11-сынып. Химиядан сабақ жоспары (§6- §14)

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11 (Қ)          сабақ реті: №                             күні_______

Тақырыбы

§6. Қаныққан көмірсутектер.Алкандар. Циклоалкандар  

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

 

 

 

тәрбиелік:

Оқушыларға алкандардың,  циклоалкандардың гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы   туралы білімді толықтырып қалыптастыру; 

Изомерлердің формуласын құрастыру, алкандардың гомологтарын, қосылыстың құрылыс формуласы бойынша атын атау,аты бойынша құрылыс формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі,жаттығулар орындау,фронталды сұрақтар; кесте құрастыру, есептер шығару 11-ЕТЖ-1 , 

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта  11-ЕТЖ-1 ,  11-ТҚ-

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша жаттығу тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс:  карточкамен  11-ТҚ-

2-3

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары

Алкандар.Гомологтық қатары.Изомериясы, номенклатурасы  

3.Білімді жаңғырту

1. Фронталды әңгімелесу: 

  • ОҚХҚТ негізгі қағидалары қандай?
  • Негізгі қағидаларын дәлелдеңдер.
  • Көміртек атомының электрондық құрылысы.
  • Көміртек атомының ядро заряды қандай?  Көміртек атомының ядро заряды 6 –ға тең, ПЖ  бұл элементтің реттік нөмірі 6.
  • Көміртек атомының ядросындағы протон саны қанша ? Көміртек атомының ядросындағы протон саны 6 –ға тең, ядро заряды протон санына тең.
  • Көміртек атомында қанша электрон бар?
  • Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар?
  • Көміртек атомының сыртқы электрондық деңгейінде қанша электрон бар?

           Көміртек атомы органикалық қосылыстарда үнемі төрт валентті.Химиялық байланыс түзгенде атом қозған күйге көшеді де,2 s-электронның біреуі 2-р орбитальға ауысады.

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері: 

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету; 

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.                                               

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

           Қарапайым қаныққан көмірсутек-метан адамдарға өте ерте кезден белгілі.Оны кен немесе батпақ газы деп атаған.Көміртек атомы гибридтелген күйде болады.Көміртекте бұрышы 109 28 минутқа тең , тетраэдр төбесіне бағытталған, 4 теңдей гибридтелген орбиталі бар. Метан молекуласының кеңістікте орналасуын көміртек атомының электрондық құрылысы анықтайды. С-Н  барлық   4 ковалентті байланыстары көміртек атомының орбиталі мен сутек атомы орбиталінің қаптасуы арқылы түзіледі.Барлық байланыс сигма –түріне жатады. Сутек атомының ядросының центрі тетраэдр төбесінде жатады.

          Егер көміртектің қалған валенттіктері сутек атомымен толығымен байланысса ,бұларды қаныққан көмірсутектер, парафиндер  ,  алкандар деп атау белгіленген.

    Органикалық химияда бір кластың барлық заттарын бір қатарға жинақтауға болады,оны гомологтық қатар деп атаймыз.Бұл қасиеттері бірдей құрылысында бір немесе бірнеше  --СН2--   топқа айырмасы бар органикалық қосылыстар қатарын айтамыз.Бір гомологтық қатардың өкілдерін гомологтар деп атаймыз.Құрылымдық формула,  қысқартылған құрылымдық формула , молекулалық немесе эмпирикалық формула.

                       Молекуладағы барлық  байланыс бірдей.Егер молекуладағы бір байланысты үзсе әрбір атом жұптаспаған электроны бар екі бөлшекке айналады:сутек атомы ,метил радикалы.Бұл гомолиттік айырылу. Ендіекі метил радикалын қосамыз.Метан гомологы –этан алынады.Бірақ құрамдары бірдей құрылыстары әртүлі заттар болады.Бұлар изомерлер Бутан изомері молекуласындағы атомдардың байланысу тәртібі әртүрлі Бұл құрылымдық изомерия.  «Біріншілік»,  «екіншілік»,  «үшіншілік»,  «төртіншілік»:

1       2       3     4       5

СН3-СН2-СН2-СН2-СН3

 

1,5 – Біріншілік атомдар, бір көміртек атомымен байланысқан;   2,3,4 – екіншілік көміртек атомы, көміртектің екі атомымен байланысқан, үшіншілік үш атомымен байланысқан, төртіншілік төрт атомымен байланысқан.

 

 

 

 

                    CH3          CH3         Біріншілік-1,6 радикалдардағы (барлығы-5)

    6     5      4     3        2      1        екіншілік-5,3

H3C- CH2-CH-CH2     C   CH3     үшіншілік- 4                    

                                                      төртіншілік-2

                                     CH3                                                                                                                                                

2. Алкандардың алынуы:

 

Алкандарды алу әдістері:

 

өнеркәсібтік

лабораториялық

изомерлену

гидрлеу

Мұнай өнімде-рін

крекинг

Табиғи шикізат көздерінен бөлу

Вюрц реакциясы

алюминий  карбидін  гидролиз-деу

пиролиз

             

      

  А). Мұнай мен серік газдардан,мұнайда сұйық алкандар,қатты алкандар мұнай және озекеритте болады.

 Б). Жай заттарды синтездеу - көміртекті гидрлеу.

 В). Лабораторияда натрий  ацетататынан    :

         СН3 СООNа +  NаОН--------СН4 +Nа2 СО3

 Г). Қаныққан көмірсутектердің галогентуындыларын металл натриймен әрекетестіру. Вюрц реакциясы

   2СН3 I  + 2 Nа-----------С2Н6+ 2NaI

     

) Негізгі қасиеттерінің бірі –жану реакциясы.Көптеген химиялық реакциялар адамдардың төңірегінде,оның өзінде жүріп жатады. Біз бұндай химиялық құбылыстарға көңіл аудара бермейміз.Бұл құбылыстар қалай жүреді? (ас үйдегі газ,  оталдырғыштың жануы,  шахтадағы жарылыстар–бұл алкандардың жану реакциялары.)

 С Н4  + О2  -----СО2  +Н2О   +  880 кДж/ моль

Бұл реакция қай типке жатады? (экзотермиялық жарық, жылу бөле жүретін , алкандар жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан отын ретінде қолданылады)

Б)  Химиялық тұрақты, қышқылдармен,сілтілермен,тотықтырғыштармен әрекеттеспейді.

 В)   Орынбасу реакциясы (  алкандарға сапалық реакция). Бұл реакция  галогендермен жарық қатысында сатылап жүреді. А.М.Бутлеровтың ОҚҚТ негізгі қағидаларының бірін еске түсірейік:  заттың құрылысымен оның қасиеттерін болжайдыМетан молекуласының құрылысын еске түсірейік(көміртек пен сутек атомдары өзінің валенттіліктерін толық жұмсайды).  Метаннан қалай жаңа зат алуға болады.  Тек  С-Н байланысты үзіп, сутек атомын басқа атоммен алмастыру арқылы жүзеге асыруға болады.Байланысты үзудің екі жолы бар: гомолитті,  гетеролитті.  Егер байланысты үзу гомолитті механизм бойынша радикалдар түзілу арқылы жүрсе ,  бұл реакция  радикалды орын басу.

           Н                                    Н

       Н-С-Н+ Сl-Сl              Н- С –Cl + Н-Cl

           Н                                    Н     

           Н                                    Н

       Н-С-Cl+ Cl-Сl             H- С –Cl + Н-Cl

           H                                   Cl

           Н                                    Н

       H-С-Cl+ Сl-Сl             Cl- С –Cl + Н-Cl

           Cl                                   Cl     

           Н                                   Cl

      Cl-С-Cl+ Сl-Сl             Cl- С –Cl + Н-Cl

           Cl                                   C

Галоген есебінде тек  бром және хлор қолданылады.

  В) Термиялық айырылу реакциясы,  температура 1000 С дейін.

    СН4   ------------ С+ 2Н2;

Егер температура 1000 С тан жоғары болса, онда мына  реакция жүреді:

    2СН4 ------------Н3С—СН3  +3Н2   (дегидрлеу реакциясы)

Изомерлену реакция: көмірсутектердегі байланыс үзіліп тізбекті көмірсутектер тармақталған көмірсутектерге айналады.

                                   400 С, AlCl3

СН3-СН2-СН2-СН2-СН3------------СН3-СН-СН2-СН3

                                                                СН3

Ашық тізбекті алкандардан басқа тұйық тізбекті алкандар да болады. Қаныққан көмірсутектердің тағы бір тобына циклоалкандар жатады Оларды циклоалкандар  немесе  циклопарафиндер деп атайды.

Циклобутан                                    циклопентан                        циклогексан   

 Жалпы формуласы:   Сn Н2n . n>3   Оларда қаныққан көмірсутектерден екі сутек атомы кем болады. Неге? Бес және алты мүшелі циклоалкандарды мұнайдан алғаш ашқан МосковаУниверситетінің профессоры В.В.Марковников. Сондықтан оларды  -нафтендер деп атайды. Циклоалкан  молекуласында көп жағдайда бүйір тізбегі болады.    

Метилциклопентан                                     этилциклогексан

 ==2) Циклопарафиндердің молекуласының құрылысы қаныққан көмірсутектерге ұқсас.   Әрбір көміртек атомы sp3гибридтелген күйде болады  С-С  және  С-Н атомдар арасында 4σ   -байланыс түзеді. Бұрышы неге байланысты болады?  Жай молекулада бұрыш тетраэдрліктен айырмашылығы болады,молекулада жоғары реакцияға қабілеттілік туғызады.Тұйықталған тізбекте С-С арасындағы байланыс еркін айналу мүмкін емес.   

==3)  Изомериясы және номенклатурасы.  Циклоалкандарға изомерленудің екі түрі тән. π

Құрылымдық

Кеңістіктік

А) Бұл изомерлену көміртек қаңқасына байланысты. Мысалы  :    циклдегі көміртек атомының санына байланысты. 

Б)  көмірсутек молекулаларындағы орынбасарлардың түрі мен олардың орнына байланысты:Мысалы: 1, 1-диметилциклобутан и  1,2 –циклобутан

В) Алкендермен класаралық изомериясы

 

циклобутан         бутен-1                  

А) Кейбір циклоалкандарда С-С   байланыстағы көміртек атомдары айнала алмайды.

Например:  молекула

1,2-диметилциклопропан,  екі  СН тобы тұйық тізбектің бір немесе екі жағында жатуы мүмкін:

 

 

 

 

Цис-изомер         транс-изомер

 

===5.Алынуы:

  А)  мұнайдан;

  Б) алкандардың дигалогентуындыларына металдармен әсер ету:

  В) циклогексан қатарындағы қосылыстарды көбінесе бензол қосылыстарын гидрлеу арқылы алады.

.

            Циклоалкандар – құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер.

            Жалпы формуладағы n>3. Циклоалкандар – молекуладағы көміртек атомдары өзара σ-байланыс арқылы жалғасқан алициклді көмірсутектер. Циклоалкандағы көміртек атомдары алкандардағы сияқты sp3 гибридтелген күйде болады.

            Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Жалпы формуласынан циклоалкандар құрамының сәйкес алкандардан айырмашылығы – олардың молекуласында сутектің екі атомы кем болатынын байқауға болады. Ең қарапайым циклоалкан үш мүшелі сақинасы бар циклопропан С3Н6. Келесі мүшелері: циклобутан С4Н8 және циклопентан С5Н10 циклогександар С6Н12,

Физикалық қасиеттері. Циклоалкандардың алғашқы екі мүшесі циклопропан мен циклобутан газдар, кейінгілері – сұйық заттар, жоғары циклоалкандар – қатты заттар. Циклоалкандардың қайнау және балқу температуралары сәйкес алкандар мен алкендерден жоғары. Алкандар сияқты бұларда суда ерімейді.

Химиялық қасиеттері. Циклоалкандардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері көбінесе циклдегі көмірсутек атомдарының санына байланысты болады. Бұл көмірсутектердің ішіндегі химиялық ең тұрақтылары – құрамында бес және алты көміртек атомы бар циклоалкандар. Циклоалкандардың көміртек атомдары sp3 гибридтенген күйде болады. Молекуласының құрамында үш және төрт көміртек атомдары бар циклопропан мен циклобутандардың валенттілік бұрыштары 109°С 28’-тан едәуір ауытқитын (кіші) болғандықтан, циклде кернеу пайда болады да (15-сурет), олар бес және алты мүшелі циклоалкандардай тұрақты бола алмайды.

 Циклоалкандардың біраз қасиеттері алкандарға ұқсас: химиялық белсенділіктері төмен, жану және орынбасу реакцияларына түседі.

Алкандардан айырмашылығы – циклоалкандар қосылу реакцияларына түсе алады.

  1. Цикл ашылу арқылы жүретін реакциялар (қосылу реакциялары). Циклдегі көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзілген жерге басқа элемент атомдары (галогендер, сутек, т.б.) қосылады:

Кіші циклді қосылыстар үлкен циклді қосылыстарға қарағанда қосылу реакцияларына оңайлау түседі. Мысалы, гидрлену реакциясының (сутектің қосылуы) ір түрлі циклоалкандарда жүру жағдайлары (температурада) өзгеше:

  1. Орынбасу реакциялары. Бес және одан да көп мүшелі циклді қосылыстарға орынбасу реакциялары тән:
  2. Дегидрлену реакциясы айырылу реакциясына жатады. Циклоалкандар дегидрлену (сутек бөлінетін) реакцияларына түседі. Мысалы , өршіткі қатысында циклогександы дегидрлегенде бензол тұзіледі:
  3. Циклоалкандардың жануы. Құрамы алкандар сияқты көміртек пен сутек атомдарынан тұратындықтан, циклоалкандар да жанады. Оттек жеткілікті болса, нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Мысалы:

                   С6Н12 + О2  –>  6СО2 + 6Н2О + Q

Оттек жетіспесе, реакция нәтижесінде көміртек (II) оксиді немесе күйе түзіледі.

            Циклоалкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы.

            Циклопропан С3Н6 – газ тәрізді зат. Есірткілік қасиетіне байланысты медицинада қолданылады.

            Циклогексан С6Н12 – сұйық зат, еріткіш ретінде қолданылады. Циклогексаннан циклогексанол, циклогексанон, адипин қышқылы және капролактам алады. Мұнайды өңдеген кезде циклогексан мен метилциклогексан бензол мен толуол сияқты химиялық синтезге қажетті ароматты көмірсутектерге айналады.

            Циклоалкандар – алициклді қаныққан көмірсутектер. Олар табиғатта мұнайдың құрамында кездеседі және синтездеп алуға да болады. Химиялық реакцияларға циклі ашылып немесе циклі бұзылмай да түсе алады. Қосылу, айырылу, орынбасу реакцияларына кіріседі. Циклоалкандар, негізінен, еріткіш ретінде және ароматты көмірсутектерді алу үшін қолданылады.

 

16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; - 

  11-ЕТЖ-1жұмыс істеу. 88 бет.  №2.12,  2.14

 

9-10

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

 

Жаттығуды тексеру.

4-5

 

 

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге жазғандарын тексеру

1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  параграф 6;  оқу;  № 3-6 жазбаша(36бет)

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(қ)           сабақ реті: №                             күні________

Тақырыбы

§ 7.Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер немесе этиленді көмірсутектер.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

 

 

 

тәрбиелік:

Оқушылардың көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, алкендердің атомының құрылысының ерекшеліктері және физикалық қасиеттері; алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы   туралы білімді қалыптастыру; 

Изомерлердің, гомологтардың  формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі, 11-ЕТЖ-1, 11-ДДТ-3 жаттығулар  орындау,фронталды сұрақтар; нашар үлгерушілермен жұмыс, лабораториялық тәжірибе, 11-Б-1көру

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта , молекула жасауға арналған шариктер,

  11-Б-1; 11-ДДТ

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша жаттығу тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс:  карточкамен 

2-3

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары

Алкендар.Құрылысы.

3.Білімді жаңғырту

1. Фронталды әңгімелесу: 

  • ОҚХҚТ негізгі қағидалары қандай?
  • Негізгі қағидаларын дәлелдеңдер.
  • Көміртек атомының электрондық құрылысы.
  • Көміртек атомының ядро заряды қандай?  Көміртек атомының ядро заряды 6 –ға тең, ХПЖ  бұл элементтің реттік нөмірі 6.
  • Көміртек атомының ядросындағы протон саны қанша ? Көміртек атомының ядросындағы протон саны 6 –ға тең, ядро заряды протон санына тең.
  • Көміртек атомында қанша электрон бар?
  • Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар?
  • Көміртек атомының сыртқы электрондық деңгейінде қанша электрон бар?

           Көміртек атомы органикалық қосылыстарда үнемі төрт валентті.Химиялық байланыс түзгенде атом қозған күйге көшеді де,2 s-электронның біреуі 2-р орбитальға ауысады.

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.                                               

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

 5. Алкендердің номенклатурасы.

 

ИЮПАК ережесі бойынша сәйкес акандардың- ан жұрнағының орнына -ен  жұрнағы жалғанады.

 бутен-1

CH3CH2CH2=CH2

3-пропилгептен

CH3-CH=CH-CH3

Радикалдар алкандар сияқты нөмірленеді.

этилен               СН2 ==СН2                       пропилен CH3CH2=CH2

                                   изобутилен

                           CH3CH2CH=CH2

              

                                   CH3

    Алкендерден түзілген көмірсутек радикалына –енил журнағына айналады. Кейбір алкенді радикалдарда жүйелеу номенклатурасының орнына тривиалды атауларын қолдануға рұқсат етіледі:

 

CH2=CH-                                                    CH3CH2=CH-

аллил,  винил,                                           2-пропенил этенил

           

                               CH2=CH- CH3-

 


                                         C3H7

                    изопропенил, 1- метилэтенил

Қос байланыс түзетін қанықпаған көміртек атомымен байланысқан сутек атомын винил атомы деп те атайды.

 

               Алкендердің алынуы:

1. Алкандарды крекингілеу  :                t

                              С8Н18   -------- С4Н10    +  С4Н8

2. Алкандарды дегидрлеу:

                             Н3С---СН3------- С Н2==С Н2  +  Н2

3.Спиртерді дегидратациялау :   

                                                 H2SO4, t

                           Н2 С---С Н2 ---------------СН2 ==СН2 + Н2О

                                 1     1

                                 Н    ОН

4. Галогеноалкандарды дегидрогалогендеу:

 

                           Н2 С---С Н2---------------- СН2 ==СН2 + НС1

                                 1    1

                                Н    С1

1. Галогентуындыларға спирт қатысында натрий гидроксидімен әрекеттестіру

H3C-CH2-CH2Br +NaOH=  H3C-CH=CH2+NaBr+H2O

2. Спирттерді  су тартатын заттармен әрекеттестіру.

                                Н2SО4

H3C-CH2-CH2ОН    =        CH2= CH2    + H2O

3. Zn және Mg- ді  дигалогентуындылармен әрекеттестіру.

 

4. Ацетиленді көмірсутектерді гидрлеу.Белсендігі төмен катализатор               ( Fe) қатысында.

CH     CH + H2=   CH2= CH2    

 

Зайцев ережесі:  су немесе галогенсутек бөлінгенде сутек атомы аз орыннан сутек атомы бөлінеді.

3.   Қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттері:

Тотығу:

А)  Жану реакциясы. Көптеген реакциялар біздің айналамызда жүріп жатады ,бірақ оларды байқай бермейміз.

     СН2 ==СН2 +3 О2  -----2СО2  +2Н2О 

Б)  Жартылай тотығу реакциясы:  

                Н    Н                                             Н   Н

                 1    1                                              |     |

            Н-С= С-Н   +О2   +Н2 О-----------Н-С---С-Н

                                                                       |     |

                                                                      ОН ОН     (этиленгликоль)

В)  Қосылу реакциясы: бұл қанықпаған көмірсутектерге тән реакция  Алкендердің химиялық қасиеттері қос байланыспен анықталады. п-байланыста электрон бұлты байланыстың екі жағында теңдей таралады . Этиленде   π –байланысқа қарағанда σ –байланыс мейлінше берік.

         Н          Н       +     -                 Вr +          -                  Н  Вr

             С=С       + Вr : Вr---------Н-С-С-Н   +Вr---------Н-С--С-Н

         Н          Н                                 Н  Н                             Вr Н

 

    

                                                                                Дибромэтан  (С2Н4Вr2)

Бұл алкендердің сапалық реакциясы.

Галогендерді қосып алу.

CH2=CH-CH3+Cl2 =  CH2Cl-CHCl-CH3  

Сутекті қосып алу.

CH2=CH-CH32= CH3-CH2-CH3

Галогенсутекті қосып алу

CH2=CH-CH3+НCl= CH3-CHCl-CH3

Қосылу Марковников ережесі бойынша қосылады( сутек ,сутек атомы көп көмірсутек атомына қосылады)

Суды  қосып алу

CH2= CH2    + H2O= CH3-CH2ОН    

1.      Калий перманганатымен бейтарап немесе әлсіз сілті ортада тотықтыру

2.       (Вагнер реакциясы)

Марковников ережесі: при присоединении  галогеноводородов к симметриялы емес алкендер галогенсутектерді қосып алғанда сутек атомы қос байланыс тұрған жердегі сутек атомы көп көмірсутекке қосылады,ал галоген сутек атомы аз жерге қосылады. 

                       Н    Н   Н                                   Н    Н   Н

                 Н--С==С---С—Н +Н--I--------Н—С—С—С—Н

                                    Н                                   Н    I     Н

Бұл молекуладағы атомдардың өзара әсері.

****    С3Н6+ Н2---------С3Н8    - гидрлеу реакциясы,   гидрлеу реакциясын зерттеуде Дм.Вл. Сокольскийдің еңбегінің маңызы зор.

  В) Полимерлену  реакциясы

                                          УК сәулелер

                 nСН2 ==СН2   ------------ (…СН—СН--…)

                                                                                       п

Егер температура 1000 С-тан жоғары , онда мынадай реакция жүреді:    2С2Н4 ------------Н3С—СН3  +3 Н2   (дегидрлеу реакциясы)  

 Алкендерге жалпы формуласы CnH2n,бір қос байланысы бар органикалық қосылыстар. Гомологтары кәдімгі жағдайда- газдар, С5 –тен бастаптөменгі температурада қайнайтын сұйықтықтар. Барлық алкендер іс жүзінде суда ерімейтін ,бірақ спирттен басқа органикалық еріткіштерде жақсы еритін ,суға қарағанда тығыздығы аз .

Кейбір алкендердің физикалық қасиеттері

 Формуласы           Аталуы                     Тбалқ..0С           Тқай.0С

CH2=CH2                этилен                              -169              -104

CH3CH2=CH2         пропилен                          -185               -47

CH3CH2CH2=CH2     бутен-1                          -130               -5

CH3-CH=CH-CH3 (цис)цис-бутен-2.             -139               +4

CH3-CH=CH-CH3 (транс)    транс-бутен-2   -105               +1

(CH3)2C=CH2           изобутилен                     -140                -7

 

Алкендердің қолданылуы.

           

1. Пластмассаны алу –, труба, пленка,ыдыстар жасау;

 

2. Этанолды алу –органикалық синтезде еріткіш ретінде қолданылады.;

 

3. Этиленгликолды алу – антифриз – қату температурасын төмендетеді.

 

4. Этилен теплицаларда жеміс- жидектердің өнімділігін арттыру үшін қолданылады.;

 

5. Алкендеры синтетикалық каучук өнеркәсібінде қолданылады.

 

6.Сірке қышқылы өнеркәсібінде қолданылады.     

16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Дәптермен жұмыс:көміртек атомының құрылысының суретін салып түсіндіру( жинақтама бойынша).

 

9-10

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығу 11-ЕТЖ-1. 90бет.     №2.7;  2.22; 2.25 ; 2.26.

 

4-5

 

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге жазғандарын тексеру

1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  параграф 7;  оқу;  № 7-11 жазбаша(42бет)

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

1-2

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(қ)                      сабақ реті:   №                           күні________

Тақырыбы

§ 8. Диен көмірсутектері (алкадиендер)

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

 

 

 

 

 

 

тәрбиелік:

Оқушылардың алкадиендер, олардың құрылысы,  номенклатурасы, изомериясы туралы білімдерін тереңдету;

алкадиендердің атомының құрылысының ерекшеліктері және химиялық қасиеттері,алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу   туралы білімді қалыптастыру; 

Изомерлердің, гомологтардың  формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі, 11-ЕТЖ-1, 11-ДДТ-3 жаттығулар  орындау,фронталды сұрақтар; нашар үлгерушілермен жұмыс, лабораториялық тәжірибе, 11-Б-1көру

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта , молекула жасауға арналған шариктер,  11-Б-1; 11-ДДТ

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша жаттығу тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс:  карточкамен 

2-3

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары

Алкадиендер

3.Білімді жаңғырту

1. Фронталды әңгімелесу: 

Алкендердің жалпы формуласын жаз.

Алкендерді не себебті олефиндер деп те атайды?

Алкендердің алкандардан қандай айырмашылығы бар?

Алкендердегі изомерия түрлерін ата?

Алкендердегі изомерленудің алкандардан қандай айырмашылығы бар?

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.                                               

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

 Бұл кластың атауынан молекулада екі қос байланысы бар екені белгілі.Сондықтан алкадиендердің  гомологтық қатарының жалпы формуласы CnH2n-2.Диендерді қос байланыстың орналасуына қарай үш топқа бөледі:

 1.Қос байланыс қатар орналасса кумулденген деп аталады. Бұл қосылыстар тұрақсыз, жылдам бірігіп алкиндерге айналады.

CH2=C=CH-CH2-CH3

Пентадиен-1,2

2.Қос байланыстар бір дара байланыспен бөлініп орналасса қосарланған диендер деп аталады:

 CH2=CH-CH=CH2-CH3

Пентадиен-1,3

3.Диендер екі немесе одан да көп дара байланыстармен бөлінсе оқшауланған деп аталады.

CH2=CH-CH2-CH=CH2

Пентадиен-1,4

Диендердің номенклатурасы

Қос байланыс екеу болғандықтан ен жұрнағының орнына саны көрсетіліп, диен деп аталатындығын және бір қос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыс орны көрсетіледі.Екі немесе одан да көп қос байланыс болса -диен, -триен жұрнақтары,барлық қос байланыстар негізгі тізбекте болу керек.Мысалы: алкадиен, алкатриендер т.б.

CH2=CH-CH=CH2-CH -CH3

гексадиен- 1, 3

1        2      3     4      5      6

CH2=CH-CH = C-CH= CH2

                

                 C3H7  C3H7

3, 4 -дипропилгексатриен - 1, 3, 5

Алкадиендердің  алыну әдістері және химиялық қасиеттері.

  Алкадиендердің  алыну әдістері.

1. Алкандарды сатылай дегидрирлеу :

H3C-CH2-CH2-CH3            H3C-CH2-CH=CH2                H2C=CH-CH=CH2

2. Спирттерді дегидратациялау және дегидрлеу (С.В.Лебедев әдісі)

2H3C-CH2-OH                  H2C=CH-CH=CH2 + 2H20 + H2

Алкадиендердің химиялық қасиеттері

1. Алкадиендерге қосылу  реакциялары тән  (+галогены, сутек, галоген сутек)

CH2=CH-CH=CH2+Br2CH2Br-CH=CH-CH2Br

2. Полимерлену реакциясы:

n(CH2=CH-CH=CH2)( -CH2-CH=CH-CH2-)n

 Алкадиендердің қолдануы

Алкадиендер синтетикалық каучук өндіру үшін қолданылады.

Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы

      Дивинил (бутадиен-1,3)

Н2С=СН—СН=СНөзіне тән өткір иісі бар түссіз газ.Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады.Синтездік каучуктар (бутадиен,бутадиен-стирол,бутадиен-нитрил)латекс,пластмасса,т.б.заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.

        Изопрен(2-метилбутадиен-1,3)Н2С=С—СН=СН2

                                                                                                                   СН3

Түссіз сұйық зат.Изопрен синтездік каучуктің мономері.Одан алынатын изопрен каучугы табиғи каучуктың синтездік алмастырғышы болып табылады.

        Хлорпрен(2-хлорбутадиен-1,3)Н2С=С—СН=СН2

                                                                            Сl

Түссіз сұйық зат,оны винилацетиленнен НС≡С≡С—СН=СН2алуға болады.Хлорпренді полимерлеп,химиялық төзімді,жанбайтын хлорпрен каучугын алады.

        Қарастырылған диендердің маңызы өте зор,оларды полимерлеп синтездік каучук алады.Каучуктан резеңке жасайды.Ал каучук пен резеңке автокөліктердің камералары мен олардың шиналарын,аяқкиімдердің ұлтанын жасауға және техниканың әр түрлі салалары мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.

                       

16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Жаттығу№12 (106 бет)

9-10

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығу 11-ЕТЖ-1. 90бет.     №2.7;  2.22; 2.25 ; 2.26.

4-5

 

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге жазғандарын тексеру

1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  параграф 8;  оқу;  № 7-8 жазбаша (45 бет)

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

1-2

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11           сабақ реті: №                             күні________

Тақырыбы

§9. Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

 

 

тәрбиелік:

Оқушылардың ацетиленнің құрылысы ,алынуы,алкиндердің қасиеттері , туралы білімдерін қалыптастыру;

алкиндердің атомының құрылысының ерекшеліктері және химиялық қасиеттері,алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру   Изомерлердің, гомологтардың  формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

Аралас сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өздік жұмыс істеу,мұғалімнің түсіндіруі, 11-ЕТЖ-1, ТҚ-4,5жаттығулар  орындау, 11-В-1көру

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта ,11-ЕТЖ-1,11-Б-1,ТҚ-4,5,11-КП-4 молекула жасауға арналған шариктер,

 

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша жаттығу тексеру.

2.Нашар үлгерушілермен жұмыс:  карточкамен 

2-3

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары

Алкиндер

3.Білімді жаңғырту

1. Фронталды әңгімелесу: 

Алкандар мен  алкендерге қандай қасиеттер тән?

Реакция теңдеулерін құрастырыңдар.

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.                                               

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

 Бұл кластың атауынан молекулада үш еселі байланысы бар екені белгілі. Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер- алкиндер.

Алкиндер- құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы  формуласы  болатын қанықпаған көмірсутектер.

Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін  байқауға болады. 

Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

C2H6 этан          C2H4 этен     C2H2 этин

  Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектермен бірдей:.

Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Анықтамаларына қарап, алкадиендер мен алкиндерді салыстырсақ, қандай айырмашылықтары бар екені молекулалық және құрылымдық формуларынан көрінеді .

  Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин  . Бірінші мүшесі ацетиленнен басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп аталады.

Алкиндердің құрылысы.

Алкиндердің құрылыстарымен бірінші мүшесі ацетиленнің мысалында танысайық. Ацетилен молекуласының құрылысы төмендегі формулалар арқылы бейнелеуге болады:         

             H:C:: C:H                                       H-C≡C-H

        Ацетиленнің                                    Ацетиленнің құрылымдық

Электрондық формуласы                         формуласы

 Немесе ықшамдап HC≡CH деп жазуға болады.

Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.

Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp – гибридтенген күйде болады. Көміректің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомы s орбиталімен келесі екіншісі көміртек атомының sp гибридтенген орбиталімен σ байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180 бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдармен арасында екі π байланыс түзіледі.

Яғни ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасында үш байланыстың біреуі σ - , екеуі π байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С ≡ С) ұзындығы 0,120 нм, байланыс энергиясы 830 кДж/моль.

 

Алкиндердің атаулары мен изомерлері.

Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұқсас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіру керек. Көміртектерді еселі байланыс жақын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыста болса, нөмірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады.

Мысалы:

HC≡C-CH2-CH3     CH3-C≡C- CH2-CH3            HC≡C-CH2-C=CH2

    Бутин-1                 пентин-2                                       

                                                                                                CH3  

                                                                       2-метилпентен-1-ин-4

Алкиндердің радикалдары басқа көмірсутектердің радикалдарына ұқсас аталады:

                                 H-C≡C -этинил

Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар, алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарына изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар. Пентиннің С5Н8      изомерлері:

HC≡C-CH2-CH2-CH3                             HC≡C-CH- CH3  

                                                                      

                                                                       CH3  

                                                              3-метилбутин-1

CH3-C≡C- CH2-CH                       CH2=CH-CH=CH-CH3

пентин-2                                        пентадиен-1,3

 

Алкиндердің алынуы.

1.      Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат – табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе, ол көмітек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:

                             2CH4→C2H2+3H2                                                             Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кеті салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.

2.      Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200 градусқа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:    C2H6 →C2H2+2H2

3.      Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электр пеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада әрекеттестіру арқылы алады:

                                 CaO+3C→CaC2+CO

                                CaC2+2H2O→Ca (OH)2+C2H2

Алкиндердің химиялық қасиеттері.

                 Ацетилен және оның гомологтарына тән реакция:

 Қосылу , тотығу, полимерлену реакциялары.

1.Қосылу реакциялары 1) Ацетилен қатарындағы көмірсутектер галогендермен әрекеттеседі.  Мысалы , ацетилен  бром суын түссіздендіреді. Бромды қосып алу екі сатыда жүреді:

                                   НС ≡ СН + Br2          CHBr = CHBr

                                                                       1,2-дибромэтен

                        СHBr = CHBr + Br2              CHBr2 – CHBr2

                                                                       1,1,2,2-тетрабромэтан

              2) Жоғары температурада (катализатор қатысында) ацетилен сутекті қосып алады. Ацетиленді гидрлеу, қосып алу екі сатыда жүреді

                                   HC≡ CH + H2 катализатор H2C = CH2

                                                                                       этилен

                              

                                               H2C = CH2 + H2катализатор  CH3 – CH3

                                                                                              Этан

 

          3) Ацетилен күрделі заттармен де әрекеттеседі. реагирует так же со сложными веществами. Сынап (II) сульфатының қатысында  ацетилен суды қосып алады (гидратацияланады), ацетальдегид түзіледі(сірке альдегид) М.Г.Кучеров реакциясы :

                                                                       HgSO4                           O

                                   H – C ≡ C – H + HOH              CH3 - C

                                                                                                          H

                                                                                              Ацетальдегид

            Егер ацетиленге  хлорсутек қосылса, онда то образуется газ тәрізді зат винилхлорид, немесе хлорвинил түзіледі:

 

                                   HC≡  CH + HCI        CH2 = CHCI

                                                                       Винилхлорид

 

2.Тотығу реакциясы. 1) Ацетилен калий перманганатын түссіздендіреді.Яғни, ацетилен (этилен сияқты) оңай тотығады:

         2)  Ацетилен ауада күйелі жалынмен жанады.

               C2H5 +O2                C+CO + H2O

Егер қосымша оттек  немесе ауа үрлесе , ацетилен толық жанады.

                                   2C2H5 +5O2               4CO2 + 2H2O

       Ацетиленмен ауа немесе оттек қоспасы қопарылыс беруі мүмкін. Таза ацетилен қысымды 0,2 МПа(2 атм.) көтергенде қопарылыс береді,сондықтан оны ацетон ерітіндісі ретінде поралы металдармен көмірге сіңіріп (1,5-2,5 МПа қысымда) баллондарда сақтап, тасымалдайды 3. П о л и м е р л е н у  р е а к ц и я с ы.

Винилхлорид полимерленеді:

                                   CH2 = CH + CH2 = CH + ….           ( - CH2 – CH - )n

                                              

                                               CI                 CI                                      CI                                                                                                                                   

                                                                                                                   поливинилхлорид

 

 

 Мыс (ІІ)хлоридінің қатысында ацетилен димерленіп,тримерленеді              HC≡ CH+HC≡ CH                HC≡C-CH=CH2

                                                              Винилацетилен(бутен-1ин-3)                           

450-500 С –қа дейін қыздырылған көмірдің үстінен өткізгенде, ацетилен бензолға айналады.

                 3HC≡ CH           C6H6     

4.Орынбасу реакциялары

HC≡ CH+Ag2O             Ag C≡ C Ag +Н2О

  11-Б-1 көру

Ацетиленнің қолданылуы

 Органикалық  синтезде көп қолданылады. Ол синтетических каучук алуда , поливинилхлорид бастапқы өнім ретінде жұмсалады.

   Ацетиленнен сірке қышқылын, еріткіштер, (трихлорэтилен и 1,1,2-трихлорэтан)алады.

   Ацетиленді оттегінде жандырғанда өте көп мөлшерде 3150 С жылу бөледі,сондықтан металдарды дәнекерлеуде ,кесуде қолданады.

16-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Дәптерге жазу.

9-10

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Жаттығу 11-ЕТЖ-1. №3-84,  3-85-бірінші нұсқа,

                                     №3-90,  3-104 – екінші нұсқа

4-5

 

 

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Тапсырманы тексеру

1-2

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

  Параграф9;  оқу;  № 9-10 жазбаша (48 бет)1.

 

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

 

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(қ)           сабақ реті: №                            күні________

Тақырыбы

§10.Ароматты көмірсутектер.(Арендер)

 

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Оқушыларға арендер,оның ішінде бензол ,оның атом құрылысының,физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері, құрамы,құрылысы, қасиеттері,гомологтары,изомерлері  арасындағы байланыс себебтері  туралы білімді қалыптастыру;

 бензолдың электрондық құрылысының ерекшеліктерін түсіндіре білу, бензолдың гомолгтары мен изомерлерінің формуласын құрастыра білу  біліктіліктерін қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс ,жаттығулар орындау

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету ,бензол,калий перманганаты, бром суы, пробиркалар ,   11-Б-2,  11-ЕТЖ-1

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.ТҚ.алғашқы  нұсқау беру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

1.Білімді жаңғырту:

Бензол

Фронталды әңгімелесу:

1.Қандай көмірсутектерді оқыдық (қаныққан-алкандар,циклоалкандар,қанықпаған-  алкендер,  алкиндер,  алкадиендер)

2. Этанның химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар(орын басу,тотығу,айырылу) этилен және ацетиленнің.

3. Метанға гибридтелудің қандай түрі тән? Этиленге?  Ацетиленге?

   Салыстырып,кесте құрыңдар

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

Бензолдың электрондық және кеңістіктік құрылысы:

 1825 жылы Фарадей жарықтандырғыш  газда  С-92,3%;  Н-7,7%. тұратын белгісіз көмірсутекті  ашты.Ауа бойынша тығыздығы -2.69. 

Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп те атайды.

 Бірақ кейінірек аромтатты көмірсутектерге жататын көптеген заттардың хош иістері болмайтыны анықталды. Осыған қарамай, тарихи қалыптасып қалған бұл атау осы кезге дейін қолданылып келеді.

   Арендер – молекулаларының құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы   болатын көмірсутектер.

    Арендердің ең қарапайым мүшесі – бензол С6Н6

 Жалпы формуласы    болғандықтан, бензолды өте қанықпаған қосылысқа жатқызуға болар еді. Бірақ бензол бромды сумен және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді, яғни қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларға түспейді. Осылай бензолдың құрамы мен қасиеттерінің арасында біздің түсінігімізше сәйкессіздік туады. Бензол буы мен сутек газының қоспасын катализаторы бар қыздырылған түтік арқылы өткізсе, бензолдың бір молекуласы сутектің үш молекуласын қосып алып, құрылысы бізге таныс циклогексан түзіледі:

 

 

        

 

     Бензол бұл қасиетті тек циклді құрылысты болғанда ғана көрсете алады деп тоқтам жасауға болады. Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады және олар өзара қос байланыс арқылы кезектесіп жалғасады деп, бензолдың құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы

 

А.Кекуле ұсынды (1865ж)

       CH

CH            CH

 
   

 


CH            CH   

         CH

Бірақ құрамында үш қос байланысы болса, бензол қанықпаған көмірсутектерге тән қасиеттер көрсетіп , бромды су және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттесер еді.

    Сонымен бұл формула:

а) құрамында қос байланыс болғанымен, бензол неге қосылу реакцияларынан гөрі, орынбасу реакцияларына бейім;

ә) бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдарының араларындағы байланыстардың ұзындықтарды неге бірдей;

б) бензол молекуласының химиялық тұрақты болуы неліктен, т.бү сұрақтарды қанағаттандыра алмады.Бірақ Кекуле ұсынған формула бензолдың химиялық қасиеттерін толық сипаттамағанымен, осы уақытқа дейін қолданылып келеді.

    

XX ғасырдың басында ғана әр түрлі физикалық тәсілдерді пайдаланудың арқасында, бензол молекуласының құрылысын түсіндіруге мүмкіндік туды. Бензол молекуласы жазық пішінді. Барлық атомдары ұқсас, электрон тығыздығы бірдей бөлінген, көміртек атомдарының арақашықтықтары өзара тең. Бензол молекуласы тең қабырғалы жазық алтыбұрыш пішінді болады.

   

 

 

 

   

 Бензолдағы әр көміртек атомының бір s-электроны мен р-электрон бұлттары гибридтеліп, sp² - гибридтенген күйде болады да, бір р-бұлты гибридтенуге ұшырамайды. Үш гибридтенген орбитальдар бір жазықтықта орналасып, екі жағындағы көміртек атомдарымен және бір сутек атомы орбитальдарымен қаптасып, үш δ – байланыс түзеді. Әр көміртектің гибридтенбеген р-орбиталі осы жазықтыққа перпендикуляр орналасып, екі жағындағы көміртектердің өзіндей орбитальдаррымен қаптасады. Бұл қаптасулар гибридтенген орбитальдар жатқан жазықтықтың екі жағында жүзеге асады. Нәтижесінде, бензолдың алты көміртек атомының 2р-орбитальдарының қаптасуы салдарынан біртекті -байланыстар түзіліп, ортақ  π-электронды тұйық жүйе пайда болады.

     

      Барлық көміртек атомдарының s-байланыстары мен р-электрон тығыздығының біркелкі бөлінуі нәтижесінде едәуір берік және бірдей «ароматты» байланыс түзіледі.Яғни, бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдары арасындағы байланыстар «таза» дара байланыстардан да, қос байланыстардан да өзгеше болады. Бензолдың бұл қарастырылған құрылымдық формуласы жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Бензол молекуласының барлық алты қабырғаларының ұзындықтары бірдей 0,140 нм-ге тең болады. Бензолдағы С-С байланыстардың энергиясы 490 кДж ⁄моль-ге тең дара байланыс пен қос байланыстар мәндерінің арасындағы сан болады.

     Молекуласында электрон тығыздығының біркелкі бөлінуін ескеріп, бензолдың құрылымдық фолмуласында ортақ байланысты тең қабырғалы алтыбұрыштың ішіндегі дөңгелек арқылы да бейнелеуге болады

Арендердің гомологтары, атаулары мен изомерлері.

Ароматты көмірсутектері жүйелеу номенклатурасы бойынша арендер деп атайды. Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда, бензолдың гомологтары түзіледі:

             -       -         -           -

             Бензол                    метилбензол              этилбензол                          пропилбензол

Бензолдың гомологтарын атау үшін қалыптасқан тривиальді атаулар да қолданылады: метилбензолды толуол, диметилбензолды ксилол,изопропилбензолды кумол, винилбензолды стирол деп атайды.

Молекуласында бірнеше радикалдары бар қосылыстарды атау үшін бензол сақинасындағы көміртек атомдары нөмірленіп, қосылысты атағанда орынбасардың орны сандар арқылы көрсетіледі.

      Егер бензол молекуласының екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, онда бензолдың орто-,мета-, пара- туындылары түзіледі. Оларды атағанда, қысқаша бірінші әрпімен белгілейді: орто – о, мета – м, пара –п. Немесе әріптердің орнына сандар арқылы белгілеулер де қолданылады.

     - тобы фенил радикалы, -- бензил радикалы деп аталады.

Арендердің изомерлері:

а) бензол сақинасымен байланысқан бүйір тізбектегі радикалдардың орнына;

ә) радикалдардың табиғатына және екеуіне қатар байланысты болуы да мүмкін. Метилбензолдың изомерлері болмайды. Изомерлену этилбензолдан басталады.  - қосылысының төрт изомері болады:

 

 

 

 

 

                                                                      

               
               
 

 


                                                                                     

Оме                                                                                                   

 

  

 Этилбензол    1,2-диметилбензол  1,3-диме1,4-диметилбензол  

Алынуы:

  *Ароматты қосылыстардың табиғи көздері мұнай және тас көмір өнімдері.Тас көмір шайырынан ( смоласынан)  бензолды алғаш рет бөліп алған ғалым Глаубер, Фарадей  де бензолды табиғи заттардан, Митчерлих бензолды бензой қышқылынан  декарбоксилдеу арқылы алған:

* алкандарды дегидрлеп,бірден катализатор қатысында тізбекті тұйықтау.      (риформинг) :

*  Ацетиленді тримерлеу ол (  катализатор –активтелген көмір ).   Арендерді алудың негізгі әдісі: 

* Зелинский реакциясын еске түсірсек мұнай құрамындағы циклогександы катализатор қатысында 300градус температурада дегидрлеп бензол алды.

                Циклогексан                                  бензол

 Катализатор ретінде басқалармен салыстырғанда неғұрлым арзан хром оксиді алынады. Осылайша  арендер өкілдері алынады:  бензол,  толуол,  ксилол  

Бензолдың химиялық қасиеттерін 3 бөліккке бөліп қарастырамыз: 1.Ароматты қатардағы орын басу реакциясы.

2. Ароматты қатардағы қосылу  реакциясы.

3.Бүйір тізбектен қосылу реакциясы.

 

   * Ароматты ядрода қозғалғыш ,  п-электрон болғандықтан,  электрофильді реагенттің әректтесуіне бейім болады. Сондықтан ароматты қосылыстарға электрофильді орын басу реакциясы тән.Оларға алкилдеу- ядроға алкил тобын енгізу,  ацилдеу – ядроға ацил тобын енгізу  R-C=O,  нитрлеу – ядроға нитро тобын енгізу  NО2,  сульфурлеу – бензол ядросындағы сутек атомын сулфур тобымен алмастыру. Бензол молекуласындағы сутек атомын мета-орынмен алмастырады,ал амин тобы мен галогендер орто-орынмен алмастырады:

 

2. *Кәдімгі жағдайда ароматты көмірсутектер қосылу реакциясына түспейді,бром суын,калий перманганатын түссіздендірмейді . Бірақта бензол  жоғары температурада катализатор қатысында сутегін қосып алып циклогексан түзеді.Ультракүлгін сәулелердің әсерінінен бензол хлорды қосып алып гексахлрциклогексан түзеді.Бұл қосылысты 1826 жылы алғаш  ашқан Фарадей:

 

3.*Безол ядросына әр түрлы тотықтырғыштар әсер етпейді. Бірақ өте күшті тотықтырғыштар әсерінен бензол ядросы тотығады. Бұл жағдайда бензол  ядросы бұзылып ,екі негізді қышқыл қоспасы түзіледі. 

 

Бүйір тізбегінде қанықпаған радикалы бар бензол туындылары полимерлену реакциясына түседі.

 

Бензол жанғанда өте көп мөлшерде күйе түзіледі                                                                               

14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Жаттығуды тексеру.

Есеп шығару:

13.44 г ацетиленнен 12 г бензол алынды.Бензол шығымын теориялық мүмкін болатын шығыммен салыстыр.

Реакция теңдеулерін жаз:

Метан---ацетилен---бензол----циклогесан

6-8

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығу орындау.3-1 -3.30 (11-ППР-1) 101бет:  5 тапсырма нұсқаға бөліп орындау.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:

 параграф  5.1;  № 10,11 – жазбаша.

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

 

1-2

Жаңа ұғым

Арендер,  ароматты,  бензол сақинасы,  бензол ядросы, ароматтылық,  орто-,  мета-,  пара орынбасушылар¸  Кекуле формуласы, фенил –радикалы,  полиядрлы арендер. 

 


 

 

 

 

 

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

 

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(қ)           сабақ реті: №                            күні________

 

Тақырыбы

§11.Улы және қопарылғыш заттар.

 

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Оқушыларға пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер,фунгицидтер, қопарылғыш заттар туралы білімді қалыптастыру;

 Олардың қоршаған ортаға халық шаруашылығындағы қолданылуы мен қоршаған ортаға зияны туралы білімді қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 

Сабақ типі:

жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс ,жаттығулар орындау

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап,  дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету ,бензол,калий перманганаты, бром суы, пробиркалар ,   11-Б-2,  11-ЕТЖ-1

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.ТҚ.алғашқы  нұсқау беру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

  Улы және қопарылғыш заттар

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды әңгімелесу:

1.Қандай көмірсутектерді оқыдық (қаныққан-алкандар,циклоалкандар,қанықпаған-  алкендер,  алкиндер,  алкадиендер)

2. Этанның химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар(орын басу,тотығу,айырылу) этилен және ацетиленнің.

3. Метанға гибридтелудің қандай түрі тән? Этиленге?  Ацетиленге?

   Салыстырып,кесте құрыңдар

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

 

                                                                             

14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Жаттығуды тексеру.

Есеп шығару:

 

6-8

 

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығу орындау.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:

 параграф  11;  № 3-5 – жазбаша.(60бет)

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

  Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

 

1-2

Жаңа ұғым

пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер,фунгицидтер, қопарылғыш заттар .

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МГ № 162               МГ № 162              МГ № 162                МГ  № 162

Химиядан сабақ жоспары    Пән мұғалімі Сыдықбекова Т.Н.

 

Сыныбы – 11(қ)           сабақ реті:                              күні________

 

Тақырыбы

§ 12.13.14.Көмірсутектердің табиғи көздері.Кокстеу өндірісі.Мұнай.Мұнайдың құрамы,қасиеттері және алынатын өнімдері. Қазақстандағы  көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір  өндірілетін орындар,олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу,талдау,жүйелеу, көмірсутектердің табиғаттағы айналымын көрсететін реакция теңдеулерін  құру  дағдыларын   қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау 11-Б-2 көрсету .

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2

 

1.Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

  -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

  -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.  (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

 -оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Көмірсутектердің табиғи көздері.Мұнай, мұнайға серік газдар.

1.Білімді жаңғырту:

Фронталды сұрақтар қою:

* Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер кіреді?

*Мұнай мен газдың қалай түзілетінін түсіндіріңдер?

* Казахстандағы мұнай мен табиғи газдың ірі  кен орындарының қай жерде орналасқанын көрсетіңдер ?

 

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:  

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;  

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды    

  шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

ации

1. «Табиғи газ-химия өндірісінің маңызды шикізаты»,  «Мұнайға серік газдар»тақырыптарына оқушылардың дайындаған хабарламалары

2. 11-Б-2 қолданып дайындаған мұғалімнің толықтыруы:

ТАБИҒИ ГАЗ

*Табиғатта кездесуі және құрамы.Біздің ғаламшардағы табиғи газдың қоры өте көп  (шамамен 10 м).   Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі метан.Сонымен бірге онда этан, пропан, бутанда бар.Мынадай заңдылық бар: егер көмірсутектің молекулалық массасы неғұрлым үлкен болса,онда ол соғұрлым табиғи газда аз болады.

Казахстандағы газдың  негізгі кездесетін орны :

 *Қолданылуы. Табиғи газ жанғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді,сондықтан ол энергиялық тиімді, әрі арзан отын ретінде жылыту қазандықтарында,домна   пештерінде,мартен,шын жасау пештерінде қолданылады.Табиғи газды өндірісте қолдану еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар газды жақанда одан көмірқышқыл газы мен су буы бөлінетіндіктен  ауа онша ластанбайды. Табиғи газ химия өндірісінің маңызды шикізат көзі: ацетилена, этилена, сутек,көмір,әртүрлі хлортуындылар алынады.  Бұл заттар өз кезегінде спирт,жасанды каучук,түрлі пластмассалар,сірке қышқылы,бояғыштар,дәрі-дәрмектер,тағы да басқа заттар.

 

Хлорсутек                                                                синтетикалық каучук

                                                                                         пластмассалар

Хлортуындылар                                                       еріткіштер

 

(еріткіштер,мұздатқыштар)                                           

                                   СН4                            ацетилен

                            Метан                 күйе

 

Синтез-газ                                        сутек                күкіртсутек

 

Оттекті органикалық заттар                         аммиак

                                                                     (тыңайтқыш)

*Табиғи газды сығу арқылы пропан мен  бутан қоспасын бөліп алады. .Табиғи газ фракцияларға бөлінеді:

1.құрғақ газ – метан мен и этан қоспасы, химичлық шикізат есебінде қолданылады ,оны крекингілеу арқылы күйе, сутек ,еріткіштер алады:

 СН4------------С+2Н2

 2СН4----------С2Н2+3Н2

 С2Н6-----------С2Н4+Н2

 СН4 +О2------2СО +4Н2----------2СН3ОН

 СН4+2Н2О------СО2+4Н2

Күйе автомобиль шиналарын жасауда, бояғыш зат ретінде,сутек,   органикалық синтезде қолданылады;

2. Пропан-бутан қоспасын дегидрлеу арқылы химиялық белсенді қанықпаған көмірсутектер алынады:

 С4Н10------------ С2Н6 +С2Н4

 С2Н6------------ С2Н2 +2Н2

п Н2С==СН2--------( --Н2С—СН2--)п

   этилен                    полиэтилен      

 

Көмірсутектерден каучук,  пластмассалар алынады.

Табиғи газ  арзан отын есебінде –химия өндірісі үшін бағалы шикізат .

МҰНАЙҒА СЕРІК ГАЗДАР

 *Мұнайға серік газдар мұнайдың астыңғы қабатында ,немесе онда қысыммен еріген күйде болады. 1т мұнайда 30 дан 300 м  газ болады. Мұнайға серік газдарды бұрындары  жештеңкеге қолданбай жағып жіберетін.Ал қазіргі кезде оларды арзан отын ,химия өндірісінің бағалы шикізаты ретінде қолданылады.Табиғи газға қарағанда,серік газдарда метан мөлшері аз,бірақ оның гомологтарының мөлшері көп.Серік газдарды тәжірибелік мақсатта былай жіктейді (1 кесте).

 1- кесте.Мұнайға серік газдар сипаттамасы

Аталуы

Құрамы

Қолданылуы

 Бензин газы

 Пентаа, гексан және басқа көмірсутектер қоспасы

Ббензинге двигатель жұмысы хақсы болу үшін қосады.

Пропан-бутан фракциясы

 Пропан мен бутан қоспасы

Сығылған газ түрінде  отын ретінде қолданылады.

Құрғақ газ

 Құрамы бойынша табиғи газға келеді.

СН және Н  және басқа заттар алу үшін, отын есебінде қолданылады.

        

Мұнайға серік газдардан алынатын заттар:

 

Парафиндер С1-С4

Серік                             этилен

мұнай газы

бутадиен                                                                                    этил спирті

                                                                                                   пластмассалар

жасан. каучук                      бутен              пропилен                еріткіштер

                                           еріткіштер

              Кокстеу:  шикізат ретінде таскөмір қолданылады, өңдегенде жұмсқ поралы  металлургиялық коксқа айналады. Коксты металлургиялық заводтарда  домна пештері үшін қолданады. Кокс пешінен бөлінетін тура кокс газы –бұл газдар мен будың қоспасы,одан конденсация арқылы су мен аромат көмірсутектер шайыры, адсорбциялап аммиак алады.Одан қалған газ қоспасын қалған кокс газы деп атайды .

  Кокс газы – күделі қоспа,құрамы %:

Н2-  54-59,               СН4-23-28,                 СО-5-7,               N2-3-5,

CmHn-  2-3,             СО2- 1,5-2,5;             О2- 0,3-0,8.

                                                                                                            3

    Жану жылуы 16700- 17200 кДж/м.     Кокс газы кокс және   домна  пештерінде немесе химиялық шикізат ретінде қолданылады.

Кокс пеші -  70  камерадан тұратын жоғары температураға төзімді реактор батареялары.

Тас көмір шайыры –бұл 300 түрлі заттар қаспасынан  тұратын күрделі сұйық қоспа.Бұлар- нафталин,  фенантрен,  карбазол,  антрацен,  фенол,  крезол,  пиридин негіздері,аз мөлшерде   бензол,  толуол,  ксилол,жоғары температурада қайнайтын жоғары молекулалы қосылыстар.Фракцияларға айырғаннан кейін қалған қалдықты электродтар, оқшаулағыш материалдар жасау үшін пайдаланады(гудрон,  пек).

Соңғы жылдары көп  жылу бөлетін күн энергиясын ,ядролық энергияны қолдану үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады.Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.  

Ø  Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70 пайызға дейін. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен 160 миллиард тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар.Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.

    Қазақстанның ең ірі көмір базасы-Қарағанды көмір алабы.Республикамыздың орталық бөлігінің 3000 км ауданының алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары – Абай,Сарань,Шерубайнұра,Шахтинск,Михаеловка және т.б. Көмір қатпарларының тереңдігі 50-300метрге дейін, ал Михаеловкада көмір жер бетіне өте жақын жататындықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы  елімізде жұмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы – Екібастұз. Ол 200 км жуық шағын ауданды алып жатса да,жалпы қоры 17 млрд тоннадай. Екібастұз алабының артықшылығы көмір қабаттарын жер бетіне жақын 100 метрге дейін жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік құны арзанға түседі. Екібастұз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары – Алып, Солтүстік және Шығыс кеніштері.

      Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштерін қатарына : Қостанай облысындағы Құсмұрын , Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы кендірілікті жатқызуға болады.Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және темір жол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.

Ø  Мұнай мен газ- көмірге қарағанда –жану жылуы жоғарғы отын әрі химиялық өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қазақстанда алғаш рет мұнай бірінші рет дүниежүзілік соғыс кезінде досор, Ембі және Мақатта өндірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 160-тай мұнай кен орны жұмыс істейді. Ал  60-қа жуық кен орында зерттеу жүргізілуде.Негізінен, республикамыздың батыс өңірі – мұнайлы өлке болып табылады.

      Атырау өңірін ең алғаш орыс ғалымы Н.А.Северцев зерттеген. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор туралы есебін жариялаған. Сөйтіп 1899 жылы Атырауда алғашқы мұнай ұңғымасынан мұнай атқылады. Теңіз, Мақат Атырау облысында;Шұбарқұдық, Кеңқияқ Ақтөбе облысында; Қаратөбе, Мартыши, Камышин Орал облысында; Оңтүсітік Маңғыстауда Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат, Өзен, Теңге т.б.; Қызылордада Құмкөл және Қумасай, Қызылқия, т.б. кен орындары бар.

Ø  Табиғи газ өндірісі- Қазақстанның ең жас өнеркәсіп саласы. Табиғи газ, негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі алабында, Орал, Атырау кеніштерінде өндіріледі.2001 жылы Жамбыл облысында Амангелді кен орны ашылды. Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры – 9,5 трлн м болып есептеледі.Оның 68 пайызы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

Ø  Қазақстанда мұнай және газ өндірісінің өсуіне байланысты оларды өңдейтін кәсіпорындар да даму үстінде. Мысалы, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Мұнай өндіру және мұнай- химия өнеркәсібінің дамуына байланысты қоршаған ортаны

қорғау мәселелеріне де көңіл бөлініп отырады..

Ø  Экологиялық ахуал

Мұнай суда ерімейтін болғандықтан, суға төгілсе, судың бетін бүркеп, оттектің, ауа құрамындағы басқа газдардың еруіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде, табиғи су қоймаларындағы микроорганизмдер мен жануарлардың тіршілігі жойылады. Мұның соңы экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін.

      Мұнай қалдықтарын қорек ретінде пайдаланып, зиянсыз өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігі анықталған. Соларды мұнайды өндіру, тасымалдау және өңдеумен байланысты туындайтын ластанулар кезінде пайдалану арқылы қоршаған ортаны экологиялық   тұрғыдан қауіпсіз етіп,қорғау мүмкіндігі қарастырылды.

      Теңіз кен орнында қоршаған табиғи ортаның жағдайына кешеді мониторинг жүргізіледі. Мысалы, «теңіз-шевройл» компаниясы шаруашалық қызметінің қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсерін бақылаудың ТМД елдері ішіндегі ең озық жүйесі жұмыс істейді.

Ø  Экономикалық тиімділігі

Мұнай мен газды тасымалдауға байланысты Каспий мұнай құбыры консорциумы, «Батыс Қазақстан-Баку- Джейхан» мұнай құбыры, « Қазақстан- Түркменстан-Иран» мұнай құбыры, « Кеңқияқ-Құмкөл-Қытай» мұнай құбыры, т.б. жобалар іске асырылуда. Олай болса, дұрыс ұйымдастырылған мұнай және газ өнеркәсібі біздің ұлттық экономикамыздың өркендеуіне, жалпы халықтық әлеуметтік тіршілігінің жақсаруына септігін тигізері сөзсіз.

 

20-22

 

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1.  - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

    -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

    - кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

 

Жаттығу орындау 1-5  (143) -1 деңгей,  9,10 (143)-2 деңгей

 

2-3

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

 

Қорытынды:

1. Табиғи газда метан  80-95 %; ал серік газдарда  – 20-25 %.

2. Табиғи газды жылу электростанцияларында,    завод қазандықтарында,әр түрлі өндірістік пештерде қолдану кокс шығынын азайтып үнемдеуге,шойындағы күкірт мөлшерін азайтуға, пештердің енбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

3.Т.Г күнделікті қолданудың маңызы зор.

 4. Т.Г бұл көмірсутектердің  маңызды көзі..

5.МСГ- жақсы отын және барышша маңызды шикізат.

6.бұл газдың қолданлуы ,табиғи газдың қолданылуынанда кең көлемде,метанмен бірге оның құрамында этан, пропан,бутан, пентанның да мөлшері бірщама.  .

7. МСГ қолдану үшін оны фракцияларға бөледі

8.Бұрын мұнай өндіргенде серік газдар қолданылмай, өртелетін.

 

1. Дәптерге жазу.

2.  5 –кестемен жұмыс .71 бет

 

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі: 

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

 

 параграф 12,13,14.№ 6-8 – жазбаша орындау.

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.  

1-2

Жаңа ұғымдар

Табиғи және мұнайға серік газдар,құрғақ газ, фракциялар,  пропан – бутан қоспасы.  

1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив