Салқын судың орынына жылы су ішудің 4 себебі

Осыған дейін сіз күніне жиі-жиі су ішіп тұру керек дегенді естіген боларсыз. Әрине, бұл сөзсіз пайдалы. Алайда, салқын суды жылы суға алмастыру өте маңызды

Бұл туралы AdMe.ru хабарлайды.

Салқын су тамақ құрамындағы майды қатайтып, ас қорыту процесін төмендетеді. Жылы су керісінше майдың жылдам таралып, организмнің тамақты тез сіңіріп жайлылық орнатуына себепші болады.

Сондай-ақ, тыныс алу жүйесіне де тигізер пайдасы орасан. Салқын су тыныс жүйесіндегі инфекцияларды тудырып, тамақтың ісуіне алып келеді. Жылы су кері эффект береді: Ол тамақты жұмсартып, ондағы жайсыздықты жояды.

Жылы судың әсері қан айналымына да елеулі пайдалы тұрғыдан әсер етеді. Салқын су қан тамырларының тарылуына әкеліп соқса, ал жылы су ішу кезінде тамырлар кеңейіп, нәтижесінде қан айналымы белсенді жұмыс істей бастайды. Осының арқасында сіздің организм токсиндерден тез арылады.

Жүйке жүйесіне әсері. Төменгі температура көп жағдайда бас ауруының пайда болуына алып келеді. Зерттеуге сәйкес, салқын суды жиі тұтыну адамда мигрен туғызады екен. Ал жылы су бас ауруын азайтады. Әсіресе, ол бастың құрыс-тырысын жазуға келгенде таптырмас сусын.

0 пікірлер

Пікір қалдыру