Менің достарым

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қалалық
№4 аралас жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі пәні мұғалімі Базарова Айнаш Қуанышпайқызы

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, оқу, жазу әрекеттерін қалыптастыру
Менің досым аясында жүйелі сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру.
Тұйық етістіктерді дұрыс қолдану әрекетін қалыптастыру.
Татулық, достық, интернационалдық сезімін ояту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
ІҮ. Сөздік жұмысы.
1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
3.Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.
б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
Ү. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Айтылым әрекетін «Досын қайда тұрады?» атты сұрақпен бастап, әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. Бұл сөздегі жатыс септігінің орнын және маңызын түсіндіру.
2-тапсырма. Реттік сан есімге берілген ережемен жұмыс жасау. Жұрнақтарын көрнекілік арқылы түсіндіру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
3-тапсырма. Грамматикалық тақырыпты бекіту мақсатында берілген тапсырмамен ауызша жұмыс жасап, тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру
4- тапсырма
Сергіту сәті.
Қатты нөсер басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көктен төмен әдемі
Кемпір қосақ ашылды.
5-тапсырма. Жазылым әрекетін 5-тапсырмада берілген сөздермен тақта алдында орындату.
6-тапсырма. Ережені бекіту үшін оқушылармен жеке-жеке жұмыс ұйымдастыру, сыныптағы заттармен сөз тіркестерін жасау.
ҮІ. Сабақты бекіту.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив