінгі күн, сәрсенбі

Тілек тілеп сіздерге

Болсын шаттық сәтті күн.......

Топқа бөлу: 1, 2, 3, 4 санау арқылы.

  • І топ « Жүйріктер »
  • ІІ топ « Зейінділер »
  • ІІІ топ « Сұңқарлар »
  • ІҮ топ « Алғырлар »

Шаттық шеңбері

Үй тапсырмасы

Үйге берілген ережелерді жатқа айтқызу.

41-жаттығуды ауызша тексеру.

Оқулық

 

Жаңа білім

«Миға шабуыл» Мәтін құрау

«Шежіре ағашы»

Қазақта әрбір адам өзінің .......................керек. ........ атасын білмеу - өте ....... нәрсе. Жеті ......... үйретуге ата-........ көмекке келеді.Жеті атаға өзі, әкесі, ..........., ............... және одан арғы ата-бабасы кіреді.

«Шежіре ағашы»

Қазақта әрбір адам өзінің жеті атасын білуі керек. Жеті атасын білмеу - өте ұят нәрсе. Жеті атаны үйретуге ата-ана көмекке келеді.Жеті атаға өзі, әкесі, атасы, бабасы және одан арғы ата-бабасы кіреді.

Оқулықпен жұмыс

43 – жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлеп оқы.

Шегене деген немене?

Соны білгің келе ме?

Шамалы, азды, шағынды

Бабалар деген шегене.

Сөздікпен жұмыс.

Шегене -  шағын, шамалы, аз

Баба – арғы ата, ұлы ата

 

Мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқулық

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

44 – жаттығу . Сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз .

1. Кісіге қарап орынсыз күлме. 2.Сәуле келді ме? 3. Сабақтан кешікпе. 4. Айдос ауылдан келіп пе? 5.Ешқашан өтірік айтушы болма! 6.Қар қалың жауды ма?

  Дәптермен жұмыс

 

  

Сергіту сәті

Оң  жағымда алма бағы

Оңға мойын бұрамыз

Сол жағымда дуал

Солға мойын бұрамыз

Ортасында зәулім үй.

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны.

1.Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді).

2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).

3. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).

4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).

5. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады)

6. Жауап алу мақсатында ....................(сұраулы сөйлем дейміз)

7. «Шегене»................................(шамалы, аз, шағын деген мағынаны білдіреді).

8. Әрбір адам ....................(жеті атасын білуі міндет).

9.Ма , ме , ба , бе , па, пе ............ ? (өзінің алдындағы сөзден бөлек жазылады )

10. Саған сабақ ұнады ма? .......... ( сұраулы сөйлем)

сұрақтар

Бағалау

«Бағдаршам»

Жасыл түс - «Мен тақырыпты жақсы түсіндім»

Сары түс- «Мен жартылай түсіндім»

Қызыл түс- «Мен түсінбедім»

Стикермен бағалау

Үйге тапсырма

45-жаттығу. Диалог құрау.

Оқулық

 

Саралау.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қосымша көмек көрсетуді сұрақтар қойып жетелеу, өз ойын айтқызу арқылы іске асырымын. Топтық жұмыс жүргіземін.

«Бағдаршам» әдісімен бағалау

 

Сабақ үстіндегі қауіпсіздікті ескертемін.

Сабақ/оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған шаралар тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге не көмектесетін білдім?

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив