«Бір ел - бір кітап» акциясы (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша өткен оқырмандар конференциясы)

Шығыс Қазақстан облысы
Аякөз ауданы
«Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ
Кітапхана меңгерушісі Дүйсембаева Т. Б
Конференцияның мақсаты: «Бір ел – бір кітап» акциясы барысында І.Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясын насихаттауға арналып отырғандықтан Ұлы тұлға І.Есенберлиннің шығармаларымен, өмір жолымен таныстырып терең білуі, өз тарихымызды келешек ұрпақ біліп өсуі.
Акцияның мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мәдениетімізді сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу, сондай – ақ оқырмандарды кітап оқуға, кітапханаға баулу.
Көрнекілігі: слайд көрсетіледі, І.Есенберлиннің шығармалары бойынша «Қазақ тарихындағы өшпес тұлға» кітап көрмеге библиографиялық шолу.
Оқырмандар конференциясының өту барысы:
1. «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихына тоқталу.
2. Жазушының өмірбаяны.
3. І.Есенберлинің «Көшпенділер» трилогиясының жазылу тарихы.
4. Романнан үзінділер оқып танысу.
а) Шыңғысханның балаларына өсиеті.
ә) Абылай мен Бұқар жырау.
б) Уали сұлтанның баласы Абылай.
в) Абылайдың ақ бурасы.
г) Абылайдың түсі.
д) Абылайдың өлер алдындағы өкініші.


Конференцияның негізгі арқауы: . Қазақстан халқы үшін 2015 жыл аталып өтетін мерейтойларға толы жыл болды. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл, ҚР Конституциясының қабылданғанына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылырдың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері І. Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа – тұс келіп отыр.
«Көшпенділер» трилогиясы арқылы әлемге аты танымал болған жазушы І.Есенберлин шығармалары ұлттық намыс пен отансүйгіштікке шақырған туындылар. Олардың бүгінгі оқырман үшін де маңызы өте зор.

Сұрақтар:
1. І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?
2. Жазушының қандай кітаптары бар?
3. «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс – әрекеттері мен көздеген мақсаттары.
4. Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық алды?
Қорытынды: Ілияс қарымды, ауқымды қаламгер еді. Ол тарихпен ғана шектелген жоқ. Жазушы қаламынан туындаған роман – повестер , өлең – дастандар, әңгіме, очерктер бір төбе. Үлкен де, жас та сүйіп оқып, кейіпкерлермен бірге толғанған.Шығарма кейіпкерлері тағдыры асқақ, адамгершілігі мен ары, парасаты мен білімі арқылы оқырманын бей – жай қалдыра алмайды. Кейінгі кезекте І.Есенберлиннің жарияланып жатқан тарихи шығармалар оқырмандардың игілігіне айналды. Енді қазір сөз түзелген, дүние оң жолға бет бұрған шақта І.Есенберлиннің қадірін, адамдық, отаншылдық қасиеттерін бұрынғыдан да айқынырақ тани түскендейміз.
Қысқасы, ондаған романдармен халқымыздың өміріндегі әртүрлі кезеңдерді шынайы бейнелеген І.Есенберлин қазақ әдебиетінің белді қаламгері болып, оқырманның қалаулы жазушысына айналды.

0 пікірлер

Пікір қалдыру