Құрманың біз білмейтін пайдасы

Құрманың біз білмейтін пайдасы - Фото
Шығыс елдерінде, әсіресе, Жапонияда құрманы өте пайдалы жеміс ретінде бағалайды. Нақтырақ айтқанда, оның жастықты сақтайтын қабілеті бар деп білген. Күніне адам су мен құрманың бір түйірін талғажау етсе де күш-қуаты мол болып, ашықпайтынын бәріміз білеміз. Ол ғылыммен де дәлелденген.

Өзге жемістерге қарағанда құрмада су өте аз мөлшерде. Бірақ көмірсу, ақуыз, маймен қоса, кальций, калий, натрий, фосфор, магний, темір секілді минералды заттар мол. Сонымен қатар, оның құрамына 15-тей тұз бен минералдар кіреді. Егер күніне он құрма жейтін болсаңыз, ағзадағы күкірт пен магнийдің, мыс пен темірдің қажет деген нормасын толтыруға болады.

Қанайналым жүйесінде ешқандай мәселе туындамай, қан қысымыңыздың қалыпты, жүрегіңіздің әрдайым сау болғанын қаласаңыз, құрманы жиі ас мәзіріңізге қосыңыз. Және мидың сергек жұмыс істеуіне, адамның жылдам ойлануына мүмкндік береді. Сондықтан бұл жемісті емтихан кезінде студенттерге көбірек жеген пайдалы.

Кейде келіншектердің толғағы ұзаққа созылады немесе босану үстінде көп күш жоғалтып, әлсірейді. Сондықтан дәрігерлер құрманы тек жүктілік кезінде емес, босанар алдында да пайдалануға кеңес береді. Ол адамға күш-қуат береді. Сонымен қатар, ананың денсаулығына ғана емес, сәбидің дамуына көп көмектеседі. Болашақ ана құрманы жүйелі түрде қолданса, баланың ағзасы пайдалы дәрумендермен толығады.

Тағы бір ескерерлік жайт, әйел дүниеге сәби әкелгенде біраз қан жоғалтады. Соның салдарынан қан құрамындағы қант мөлшері де азаяды. Ал құрма оны қалыпқа келтіреді. Қан қысымын реттейді.

 http://ikerim.kz

0 пікірлер

Пікір қалдыру