Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс

Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс
Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай селосы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна

Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс


Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі тәңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Талғат Жақыпбекұлы
05.08.1922 ж. туған. Ақмола обл.,
Ақмола ауд., Майбұлақ а. шаруа
отбасында туған. 16 жасында аэроклубта оқыды. 1942 ж. Чкалов әскери авиация училищесін бітірді. 1943 ж. 144 – гвардиялық шабуылшы авиация полкінің құрамында Калинин, Воронеж, Даналық, 1 және 2 – Украин майдандарында шайқасты. Жауға қарсы 305 дүркін ұшып шықты.
1950 ж. Әскери – Әуе Күштерінің академиясын бітіріп, авиация полкі командирінің орынбасары және штаб бастығы болады. «305 рейдов» 1966 ж. Фрунзе, «ИЛ-ы атакуют» 1966 ж. Алматы, «Аспандағы айқас» 1967 ж. Алматы атты жолдарын баяндайтын естеліктердің авторы.
Ленин ордені, 2 рет Қызыл ту ордені, 1-2 дәрежелі Отан соғысы ордендері, Александр Невский ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдармен наградталған.


Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс

0 пікірлер

Пікір қалдыру