Ғалымдар ауырғанды басатын дәрілердің қауіптілігін анықтады

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ауырғанды басатын дәрілерге жүгіреміз.

Бірақ олар адамды тәуелді етіп қана қоймайды, семіздікке, ұйқысыздыққа, гипертонияға ұшыратады екен. Бұны Ньюкасл университетінің мамандары анықтады.
 
Ғалымдар 133 мың адамға зерттеу жүргізіп, габапентиннің, прегабалиннің әсерін анықтаған. Біраз адамдар ауырғанды басатын дәрілерді кардиопрепараттармен, ал біразы жүрек ауруларының дәрілерімен қоса қабылдаған.
 
Бірінші топтағы пациенттер екінші топтағылармен салыстырғанда семіздіктен көбірек зардап шеккен. 82%-да мықындары өсіп,  63%-да гипертония асқынған. Сондай-ақ басым бөлігі ұйқысыздыққа ұшыраған.

0 пікірлер

Пікір қалдыру