Мұқағали Мақатаев

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі,  шығармашылығы мен таныстыру . Поэзияға деген қызығушылығын арттыру,өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.Өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына , Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.                                                                                                                                              Көрнекілігі: Ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі .                                                                              Кітапханашы: –  Абайдың мұңын, Мұқанның сырын жеткізген өлең деген киелі өнердің майталмандары аз болып па еді ?! Халқына деген махаббатын жүрегіннің сырлы да нұрлы сезімін әсем өрнекті шумақпен жеткізген ақын деген халықтың қазынасы- халық, махаббаты- өлең болған. Түн мен таңды алмастырып шабыт күткен қазақта небір шайырлар болғаны рас. Талайлары қилы кезеңннің , сайқал кертартпа саясаттың құрбаныда болды. Ақын деген алмас тілді, жалын жүректі, қызу қанды халық...

Кітапханашы: - Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!  «Мұқағали мұз балағы даланың.» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.

                                              Әуен -ойналады

Кітапханашы: Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев  Алматы облысының, қазіргі Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында 1931 жылдың 9 ақпанында дүниеге келген.  Мұқағалидың әкесі калхозда- шалғыншы, сушы болып жұмыс істеген, қарапайым адам болыпты. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі Сүлеймен майданға аттанады. Ол кезде небары 10 жаста болған екен. Мұқағали Мақатаев тағдырдың ащы дәмін ерте татты. Ақын мектеп табалдырығында жүргенде өлең қақпасын ашып кіре бастаған. Әкесін сағынып жүріп, 1941 жылы 10 жастағы Мұқағали «Әкеме» атты алғашқы өлеңін жазған еді.

 Мұқағали Мақатаевтың   «Әкеме » өлеңін  оқитын  5 сынып оқушысы

                         Мұқағали Мақатаевтың -  жаңды дауысы  

Кітапханашы: Дара ақын М. Мақатаев жөніндегі өлеңдері бірде қуантады, бірде мұнайтады, бірақ естелікті әркім өз мүмкіндігінше өз деңгейіне сай  сезінеді. Ақынның жаны нәзік әрі тәкаппар, ақын қанша жаратылысынан өзімшіл болғанымен, өзін кіші сезінетін оның алдында қорқатын, сескенетін бір ұлы күш бар, ол ұлы халқы.

Өлең: «Халыққа хат» оқитын: 8 сынып оқушысы

Жүргізуші: Әділдіктен айырмай еш бақытын,

Тірісінде жырлаған бр жақұтын

Халқын, тілін қастерлеген Отанын

Өлең: « Үш Бақыт» оқитын, 8 сынып оқушысы                                                Мұқағали Мақатаев  «Аққулар ұйықтағанда» көрініс   

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев «Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне кәміл сенемін. Ол- ақын. Ақырға сөз соныкі.» деп өзінің поэзияға деген сүйіспеншілігін жеткізеді.

Өлең: «Поэзия» оқитын  9 сынып оқушысы .

  Сөзін жазған М. Мақатаев «Сәби болғым келеді» әнді орындайтын,                                                                                                       9 сынып оқушысы .

М.Мақатаев – өмірдің рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты ақын. «Жазылар ,естеліктер мен туралы »,- деп ақынның өзі жайдан - жай айтпаған ғой. Олай болса ақын туралы естеліктерге кезек берсек

Өлең: «Жазылар естеліктер мен туралы» оқитын, 8 сынып оқушысы .   «Шаттық» биі   6 орыс сыныбының оқушысы Нигметова  Гаухар

Жүргізуші:                                                                                                                                             Ана- өмір сыйлаушы,

 бала – бағбаншысы, ақынның ана,  әйел туралы жырлаған өлеңдері көп.

Өлең: «Әйелдер - ай» оқитын , 5 сынып оқушысы.

Ән: «Саржайлау» орындайтын, 5 сынып оқушысы .

Өлең: «Бабаларым, рахмет сендерге» оқитын, 5 сынып оқушысы .

                                          Әуен – ойналады                                    

Жүргізуші: «Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана, - деп арым- өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршщағанға әл, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.

             Қарасөз, қара шалғын өлеңде өстім

             Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

             Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

             Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -

деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұралары ешқашан да өлмек емес.Кеш соңы әнмен аяқталады.

     

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив