Жұмыстағы ұжымда өзіңізді қалай ұстауыңыз керегі жайлы 8 кеңес

Лайықты жұмыс тауып, ұжымда тұрақтап қалу үшін не істеу керек? Бұл көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті сұрақтардың бірі. Өйткені көп уақытымызды бірге өткізетін адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуды барлығымыз қалаймыз. Әрине  бөгде біреудің қызғануы, жек көруі мен біреуді айыптауын еркінен тыс қойдыра алмаймыз. Бірақ төмендегі психологиялық кеңестер мен ұсыныстардың өзіңізді ұжымда сенімді ұстауға септігі тиері сөзсіз.
 

Бірқатар нұсқалар:

Басшылықтан ақылдылығыңызды көрсетуге ұмтылудың қажеті жоқ.
Егер сізді жақсы бағалағанын қаласаңыз, өз ойыңызды тиянақты әрі нақты ақпараттармен жеткізуге тырысыңыз. Көпшіліктен озып шығып, өзіңізді көрсетуге тырысып бағатын болсаңыз, басшыңыз сізді өзіне бақталас санап, сізден құтылуға тырысуы мүмкін. Бірақ барлық басшыларды бұлай сипаттай алмаймыз.
 
Жаңа есімдер мен лауазымдарын есіңізде сақтап қалыңыз
Жұмысқа жаңа тұрған болсаңыз, бірінші кезекті рет-ретімен қызметкерлердің есімдері мен лауазымдарын есте сақтауға тырысыңыз. Ұжымдағы әріптестеріңіз бір-біріне «сіз» әлде «сен» дейді ме, соған назар аударыңыз. Өйткені әр ұжымның өз тәртібі пен ұстанымдары болады. Сізге «сен» деуді ұсынса, бастартпай, жылы қарым-қатынасты жалғастыра беріңіз.
 
Көп тыңдап, аз сөйлеңіз
Жұмыстағы алғашқы күндеріңізде болса, бақылаңыз. Басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас, бір-біріне деген пейілдерін сырттай пайымдап, өзіңізге тұжырымдар жасап алыңыз. Жалпы бұл жұмыста көптен бері болсаңыз да, бақылаушы рөлі аса тиімді. Өйткені бір тарапқа жақтассаңыз, екінші тарапқа жау болып шыға келесіз, ал тәуелсіз бақылаушы болу арқылы өзіндік сыйыңыз қалады.
 
Сұрақ қоюдан қорықпаңыз
Тіпті қарапайым жұмысқа орналассаңыз да, сіз білмейтін жайттарға тап болып, көкейіңізде сұрақтар орын алуы мүмкін. Осындай сәттерде әріптестеріңіздің көмегінсіз қиын. Жалпы, әріптестеріңізден көмек сұрау немесе сауал қою арқылы сіз өзіңіздің игі ниетіңізді білдіре аласыз.
 
Сын айтудан  аулақ болыңыз
Әлі іс барысын толық меңгермейінше, тіпті меңгеріп алған жағдайда да, сын айтуға асықпаңыз. Ал егер ескерту айту керек жағдай орын алса, оны сыпайы түрде жеткізіңіз.
 
Сабырлы болыңыз
Қандай жағдай болмасын салқынқанды әрі сабырлы қалыпты сақтаңыз. Салқын қабақ пен дөрекілік танытты ма? Әрине, жағымсыз жағдай, бірақ бұл ең сорақысы емес, адамдар әртүрлі, барлығына бірдей жағу мүмкін емес. Жағымсыз эмоцияларыңызды жасырып қалуға тырысыңыз.
 
Жеке өміріңіз жайлы айтуға асықпаңыз
Әрине, жаңа әріптестеріңізге сіздің жеке өміріңіз аса қызық болып көрінуі мүмкін. Бірақ бәрін бірден жайып салсаңыз, бұл сіздің абыройыңыз бен сыйыңыздың төмендігін көрсетеді. Әрі бұл ресми форматқа да жатпайды. Өзіңізді жеңіл ойлы жан ретінде көрсетіп алуыңыз мүмкін.
 
Сауатты сөйлесіңіз
Артық ауыс сөздер қолданбай, барынша тиянақты әрі асықпай сөйлеңіз. Қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге тырысып, сенімсіз сөйлеуден арылыңыз.
 
Осындай қарапайым қағидалардың арасында жаңа ұжымға сіңісіп кетуге болатынын қаперіңізден шығармаңыз. Өйткені ешқандай да қызыл диплом сіздің жұмыстағы міндеттеріңізді өздігінен атқара алмайды.
 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив