Сағыз арықтауға көмектеседі

Артық салмақтан арылғысы келген жандар қантсыз сағызға назар аударуы қажет. Ғалымдар жүргізген эксперимент сағыздың арықтау үшін лайфхак болып табылатынын растады.

Род-Айленд университеті мамандарының тапсырмасы бойынша сынаққа қатысушылар (ерлер мен әйелдер аралас) екі топқа бөлінген. Бірінші топтағы 35 адам аш қарынға сағызды күніне 2 рет қолданған: алғаш таңғы астан 20 минут бұрын, екінші рет түскі астан 2-3 сағат бұрын. Сонымен қатар, еріктілер өздерінің аштықты сезіну деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін сауалнаманы толтырып отырған.

Сынақ барысында мамандар сынаққа қатысушылардың жеген тамағының мөлшері мен метаболизм белсендігін өлшеп отырған. Бір айдан кейін қорытынды шығару кезінде сағызды пайдаланған адамдар түскі асты 67 ккал-ға аз тұтынғаны анықталды. Бұл ретте олар калория мөлшерін тәуліктің қалған бөлігінде қосымша тағамдармен толықтыруға тырыспаған.

Сағыз семіздікті емдеу схемасына енгізілуі тиіс, ол көмектеседі – сынақ авторлары осындай қорытындыға келіп отыр. 

0 пікірлер

Пікір қалдыру