Антибиотиктер балалардың денсаулығына өте қауіпті

Антибиотиктер балалардың денсаулығына өте қауіпті - Фото

АҚШ ғалымдары антибиотиктердің балалардың ағзасына өте қауіпті екендігін анықтады. Атап айтқанда, антибиотиктердің жаңа туған нәрестелерде өкпенің қабынуына әкеп соғу қауіпі жоғары. Зерттеу нәтижелері Science Translation Medicine журналында жарияланды, деп хабарлайды

Ғалымдар антибиотиктердің зиянын зерттеу үшін әдеттегідей тышқандардың көмегіне жүгінген. Зерттеу барысында тышқанның жаңа туған баласында иммунитетті жетілдіру үшін ішектің дендритті жасушалары мен мен бактериялар өзара қарым-қатынаста болуы керек екенін көрсеткен. Ал, антибиотиктер бактериялардың ішекке енуіне кедергі болады, яғни бактериялар дендритті жасушалармен байланысқа түспейді. Осының салдарынан лимфоидтық жасушалар тыныс алу жүйесін зақымдайтын патогенді бактерияларға қарсы қорғаныс түзе алмайды.

Осылайша, ғалымдар зерттеу нәтижелері бойынша антибиотиктер балалардың өкпені қабындыратын микроорганизмдер салдарынан шетінеп кетуіне себепші болуы ықтимал деген қорытынды жасап отыр. Сондай-ақ, мамандар антибактериалды препараттар туабітті демікпесі жоқ адамдарды да осындай ауру түріне шалдықтыруы мүмкін дейді.


Дереккөзі: Lenta.ru, inform.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру