«Үштілділік – заман талабы»

Шығыс Қазақстан облысы
Аякөз ауданы
«Ақши жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ
Кітапхана меңгерушісі Дүйсембаева Т. Б
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баулу.
Көрнекілігі: кітап көрмесі, плакаттар, шарлар
Талқыланатын тақырыптар: 1. Кіріспе сөз. "Тіл-тіршілік тынысы"
2. "Үштілділік-заман талабы"
3. "Тіл-қатынас құралы" үш ел өкілдерінің тілегі
4. Оқушылардың үш тілде тіл тақырыбында тақпақ оқу
5. Үш елден келген өкілдердің тілге деген көзқарасы
6.Қазақстандағы барша тілім, ділім, Отаным деген бауырларға жүрекжарды үндеу
7. Қорытынды.
Өту барысы:
1. "Тіл-тіршілік тынысы"
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! бүгін біз тіл тақырыбында "Үштілділік - заман талабы" атты оқырмандар конференциясын өткізгелі отырмыз. Бұл конференция Тілдер күні мерекесіне арналған.
Өткідің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас, - деп ұлы абай атамыз таңырқап, тағзым еткен болса, Елбасымыз Н.Назарбаев "Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде" деген. Олай болса, оқушылар сендер ұшқыр ойлы, өткір тілді, ана тілінің тұғырын биікке көтеретін еліміздің ұланысыңдар!
Жүргізуші: Егемендік алғаннан кейін 1997 жылы11 шілдеде Қазақстан Тіл туралы Заң қабылданды. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып сайлынды. Қазақ тілі өте бай, терең мағыналы көркем тіл. Тіл туралы Заң 27 баптан, 6 тараудан тұрады. Қыркүйектің 22 күні – Қазақстан халықтарының тілдер күні болып аталыпкеледі.
Кітапханашы: бүгінгі өткізгелі отырған конференцияға әр ұлт өкілдері, тіл мамандары қонақта, таныс болыңыздар:Жомартова Гүлдана – Қазақ филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахметжанов Бауыржан – Ресей мемлекеттік тіл дамыту институтының директоры, Нүрекеева Жібек – Ағылшын филология ғылымдарының докторы, Төлеутаева Альмира – қаза мемлекеттік тіл дамыту институтының директоры, Серікханова Әсел – Ресей филологы, профессор, Қалиев Мадияр – Ағылшын мемлекеттік тіл дамыту институтының директоры.
1-оқушы: Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі- халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»
2-оқушы: Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімсен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту, бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүргендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған»
3-оқушы: Абай Құнанбаев: «Қайран тіл, қайран сөз-наданға қадірсіз....»
4-оқушы: Ғабит Мүсірепов: «Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ»
5-оқушы: Қадыр Мырзалиев: Дәулет деген – ұғыңдар!
Кеше барда , бүгін жоқ.
Тілің болса, күнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ...
ІІ. «Үштіліділік – заман талабы»
Жүргізуші: ҚР-жалпы тарихи тағдыры ұштасқан, жүз отыздан астам этникалық топтар өкілдерінің ұлт бірлігі топтасқан, серпінді даму үстіндегі ел. Бұл тәуелсіз елімізді өз Отаным деп санайтын ұлт өкілдерінің бірлікте, татулықта өмір сүруі ел үшін аса маңызды жағдайлардың бірі.
Кітапханашы: «Тіл-халықтың ең ұлы байлығы» деген қазақ қағидасы бар. Кез келген адам үшін осы қағиданың маңызы зор. Аталған маңыздылық Елбасы биылғы жылғы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында айқын көрсетілген. «Көпұлттылық пен көптілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады
Бүгінгі конференциямыз осымен аяқталды. назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

0 пікірлер

Пікір қалдыру