Қазақ халқының ұлттық ойындары

5 сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары.

 

Сабақтың мақсаты:

 

1) Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып

бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау. Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағұлмат беру

2) Дамытушылық: Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде
көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру

3) Тәрбиелік: Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
түсуге тәрбиелеу

 

Қолданылған көрнекіліктер: Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, слайд, видео

 

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс іс – шара

 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық, суреттер бойынша жұмыс, топтық жұмыс, кластер сызу, сөз жұмбақты шешу, «Сиқырлы қоржын» ойыны, «Ұшты - ұшты», «Теңге алу», «Кім тапқыр?», «Көтермек» ойындары, видео көрсету, рефлексия кезеңі

 

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнерімен, Қазақстан тарихымен

 

Сабақтың жүру барысы: 


  1. Ұйымдастыру бөлімі
    2. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

 

Психологиялық кезеңі

 Сәлемдесу.
- Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін біздің іс – шарамызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз


Мұғалім: Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Қонақтармен амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!


Балалар қонақтармен амандасады:


Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен «біз»

 

 

Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт - санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.

 

Бүгінгі сабағымыз сайыс сабағы ретінде өткіземіз.

 

Екі топ болады

қыздар тобы «Отан»

 

ер балалар тобы «Достық»

Психологиялық дайындық

 

Алға бір адым, артқа бір адым

Отырамыз, тұрамыз.

Сайыста БІЗ жеңіс аламыз.                         Екі топ кезекпен

 

Тақырыбымызды анықтау мақсатында сөз жұмбақ шешейік:

 

1) ҚР Президентінің аты кім? (Нұрсұлтан)

2) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? (біздің елбасымыз)

3) Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Осы ойынды шопандар ойлап тапқан. (Тоғызқұмалақ)

4) Төрт түлік малға не жатады? (түйе)

5) «Әке мен бала» әңгімені кім жазған? (Ы. Алтынсарин)

6) «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойында жануарлардың нелерін пайдаланады? (құмалақ)

7) Төрт түлік малға не жатады? (қой)

8) «Асық ату» ұлттық ойында жануарлардың нелерін пайдаланады? (сүйек)

9) Төрт түлік малға не жатады? (сиыр)

10) ҚР бас қаласы? (Астана)

11) Спорттың бір түрі? (дойбы)

12) Жануарлардың сүйектерін қандай қазақ халқының ұлттық ойында пайдаланады? (асық)

13) 22 наурыз – қазақ халқының ұлттық .... (мейрамы)

 

«Сиқырлы кітап» ойыны

 

- Әр оқушы қоржыннан бір сұрақтан алып, сұраққа жауап береді

- Дұрыс жауап берген кезде ұпай беріледі, ватманға жазылады.

 

1) Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі , ойындары немен байланысты?

2) Адамдар ойын барысында жануарлардың нелерін пайдаланады?

3) Қандай ұлттық ойындары бар?

4) Ханталапай ойынға неше бала қатысады? (4 – 5 бала)

5) Ханталапай ойынға неше асық алады? (10)

6) Он бірінші асық қалай аталады? (хан)

7) «Тоғызқұмалақ» ойынды кім ойлап тапқан? (шопандар)

8) «Тоғызқұмалақ» ойынға неше бала қатысады? (2 бала)

9) Асық ойынның мақсаты қандай? (асықтарды ұтып алу)

10) Қыздар асық ойыны ойнай ма? (жоқ, тек қана балалар ойнайды)

11) «Айқұлақ» ойыны қай кезде ойналады? (көктемде, жазда)

12) «Айқұлақ» ойының шарты бойынша қандай кейіпкерлер болады? (қасқыр, қойшы, ит, қойлар)

 

 

Мұғалім: Ұлттық ойындарда қандай мінез – құлықтар болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты

 

«Ұшты-ұшты» ойыны

 

            Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті.

 

Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады).

Ұшты, ұшты – қалам ұшты! (ұшпайды)

Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).

 Ұшты, ұшты – мектеп ұшты! (ұшпайды).

Ұшты, ұшты – мұғалім ұшты!

Ұшты, ұшты – көкек ұшты!

Ұшты, ұшты – торғай ұшты!

Ұшты, ұшты – кітап ұшты!

Ұшты, ұшты – бозторғай ұшты!

Ұшты, ұшты – кітапхана ұшты!

Ұшты, ұшты – дәптер ұшты!

Ұшты, ұшты – сауысқан ұшты!

Ұшты, ұшты – қарындаш ұшты!

Ұшты, ұшты – бүркіт ұшты!

Ұшты, ұшты – бала ұшты!

Ұшты, ұшты – аққу ұшты!

Ұшты, ұшты – қыз ұшты!

Ұшты, ұшты – сынып ұшты!

Ұшты, ұшты – қарлығаш ұшты!

 

Кластер сызу

 

- екі командаға ватман және маркер беріледі

- Оқушылар «Қандай ұлттық ойындарды білеміз?» деген сұраққа жауап беріп, кластер сызады.

- «Қандай топ қанша ойын жазды?»

- Ұпай тақтаға ілінген ватманға қойылады.

                                                                                                                         «Ақсүйек»  

Ұлттық ойындар

                қаыс                                                                                                  кейүсақ

             «Асық»

                                                                                                                         «Теңге алу»

   Ғозұаалққытм                                                                                                ула егңет

 «Тоғызқұмалақ»                                                                                         

 

                               «Тобық»                                                                          «Ханталапай»

                                Қобты                                                                               нахлатайап

 

«Теңге алу» ойыны

 

  • Оқушылар екі – екіден шығып, бір аяқта тұрып, жарысып, еденде жатқан теңгені көтереді.

 

Қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Аңшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Қазір шүберекке түйілген тиын, не сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкеткен адам жеңімпаз атаңып, жүлде алады.

 

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

 

Сергіту сәті


Бір, екі, үш,
Орнымыздан тұрамыз.
Төрт, бес, алты,
Аққу болып ұшамыз,
Жеті, сегіз, тоғыз,

Орнымызға қонамыз.                Видео көрсету

            

«Кім тапқыр?» ойыны

 

- Оқушылар, «Ұлттық ойындар» деген сөз тіркесінен қандай сөздер шығаруға болады?

ұлт

ойын

той

қой

лақ

ұл

нар – түйе

ой

он

ол

олар

от – огонь

ат

отын – топливо

оқ – пуля

қан

құн – стоимость

құт – счастье

қор – фонд

ар – совесть, честь

адыр – бугор, взгорье

ай – месяц, луна

айдар – чуб, коса

айдын – широкий водоем

қар – снег

қарт – старый, старик

қатын – жена

тал – тальник

тай – стригун, жеребенок

тақ – трон

«Көтермек» ойыны

 

  • Оқушылар бірін – бірі көтеріп алуға тырысады

 

Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.

  

ВИДЕО КӨРСЕТУ

 

Рефлексия: Сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?

 

  • Қазақ халқының қандай жақсы, тәтті деп айтуға болады деген салт – дәстүрі бар?

ШАШУУУУУУУ

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив