Азот қышқылы

Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы

Мақсаты мен міндеттері:
1. Азот қышқылының қасиеттерін оқыта отырып,азот қышқылының металдармен әрекеттескендегі ерекшеліктеріне тоқталу.Азот қышқылының алынуын,қолданылуын оқып үйрену.
2. Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттырып,алған білімді саралап,қортындылай білуге үйрету.
3. Оқушыларды жауапкершілікке,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,эксперимент.
Құрал жабдықтар мен көрнекіліктер:интерактивті тақта,карточкалар,сабақты бекітуге тест тапсырмалары,оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу,оны өткізу жоспарын көрсету(№ 1 -3 слайд)
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
Өткен сабақтардағы азот қосылыстары туралы білімді жаңғырту,еске түсіру үшін өздік жұмысы орындалады. (слайды № 4-6):

№ 1 тапсырма
Физикалық қасиеттері бойынша азот қосылыстарының формулаларын құрыңдар
I нұсқа:Ол түссіз,суда өте аз еритін газ.Ауадағы оттекпен оңай тотығады.Ол тұз түзбейтін оксид.
NO –азот (II) оксиді
II нұсқа:Түссіз, өткір иісті,ауадан жеңіл,суда жақсы еритін,тұншықтырғыш газ.
NH3 - аммиак

№ 2 тапсырма
Қосылыстарды тотығудәрежелерінің өсу реті бойынша орналастыр.
I нұсқа: N2, NH3, KNO3, NO, HNO2.
-3 0 +2 +3 +5
NH3, N2, NO, HNO2, KNO3.
II нұсқа: NO2, N2O, HNO3, NH4Cl, N2O3
-3 +1 +3 +4 +5
NH4Cl, N2O, N2O3, NO2, HNO3.

№ 3 тапсырма
Түрөзгеріске сәйкес реакция теңдеулерін жазып, Х затын атаңдар.
I нұсқа: N2 → X → NH4Cl
X – NH3 (аммиак)
1. N2 + 3H2=2NH3
2. NH3 + HCl = NH4Cl
II нұсқа: NO2 → X → NH4NO3
X – HNO3 (азотқышқылы)
1.4NO2+2H2O+O2=4HNO3
2. HNO3 + NH3=NH4NO3
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру (слайд № 7):
I. Алынуы;
II. Азот қышқылының физикалық қасиеті;
III. Азот қышқылының сипаттамасы ;
IV. Химиялық қасиеттері;
IV. Азот қышқылының қолданылуы.
І.Алынуы:(слайд № 8)
а)Зертханада : 2NaNO3(қ.) + H2SO4 (конц) = NaHSO4 + 2HNO3
ә) Өнеркәсіпте: HNO3 аммиакты тотықтыру арқылы алады.
ІI. Азот қышқылының физикалық қасиеті
Оқушыларға азот қышқылын көрсетіп,оның физикалық қасиетін сипаттайды.оқушылар дәптерге жазады. (№ 9 слайд):
Таза азот қышқылы HNO3 түссіз,өзіне тән иісі бар сұиықтық. Оның тығыздығы 1,51 г/см3. Ол — 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Атмосферада азот қышқылы«түтінденеді»,оның буы ылғалды өзіне тартып,тұман тамшыларына айналады.
ІII. Азот қышқылының сипаттамасы.
8-сыныпта өткен қышқылдар туралы білімге сүйеніп азот қышқылын сипаттайды. Содан кейін талқылаймыз(слайд № 10):
Негізділігі:
бірнегізді
Құрамындағы«О»байланысты:
оттекті
Суда ерігіштігі:
еритін
Диссоциациялану дәрежесіне қарай:
күшті
ІҮ. Химиялық қасиеттері:
Оқушылар қышқылдардың жалпы қасиеттерін еске түсіреді.Оқушылармен бірге қышқылдардың қасиеттерін еске түсіріп,реакция теңдеулерін жазады. (слайд № 11)
1. HNO3 күшті электролит
Диссоциациялануы: HNO3 = H+ + NO3 -
2.Металл оксидтерімен әрекеттеседі:
CuO + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + H2O
CuO + 2H+ = Cu2+ + H2O
3.Негіздерменәрекеттеседі:
Cu(OH)2 + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + 2H2O
Cu(OH)2 + 2H+ = Cu2+ + 2H2O
4.Тұздармен:
Na2CO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + CO2↑ + H2O
CO32- + 2H+ = CO2 + H2O
5. Тотықтырғыштық қасиеті:
Азот қышқылының металдармен әрекеттескендегі ерекшеліктері туралы айтып,түсіндіреді.Азот қышқылының мыспен реакциясын видеодан көрсетеді.Реакция теңдеуің жазады.Металдармен әрекеттескенде ешқашан сутек бөлінбейтінін айтады. (слайд № 12):
Металдармен әрекеттесуі:
K, Ca, Na, Mg, Al, Zn, Cr, Fe, Pb, H2, Cu, Hg, Ag, Au
Ме + HNO3 -> Me(NO3)n + H2O + NxOy
Cu + 4HNO3(конц) = Cu(NO3)2 + 2H2O + 2NO2
3Cu + 8HNO3(сұй) = 3Cu(NO3)2 + 4H2O + 2NO
Me + HNO3 Me(NO3)2 + H2
V. Азот қышқылының қолданылуы.
№ 13слайд талқыланады.
Азот қышқылы қолданылатын салалар:
• Азот тыңайтқыштарының өндірісі;
• Қопарылғыш заттар алуда;
• Бояу өндірісінде;
• Дәрі-дәрмек өндіруде;
• Әр түрлі химиялық заттар синтезінде;
• Полимер бұйымдар алуда (пластмассалар)
IV.Жаңа сабақты бекіту.
Слайд № 17
Азот қышқылы туралы не білдім?
V.Жаңа сабақты қортындылау.
Жаңа сабақты қортындылау үшін тест тапсырмасы беріледі.
1. Азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесі:
а)-3 б)0 в)+5 г)+4
2. Азот қышқылы жарықтын әсерінен :
а) қызғылт қоңыр б) сарғаядыв) өзгеріссіз қалады .
3. Металдармен әрекеттескенде азот қышқылы:
а)тотықтырғыш, б)тотықсыздандырғыш, в)тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та болады.
4. Азот қышқылы әрекеттеспейтін зат:
а) CO2 ; б) NaOH; в) Al(OH)3 ; г) NH3 .
5. Азот қышқылының құрамындағы азоттың массалық үлесі:
а) 11,2 ; б) 22,2; в) 44,2 ; г) 33,2
VІ.Үйге тапсырма:
Слайд № 18
параграф 16(оқуға),58-беттегі 3,4,5-тапсырма

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив