Ұлыстың ұлы күні

3  сынып

 

Іс – шараның тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні»

 

Іс – шараның мақсаты: 

 

  1. Білімділік: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
  2. Дамытушылық: Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

 

Қолданылған көрнекіліктер:  Наурыз мейрамын салынған суреттер, плакаттар, слайд, бейнефильм

Түрі: Сыныптан тыс іс – шара

 

Қолданылған әдіс – тәсілдер: Блиц – турнир, ұлттық ойындар ойнау, кластер сызу, бейнефильм қарау, «Жылы лебіз» стратегиясы, өлеңдер сайысы.

 

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнерімен, Қазақстан тарихымен, қазақ әдебиетімен

 

Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

 

  • Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен қымбатты ұстаздар!

Бүгін біз «Наурыз мейрамын» қарсаңында осы әсем кітапханада 3 сынып оқушылар арасындағы «Ұлыстың ұлы күні» іс - шараны тамашалауға жиналдық.

  • Біріншіден, құрметті жиналып отырған қауым, сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтай отырып бәріңізге денсаулық, бақыт, табыс тілегім келеді. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Өлеңдер

  • Уа, ағайын халайық,
    Мұнда назар салайық!

    Мерекесі халықтың
    Наурыз тойы бастайық! (Аделя)

 

  • Наурыз келдi елiме,
    Наурыз келдi жерiме.
    Байлық, бақыт тiлеймiн,
    Бүкiл қазақ елiне.  (Андрей)

 

  • Наурыз - той, наурыз - думан,
    Бар арман орындалған.
    Наурыз - бақ, наурыз - аспан,
    Барлық адам сыйласқан  (Стас)

 «Блиц-турнир»

  1. Балалар6 көктемде қандай өзгерістер болады?
  2. «Наурыз» сөзі қай тілден шыққан? (Парсы)
  3. Наурыз күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)
  4. Киіз үйдің негізгі бөлшектері. (есік, уық, кереге, шаңырақ)
  5. 21-ші наурыз түні қалай аталады? (Қадыр түн)
  6. Адамдарға бақ, дәулет қондыратын ақсақал кейпіндегі қиял - ғажайып бейне? (Қыдыр ата)
  7. Қазақтарда жақсы хабар үшін не сұрайды? (Сүйінші)
  8. Қазақтың ішекті ұлттық аспабы? (Домбыра)
  9. Айлы кеште ойнайтын ұлттық ойын. (Ақсүйек)
  10. Балалар, 22 наурыз қандай мейрам? (Жаңа жыл)
  11. Адамдар Наурыз мейрамда не істейді? (әдемі киім киеді, дәмді тамақ пісіреді, ән орындайды, би билейді, ұлттық ойындар ойнайды)

 

  1. Балалар осы жылда біз қандай мерейлі даталарды тойлаймыз?
  • Қазақ хандығына 550 жыл
  • Қазақстан Республикасының Ата Заңына 20 жыл
  • Ұлы Жеңіске 70 жыл
  • Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл

 

  • Нигметова Дана татар киіммен шығып, татарша бір өлеңді айтып береді.

 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

«Көтермек»

  • Оқушылар екі – екіден шығып бірі – бірі көтеріп алуға тырысады

Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.

Өлеңдер

Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсіреді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.                          (Влад)


Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.                           (Таня)


Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы...                    (Саша)

«Ой қозғау»

Кластер сызу

наурыз

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңдер

 

  • Таң шапағы қарсы алып наурызда,
    Құт-береке тілейміз ауылымызға.
    Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
    Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
    Наурыз! Наурыз! Наурыз!
    Құтты болсын!
    Наурыз! Наурыз!
    Құтты болсын Наурыз
    !  (Руслан)
  • Кәне, достар, биле, биле,
    Құлағың сал ән мен күйге.
    Наурызды тойлағанда
    Отырмаңдар босқа үйде.
    Наурыз! Наурыз! Наурыз! (Жанеля)

 

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

«Теңге алу»

 

  • Оқушылар екі – екіден шығып, бір аяқта тұрып, жарысып, еденде датқан теңгені көтеріп алуға тырысады.

 

Қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Аңшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атаңып, жүлде алады.

Өлеңдер

 

  • Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.             (Дана)

 

  • Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ата, әже, әке, ана,

Құтты болсын Наурыз!                    (Виталя)

 

Кластер сызу

 

  • Балалар, Наурыз мейрамында ең басты тағамы қандай?
  • Әрине, наурыз көже
  • Ал наурыз көже неден жасаймыз?

 

  • ет, бидай, тары, арпа (перловка), күріш, құрт, сүт

 

 

Наурыз көже

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларына бейнефильмді көрсету

 

  • Оқушыларына Наурызға байланысты бейнефильмді көрсету

 

 

5 а сынып оқушысы Клименко Злата өлеңді айтып береді

 

«Жылы лебіз» стратегиясы

 

 

  • Оқушылар бір – біріне жақсы, жылы тілектер тілейді.
  • Қағаздарды көтеріп, тілектерін айтады

 

  • Наурыз құтты болсын!
  • Жер түкті болсын!
  • Халық жүрегі қуанышқа толсын!
  • Ақ мол болсын!
  • Қайда барсаң жол болсын!
  • Наурыз құт әкелсін!
  • Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
  • Ұлыс береке берсін!
  • Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
  • Аспан ашық болсын!

 

 

Бірге: Наурыз құтты болсын!

ШАШУУУУУ!!!!

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив