11-сынып. Химиядан сабақ жоспары (§27- §29)

 

№ 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(Қ)                      сабақ реті:                              күні________

 

Тақырыбы

§27. Азотты органикалық қосылыстар. Аминдер.  Лабораториялық  жұмыс № 15,16 «Анилиннің  хлорсутекпен,  бром суымен әрекеттесуі», «Матаны қара анилинмен бояу»

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

Оқушыларға аминдер,олардың құрылысы,  изомериясы, номенклатурасы алынуы,қолданылуы туралы білімді қалыптастыру;

 аминдердің молекулалық ,құрылымдық формуласын құрастыру,атомдардың өзара әсерін түсіндіре білу, аммиактың қасиеттерімен салыстыру білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру,талдау,жүйелеу  дағдыларын   қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау,тәжірибе көрсету.

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта,анилин,  концен.тұзжәне күкірт қышқылдары бром суы ,  сынауықтар,  лакмус қағазы,  фенолфталеин,  спирт шамы, химиялық стакан,  1%-тік сілті ерітіндісі,  калий дихроматы.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Аминдер.

1.Білімді жаңғырту:

  • Қандай қосылыстар азотты органикалық қосылыстар деп аталады?
  • Қандай қосылыстар нитроқосылыстар деп аталады?
  • Қандай топ нитротоп деп аталады?

Қосымша 11-ЕТЖ-1, №10-9 жұмыс істеу (202бет)

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

-Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

-оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің ауызша түсіндіруі :

 

 1.  Физикалық қасиеттері және құрылысы: кітаппен өз бетінше жұмыс 

2.  Химиялық қасиеттері:

1.      Сутектің 5атомының электрон бұлты азот атомына қарай ығысады да ,онда теріс заряд шамасы артады.:

*C2H5—NH2 +H2O =====      C2H5—NH3    + OН

Этиламин                        ион этиламмония

 

*C2H5—NH2 +HС1 =====      C2H5—NH3   С1

 

* 4CH3—NH2 +9О2 =====      4CО2 +  10H2O+  2N2

 

:Кітаппен өздік жұмыс:  255- 256 бет

****Метиламин:

CH3—NH2

****гексаметилендиамин:

NH2 (CH2)6NH2

****анилин:

C6H5—NH2

              Анилин қышқылмен әрекеттеседі, анилиндегі амин тобындағы азоттың жұп электронын бензол сақинасы өзіне тартатындықтан алифатты аминдерге қарағанда аминдердің негіздік қасиеттері әлсіз болады.Азоттағы электрон бұлтының тығыздығының азаюынан оның протонды тарту қабілеті төмендейді де, негіздік қасиеті де әлсірейді.   Анилинге мейлінше тән реакциялар амин тобы менбензол ядросы арқылы жүретін реакциялар.

Амин тобы арқылы жүретін реакциялар:

C6H5—NH2            +   H2SО4------------    C6H5—NH3 HSО4       

C6H5—NH2            +   НС1   ------------     C6H5—NH3С1  

C6H5—NH3С1   +   NаОH-------------C6H5—NH2  +  NаС1     +   H2О

 

Бензол  ядросы арқылы жүретін реакциялар:

анилин алмасу реакциясына оңай түседі,мысалы бром суымен әрекеттесіп   2,4,6- триброманилин түзеді.:

 

3. Алыну әдістері:

* Нитробензолды катализатор қатысында сутегімен тотықсыздандыру( платина,  палладий,  никель):

C6H5-NO2  +3H2 ------C6H5—NH2 +2H2O

*Нитроқосылысты катализатор қатысында сутегімен тотықсыздандыру:

R-NO2  +3H2 ---R—NH2 +2H2O

 

*1842 жылы Н.Н.Зинин  анилинді күкірсутегімен тотықсыздандырды:

 

 

              3H2S------------               +3S  +   2H2O

 

*  Нитробензолды шойын үгінділері мен тұз қышқылы  қатысында тотықсыздандыру:

Fe  +  2HCl---------FeCl2  +2H

C6H5-NO2  +6H ------C6H5—NH2 +2H2O

 

4. 11-Б-5 көрсету

15-20

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;   

Лабораториялық тәжірибе №15

1. Сынауыққа бір тамшы1 анилинді тамызып, 8 тамшы сумен араластырып, бір тамшысын лакмус қағазына тамызғанда түсі өзгермейді.Бұл қоспаға бірнеше тамшы конц тұз қышқылын тамызғанда тұз  фениламмоний хлориді түзіледі, ол негіздік қасиет көрсетеді,бірнеше тамшы    ф/ф, тамызса таңқурай түске өзгереді. Егерде анилинге 3 тамшы бром суын қосса , ақ түсті тұнба түзіледі.Бұл ароматтық сақина бойынша жүретін алмасу реакциясы.

2-3

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

  1.Фронталды сұрақтар қою: 

Нитроқосылыстарға анықтама беріңдер.

Аминдер мен нитроқосылыстардың айырмашылығы неде.

Аминдердің номенклатурасы мен изомериясын түсіндіріңдер.

Аммиак пен  метиламиннің құрылымдық және электорндық формулаларын салыстырыңдар.

2-3

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Өзара тексеру(сұрақтар дайындау: жұппен жұмыс)

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  

Параграф  27  -оқу,  № 8-10 есеп шығару.(131- бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Жаңа ұғымдар:

Аминдер

1-2

1-2

 

 

 

№ 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11 (Қ)          сабақ реті:                              күні________

 

Тақырыбы

§28.Амин қышқылдары. 

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

Оқушыларға амин қышқылдары,құрамы,олардың функционалды топтары, қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; олардың белоктар түзуге қатысуына көңіл аудару;

Құрылыс формуласын,реакция теңдеуін құру білу,оларды халықаралық  ,    номенклатура бойынша атай білу біліктілігі мен дағдысын жетілдіру ;

талдау,жүйелеу  дағдыларын   қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, 11-ДДТ-15,  11-ЕТЖ-1жаттығулар орындау,тәжірибе көрсету.,  11-Б-5көрсету, 

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-ДДТ-15,  11-ЕТЖ-1жұмыс істеу,  11-Б-5 көру,  мұғалімнің түсіндіруі,ауызша сұрақтар.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Амин қышқылдары.

1.Білімді жаңғырту:

  • Қандай қосылыстар азотты органикалық қосылыстар деп аталады?
  • Аминдер деген не?
  • Аминқышқылдары туралы не білесіңдер?

Қосымша 11-ЕТЖ-1, №10-21,22 жұмыс істеу (202бет)

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

-Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

-оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

Мұғалімнің жоспар бойынша түсіндіруі :

1.Аминоқышқылдар.

2.Изомериясы , номенклатура

3.Алынуы

4.Физикалық қасиеттері

5.Химиялық қасиеттері

6.Қолданылуы.

***1. Аминоқышқылдар   полифункционалды қосылыстарға жатады.ьным соединениям. Аминоқышқылдарында әртүрлі функционалды топтар болғандықтан гетерофункционалды қосылыстарға да жатқызуға болады. Бұл нені білдіреді.Олардың молекуласы  бірнеше функционалды топтардан тұрады

Аминоқышқылдары-азотты органикалық қосылыстар, -NH2 амин тобы және СООН карбоксил тобынан тұрады. Ең бірінші өкілі аминсірке қышқылы. Аминоқышқылдары белок молекуласын құрайтындықтан олардың маңызы өте зор.Табиғатта 150 жуық амин қышқылдары анықталған,бірақ соның 20 ғана белок құрамына кіреді.Шамамен жартысы ауыстырылмайтын аминқышқылдарына:олар адам организімінде синтезделеді және тамақпен бірге организмге түседі:

Н2N-СН2-СООН

Аминсірке қышқылы (глицин)

Аминоқышқылдарын молекуласында сутек атомының орнын амин тобы басқан карбон қышқылдарының туындысы ретінде қарастыруға  болады.Кейбір аминоқышқылдарының  молекуласында екі амин тобы, гидроксил тобы, тиол тобы 8Н,екі карбок­сил тобынан тұрады.

Аминоқышқылдары табиғатта кең таралған: белоктар, пептидтер және басқа да физиологиялық активті қосылыстар құрамына кіреді. Аминоқышқылдары бос күйінде де кездеседі.Өмірге өте қажетті қосылыстар белок молекулалары аминқышқылдарының қалдығынан құралғандықтанаминқышқылдары өте маңызды қосылыстарға жатады.

***2. Номенклатурасы және изомериясы. . Ең қарапайым өкілі аминсірке қышқылы -NH2 —СН2 —СООН .Әлі күнге дейін алғашқы тарихи атауы аминсірке қышқылы- глицин деп аталады.

Халықаралық номенклатура бойынша аминқышқылдарының атауы  алифатты қышқылдар атауына амин сөзі жалғанып аталады.Тізбекте амин тобы санмен белгіленіп көрсетіледі.Мысалы::

65432      1

Н2М—СН2—СН9—СН2—СН2—СН2— СООН

6-аминогексан қышқылы

Аминқышқылдарының изомериясы көміртегі тізбегнің құрылысы мен амин тобының орнына байланысты..

Изомерлерді атау үшін карбоксил тобы тұрған көміртектен бастап нөмірлейді.Нөмірлеуді тура карбоксил тобы тұрған көміртектен емес,топ байланысып тұрған көміртектен бастайды. Аминқышқылдарының тарихи атаулары бар,мысалы: аланин,  глицин.

                                                

                                                      О                                                             О

СН3—СН2—СН2—СН—С                               СН3—СН—СН—С                                       

 

                                NH2         ОН                                 СН3   NH2              ОН 

2-аминопентан қышқылы                      2-амино-3-метил-бутан қышқылы

 

***3. Аминқышқылдарын полисахаридтерді алғандай гидролиз арқылы алады.Алғашқы тарихи алынуы белоктардың гидролизі.Бұндағ қиындық гидролиз арқылы алғанда бөлінуі күрделі аминқышқылдарының қоспасы алынады.Аминқышқылдарын алудың ыңғайлы әдісі,карбон қышқылдарының аммиакпен әрекеттесуінен алынған галогентуындыларынан алу.1858 жылы ағылшын ғалымы органик Уильям Перкин  алғаш осы әдіспен глицин алды.Қазіргікезде аминқышқылдарын алудың ең тиімді тәсілі биотехнологиялық әдіс.

 

***4.  

Аминсірке қышқылыл (глицин)

а-Аминопропион қышқылы (аланин)

а-Амино-р'-гидроксипропио-н қышқыл (серин

а-Амино-|3-тиопропион қышқылы (цистеин)

а-Амино-у-тиометилмай қышқылы(метионин)

а-Амино-у-оксимай қышқылы(треонин)

к-Аминоянтар қышқыл  (аспарагин)

а-Аминоизовалериан қышқыл  (валин)

а-Амино-р-фенилпропион қышқылы (фенилаланин)

а-Аминометилвалериан қышқылы (лейцин)

а, е-Диаминокапрон қышқыл  (лизин)

 

 ***5.   Физикалық және химиялық қасиеттері Аминқышқылдары түссіз  кристаллды заттар,жоғары температурада балқып,айырылып кетеді. Суда жақсы ериді. Аминқышқылдарының молекуласында қасиеттері қарама- қарсы екі функционалды топ бар. Амин тобы негіздік қасиет көрсетеді, ал карбоксил тобықышқылдық қасиет көрсетеді.

Бұл молекула ішінде бейтараптану жүреді- карбоксил тобындағысутек атомы амин тобына көшеді де биполярлық ион (ішкі тұз).

 

 

Аминқышқылдарыныңқасиеттері амино- және  карбоксил топтарымен анықталады.Олардағы екі топтың өзара әсерінен    тек аминқышқылдарына тән қасиеттер көрсетеді.

Негіздік- қышқылдық қасиет көрсететін реакциялар бір молекулада қышқылдық топ (--СООН),  және негіздік топ(-NH2).

 NH2— CH2----COOH  +NаОН=== NH2— CH2----COONа +НОН

 NH2— CH2----COOH  +НС1=== НООС--CH2----NН3С1

Сулы ерітіндіде   карбоксил тобы сутек катионын бөле  диисосациаланады,ол бірден бөлінбеген электроны бар азот атомына қосылады.Сондықтан диссоциация тепе –теңдігі оңға қарай ығысады.           Аминқышқылдары – амфотерлі қосылыстар.Бос күйінде аминқышқылдары өсімдік ткандерінде,жануарларда болады.

 

                Н                      О                                              Н

 

          Н—N—СН2—С                                              Н—N—СН2—СОО           

                                           О—Н                                 

                                                                                          Н

 

Аминқышқылдары спирттермен күрделі эфирлер түзе әрекеттеседі

 

NH2— CH2----COOH  +НОR === NH2— CH2----COO R +НОН

 

Сапалық     ксантопротеи       реакциясы

Бензол сақинасы бар амин қышқылдары,  концентрлі азот қышқылымен әрекеттесіп сары түсті қосылыс түзеді   .

поликонденсация ракциясы аминқышқылдары аминдер мен карбон қышқылдарының  қасиеттерін көрсетеді.    

                Н                      О                              Н                     О

 

          Н—N—СН2—С                      +      Н—N—СН2—С          

                                           О—Н                                             ОН       

                                                                     

                      О    Н                     О

Н2N—СН2—С-- N—СН2—С                      +Н2О                                        

                                                     ОН

Пептидтік байланыс дипептид

Синтетикалық талшық алатын капронды осылай алады.                          .

Табиғи аминқышқылдары конденсация өнімі - полипептидтер және белоктар түзеді.

Этерификация  реакциясы

Аминқышқылдарындағы карбоксил тобы күрделі эфир түзу қасиетін сақтайды. Реакция катализатор ретінде алынған хлорсутек газының қатысында жүреді:

                                                           HCl

R—CH2(NH2)—COOH + -OH--------------R—CH(NH2)-COOR  +  H2O

***6.Аминқышқылдары тірі тіршілік үшін қажетті  полпептидтер мен белоктар бастапқы құраушы заттар ғана емес,өздерінің жеке алғанда физиологиялық маңызды  функциясы бар қосылыстар. Аминқышқылдары  мен оның қосылыстарын өнеркәсібтің көптеген салаларында қолданады: тамақ,медицина(глицин ағзғаға күш беретін,мидың жұмысын жақсартатын дәрі ретінде), микробиологияда,химияда. Жапондықтар кептірілген теңіз өсімдіктерін қосу тамақтың дәмін, иісін жақсартатынын байқаған.  1909 жылы жапон ғалымы Икеда   бұндай өзгерістуң себебі глутамин қышқылында екенін анықтаған.

Халықаралық номенклатура бойынша  нитроқосылыстардың атына  көмірсутек радикалының алдына нитро- сөзін қосып атайды

Өндірісте нитроқосылыстарды парафинді көмірсутектерді нитрлеу арқылы алады.

Нитрометан және нитроэтан еріткіштер және реагенттер арқылы қолданылады. Нитроалкандарды жандырғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді.Олар улы және қопарылғыш заттар.Қопрылғыш заттардың стандарты есебінде тринитротолуол (тротил) алынады.Ядролық қарудың күші тротил эквивалентімен есептеледі. Ең күшті бомба –сутектің күші—50 млн.  тротилға тең.

 

10-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары;   

 Аминсірке қышқылының формуласын жаз.

Аминсірке қышқылының мысалында ди-,  трипептид түзілу реакция теңдеулерін жазып,пептидтік топты көрсетіңдер.

2-3

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

  1.Дәптермен жұмыс:  1. 11-ЕТЖ-1 жұмыс істеу.  №10-42,  10-43, 10-48 205бет ,  11-ДДТ-15

 

 

 

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Өзара тексеру(сұрақтар дайындау: жұппен жұмыс)

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 

Параграф  28  -оқу,  № 3-7- жатт. Жазбаша.(136-бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Жаңа ұғымдар:

Аминқышқылдары

1-2

1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

 

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(Қ)           сабақ реті:                              күні________

Тақырыбы

§29.Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

 

 

тәрбиелік:

оқушыларға азотты гетероциклді  қосылыстардың құрамы мен қасиеттерін туралы білімді  пиридина және пиррол мысалында қалыптастыру;

талдау,қорытындылау біліктіліктерін дамыту, жүйелей білу,  азотты гетероциклді  қосылыстардың формулаларын құрастыра білу, құрылысын түсіндіре білу,дағдыларын ары қарай қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс , 11-ЕТЖ-1 жаттығулар орындау

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету 11-ЕТЖ-1   

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.ТҚ.алғашқы  нұсқау беру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

1.Білімді жаңғырту:

Азотты гетероциклді  қосылыстар.

Фронталды әңгімелесу:

 Аминқышқылдарында құрамында  қандай функционалды топ болады?

Аминқышқылдарының физикалық және химиялық қасиеттерін атаңдар?

Пигменттер мен  витаминдер қандай заттарға жатады?

Бірге орындау:  10-51 (205бет).  11-ЕТЖ-1 бойынша

 

 

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

Азотты гетероциклді  қосылыстар.

***1. Циклда көміртек атомынан басқа элементтердің атомдары болатын қосылыстар гетероциклді  - қосылыстар деп аталады.Биологиялық маңызы бар азотты гетероциклді  қосылыстар.

 

Пиридин

Бір азот атомы бар алты мүшелі гетероциклді қосылыс, оны тас көмір шайырынан және сүйекті пиролиздегенде  сүйек майынан алынады.Бұл түссіз сұйықтық, қайнау температурасы-115 С, өте өткір жағымсыз иісті. Оның негіздік қасиеті бар,нитрлеу, галогендеу реакцияларына түседі,бірақ реакция қиындау жүреді. Пиридин ядросы витаминінің  РР молекуласының құрамында болады.Бұл пеллаграның – тері ауруларының дамуын ескертеді.

Пиридин ядросы кең тараған дәрілік препарат

сульфидиннің құрамына кіреді.

пиррол

Бір азот атомы бар бес мүшелі гетероциклді қосылыс.

Майсыз  сүйекті пиролиздегенде алынған заттар

қопасынан алынады.  Бұл түссіз сұйықтық, қайнау температурасы-130 С,  хлороформ иісті,суда нашар ериді.Оның туындылары гемоглобин және  хлорофилл құрамына кіреді.

Пиримидинді, пуринді негіздер 

Пиримидин және пурин негіздері организмнің тіршілік әрекетінде маңызды қызмет атқаратын  нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді..  Пурин екі ядеродан тұрады. Маңызды туындылары –тимин,  цитозин.  Пурин туындылары  – аденин, гуанин.

20-22

 

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

1.Дәптермен жұмыс:

Қандай қосылыстар гетероциклді деп аталады?

Бензол және пиридиннің қандай ұқсатығы мен айырмашылығы бар?

Пиридин неге негіздік қасиет көрсетеді,  ал пиррол – жоқ?

 

3-5

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

11-ЕТЖ-1 жұмыс істеу,  №10-65 , 10-59 ,10-60,206 бет. 11-ДДТ-12          

5-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығу тексеру.

 

3-4

 

Үй

 

тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру

 параграф  27-29-  қайталау;  № 3-5 жатт. Жазбаша (139-бет); 

 

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

 

1-2

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив