Денсаулыққа пайдалы тәттілер


1. Қара шоколад. Қара шоколадтың сүтті шоколадтан калориясы аздау болса да, құрамында адам денсаулығына пайдалы нәрселер өте көп. Мысалы: антиоксиданттар, флавоноидтар, дәрумендер, кальций, темір, магний секілді элементтер бар. 

2. Зефир. Басқа тәттілерге қарағанда зефирдің құрамында калорий саны өте аз. Алайда бұлшық етіңізді қатайтатын темір, фосфор, ақуыз секілді элементтер бар. 

3. Жеміс қағынан жасалған кәмпит. Бұл кәмпиттер пішініңізді бұзады деп ойламаңыз. Ол мармелад сияқты. Ағзадағы ауыр тұзды металдарды шығарады. 

4. Мармелад. Мармеладта пектин өте көп. Ол холестирин мөлшерін азайтып, ішек-қарын жолын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар бұл тәттіде калорий аса көп емес. 

5. Бал. Балдағы калорий мөлшері қанттағыдай. Алайда ол қантқа қарағанда дәмдірек. Егер бір шынаяқ шайға екі қасық қант салатын болсаңыз, оның орнына 1 қасық бал салуға болады. Балда ағзамызға пайдалы дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары бар. 

6. Алуа. Алуа құр тәтті ғана емес, ол ағзаңызды жасартуға көмектеседі. Өйткені оның құрамындағы А, Е, В дәрумендері теріңізге пайдалы және жүрек-тамыр жүйесін жақсартады. 

7. Цукат. Құрамында бета-каротин, токоферола және аскорбин қышқылы секілді дәрумендер мен антиоксиданттар бар табиғи тағам. Цукат есте сақтау қабілетіңізді жақсартады және шаршағаныңызды тез басады. 

8. Тосап. Тосап дәрумендер мен минералдардың қайнар көзі. Оның сіздің денсаулығыңызға ең пайдалылары: таңқурай тосабы, қызыл тал тосабы, алхоры тосабы және жаңғақ қосылған тосап. 

9. Құрақ қант. Осыдан 20 жыл бұрын батыс диетологтары қоңыр құрақ қанттардың пайдалы тұстарын айтқан болатын. Олардың құрамында ағзамызға керекті кальций, магний, темір, фосфор, калий секілді микроэлементтер бар. 

10. Жеміс-жидектер. Жеміс-жидектерде өміріңізді ұзартып, денсаулығыңызды жақсартатын дәрумендер, микроэлементтер, минералды тұздар мен антиоксиданттар көптеп кездеседі. Құрамында органикалық қышқылдар, эфир майы, ақуыз, пектин және жасұнықтар болғасын жемістерді ертеден адам денсаулығына ең пайдалы өнімдердің қатарына жатқызады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив