Ыбырай Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы”. Презентация

Ыбырай Алтынсарин
“Қазақ хрестоматиясы”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Шаймова Ақбота Мұханбетжанқызы
9- сынып

Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларымен таныстыру;
а) Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Ашық сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Ашық сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ашық сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,баяндау ,сұрақ- жауап , сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Ашық сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ыбырай Алтынсариннің портреті,нақыл сөздері,кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.

І топ – “Тапқырлар”
ІІ топ- “Білгірлер”

XIX ғасырда қазақ даласынан шығып, Орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқына келешегі үшін істеген еңбегі зор. Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрылымын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар.

Ыбырай Алтынсарин “Қазақ  хрестоматиясы”. Презентация

0 пікірлер

Пікір қалдыру